889-1-бап. Цифрлық жүйені қолдана отырып, әкімшілік жазаны орындауды рақымшылық жасау актісіне байланысты тоқтату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулыны орындау тиісті әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылатын рақымшылық жасау туралы актіде көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатылуға тиіс.
2. Рақымшылық жасау туралы актінің қолданылу аясына жататын тұлғалардың тізілімі рақымшылық жасау актісінде айқындалған, цифрлық жүйедегі өлшемшарттар негізінде алгоритмдік шешім арқылы Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімімен қалыптастырылуы мүмкін.
3. Рақымшылық жасау туралы актінің қолданылу аясына жататын тұлғалардың тізілімінде қалыптастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша рақымшылық жасау актісін қолдану туралы шешімді уәкілетті орган (лауазымды адам) цифрлық форматта қабылдайды және уәкілетті органның (лауазымды адамның) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.
Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлға әкімшілік жазаны орындаудың тоқтатылғаны туралы осы Кодекстің 743-бабында көзделген тәртіппен хабардар етіледі.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 331-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы