Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Бұрын рақымшылық немесе кешірім жасалған адамға, ол қайтадан қасақана қылмыстар жасаса Рақымшылық туралы заңның күші қолданылмайды

Бұрын рақымшылық немесе кешірім жасалған адамға, ол қайтадан қасақана қылмыстар жасаса Рақымшылық туралы заңның күші қолданылмайды

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Бұрын рақымшылық немесе кешірім жасалған адамға, ол қайтадан қасақана қылмыстар жасаса Рақымшылық туралы заңның күші қолданылмайды

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының 2017 жылғы 16 ақпандағы үкімімен М. бұрын сотталған (соттылығы жойылған), ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Рақымшылық туралы заң) 4-бабының 2-тармағына сәйкес негізгі жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің төрттен бірі қысқартылып, сотталған М.-ға 2 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жаза шартты деп саналып, жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, міндеттер жүктелген. Заттай дәлелдемелер тағдыры ҚПК-нің 118-бабының талаптарына сәйкес шешілген. Сот үкімімен М. ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған. Іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығында сотталған М.-ға қатысты сот үкімін жазаның дұрыс тағайындалмауына байланысты өзгертуді сұраған. Сотталған М.-ның кінәсі басты сот талқылауында егжей-тегжейлі, мұқият тексеріліп, тиісті бағасын алған дәлелдемелермен, атап айтқанда, сотталғанның өз кінәсін мойындаған және жәбірленуші Ж.-ның, куә К.-нің айғақтарымен және іске тіркелген оқиға болған жерді қарап-тексеру, беттестіру хаттамаларымен, заттай дәлелдемелермен және басқа айғақтардың жиынтығымен толық бекітілген. Сотталған М.-ның іс-әрекеттері ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен дұрыс сараланған. Алайда бірінші сатыдағы сот сотталған М.-ға Рақымшылық туралы заңды дұрыс қолданбай, оған дұрыс жаза тағайындамаған. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабы 7-тармағында осы заңның күші бұрын рақымшылық жасау немесе кешірім жасау қолданылған, қайтадан қасақана қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды делінген.

Бұрын рақымшылық немесе кешірім жасалған адамға, ол қайтадан қасақана қылмыстар жасаса Рақымшылық туралы заңның күші қолданылмайды

Іс материалдарынан анықталғандай, М. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының 2001 жылғы 13 қыркүйектегі үкімімен ҚК-нің 175-бабы 2-бөлігінің «в» тармағымен 2 жылға бас бостандығынан айырылып, бір жыл сынақ мерзім беріліп, шартты түрде сотталған. Алайда 2002 жылғы 13 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 19 ақпандағы Заңының 7-бабына сәйкес тағайындалған жазадан босатылған. Сондықтан, сотталған М. бұрын Рақымшылық туралы заң қолданылған адам қатарына жатады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы М.-ға қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертіп, оған Рақымшылық туралы заңды қолданған бөлігінің күшін жойып, М. ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған деп санады. Үкімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылып, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы қанағаттандырылды. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2016 жылғы 3 тамыздағы үкімімен Т. бұрын сотталмаған, ҚК-нің 371-бабының 1-бөлігімен, 366-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 371-бабының 1-бөлігімен 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 1 060 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынған, ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігімен мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік мекемелерде және ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 7 000 000 теңге айыппұл салынған. ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік мекемелерде және ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 7 000 000 теңге айыппұл салынған. Қылмыстық іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес сотталған Т. Алматы қаласы Әділет департаментінің «Бостандық ауданының аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы лауазымында бола тұра, 2016 жылғы 27 мамырда жәбірленуші Р.-ға қатысты шығарылған уақытша шектеу туралы қаулының күшін жою үшін, соңғыдан 140 000 теңге мөлшерінде пара алғаны анықталған. Тергеу органы сотталғанның іс-әрекетін ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен, яғни айтарлықтай мөлшерде пара алу деп сараланған. Сот үкімімен сотталған Т. лауазымды тұлға бола тұра, пара берушінің пайдасына жасаған әрекеттері үшін пара алғаны және жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқтырған өз қызмет міндеттеріне ұқыпсыз қарап, тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танылған. Бірінші сатыдағы сот сотталған Т.-ның кінәсін іс бойынша жинақталған және басты сот талқылауында жан-жақты толық, объективті бағалап, зерттелген дәлелдемелермен күмәнсіз анықтаған.  Алайда, бірінші сатыдағы соттың Т.-ның айтарлықтай мөлшерде немесе заңсыз әрекеттері үшін пара алмағанын, сол себептен оның қылмыстық әрекеттері ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігінен ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігіне қайта саралануға жатады деген тұжырымы негізсіз және іс құжаттарына сәйкес келмейді. ҚК-нің 3-бабы 2-бөлігінде көрсетілген түсіндіруге сәйкес егер пара мөлшері елуден үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасын құраса - айтарлықтай мөлшер деп танылады. 2016 жылғы айлық есептік көрсеткіш 2 121 теңге мөлшерінде бекітілген, ал осы мөлшерден есептегенде елу айлық есептік көрсеткіш 106 050 теңге болады. Демек, Т.-ның пара ретінде алған 140 000 теңге елу айлық есептік көрсеткіштен асатын болғандықтан, оның іс-әрекеті ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен саралануға тиіс. Ал, Т.-ның қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкінің бар екендігі анықталмаған, сол себепті оған мүлікті тәркілеу қосымша жазасы тағайындалмауы тиіс екендігі жөніндегі уәждері негізсіз болып табылады. ҚК-нің 48-бабының 1-бөлігіне сай мүлікті тәркілеу дегеніміз – сотталған адамның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті мәжбүрлеп өтеусіз алып қою және мемлекеттің меншігіне айналдыру. ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі санкциясының қосымша жазасы ретінде сотталғанның мүлкін тәркілеу жазасы көзделген. Осыған орай, Т.-ның қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүліктің анықталмағаны оған мүлікті тәркілеу қосымша жазасының тағайындалмауына негіз бола алмайды. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Т.-ға қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертіп, оны ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеп, өмір бойына мемлекеттік мекемелерде және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарында лауазымдарды атқару құқығынан айырып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 8 400 000 теңге мөлшерінде айыппұл салып, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің талабына сай түпкілікті осы жазаны тағайындады. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылып, Бас Прокурордың наразылығы ішінара қанағаттандырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының бiр жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының бiр жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегі N 27 Заңы.      Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы

Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі N 149 Заңы.      Заңсыз еңбектенуге көшіп к...

Толық оқу »

76-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК рақымшылық жасау немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

76-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК рақымшылық жасау немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату 1....

Толық оқу »

Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы

Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 1999 жылғы 13 шілде N 415-I.      Осы Заң ұрпақтар бiрлiгi мен сабақ...

Толық оқу »

Рақымшылық жасау туралы

Рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 2 қарашадағы № 152-VII ҚРЗ      Осы Заң ізгілік қағидаты басшылыққа алына отырып қабылданды.      1-бап. Рақым...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 2001 жылғы 2 сәуір N 173-II       Осы Заң Қаз...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 113 Заңы       Осы Заң Қазақстан...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 19 ақпан N 294-ІІ      Осы Заң Қазақстан Респу...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 521-IV Заңы     ...

Толық оқу »

63-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

63-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Әкiм...

Толық оқу »

"Мүлікті ашық ұрлау үшін рақымшылық жасау туралы" Заңның негізінде іс жүргізуді тоқтата отырып, сот актілерінің күшін жою

"Мүлікті ашық ұрлау үшін рақымшылық жасау туралы" Заңның негізінде іс жүргізуді тоқтата отырып, сот актілерінің күшін жоюСемей қаласының 2006 жылғы 28 ақпандағы № 2 сотының үк...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 81-VII ҚРЗ      Осы Заң Қаз...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VІ ҚРЗ      Қолд...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануының он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануының он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 2000 жылғы 2...

Толық оқу »

78-бап. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Рақымшылық жасау тур...

Толық оқу »

63-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне рақымшылық жасау актісі негізінде әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату

63-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне рақымшылық жасау актісі негізінде әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан бос...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 23 маусымдағы № 195-VIII ҚРЗОсы Заң Қазақста...

Толық оқу »

Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан амнистия немесе кешірім жасау актісі негізінде босату

Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан амнистия немесе кешірім жасау актісі негізінде босатуҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 78-бабына құқықтық түсіндірме(Амнистия не...

Толық оқу »

889-1-бап. Цифрлық жүйені қолдана отырып, әкімшілік жазаны орындауды рақымшылық жасау актісіне байланысты тоқтату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

889-1-бап. Цифрлық жүйені қолдана отырып, әкімшілік жазаны орындауды рақымшылық жасау актісіне байланысты тоқтату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Ко...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 329-VIII ҚРЗОсы Заң Қаз...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140 Жарлығы. Қаз...

Толық оқу »