Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Рақымшылық туралы заңның негізінде жазадан босату

Рақымшылық туралы заңның негізінде жазадан босату

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Рақымшылық туралы заңның негізінде жазадан босату

Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының 2017 жылғы 26 маусымдағы үкімімен М. бұрын: 1) 2001 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК-нің) 175-бабы 2-бөлігінің «б» тармағымен 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, ҚК-нің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, 2 жылға сынақ мерзімі белгіленген. «Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» (бұдан әрі – Рақымшылық туралы заң) 2002 жылғы 19 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес жазасын өтеуден босатылған; 2) 2003 жылғы 15 қарашада ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігімен 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, ҚК-нің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, 2 жылға сынақ мерзімі белгіленген; 3) 2006 жылғы 19 шілдеде ҚК-нің 177-бабы 2-бөлігінің «б» тармағымен, ҚК-нің 60-бабына сәйкес 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, ҚК-нің 72-бабының 1-бөлігі негізінде үкімнің орындалуы 2020 жылғы 6 мамырға дейін кейінге қалдырылған. 2009 жылғы 2 қыркүйекте жазасын өтеу үшін жалпы режимдегі түзеу колониясына жіберілген, ал 2011 жылғы 15 маусымда жазаны өтеуден 1 жыл 7 ай 6 күнге мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған;

Рақымшылық туралы заңның негізінде жазадан босату

4) 2013 жылғы 22 ақпанда ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігінің «а,б» тармақтарымен 4 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған; 5) 2016 жылғы 29 ақпанда ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1) тармағымен 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігіне сәйкес 2013 жылғы 22 ақпандағы үкіммен тағайындалған 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы түпкілікті 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған; - ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен мүлкі тәркіленіп, 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. ҚК-нің 60-бабына сәйкес 2016 жылғы 29 ақпандағы үкіммен тағайындалған жазаны ішінара қосу жолымен түпкілікті мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу тағайындалған. М.-дан жәбірленуші Е.-нің пайдасына 1 638 120 теңге материалдық залал, мемлекет пайдасына 16 381 теңге мемлекеттік баж және 17 945 теңге процестік шығындар өндірілген. Сот үкімімен М. адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін сенімді теріс пайдалану жолымен иемденгені үшін кінәлі деп танылған. Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 5 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгертіліп, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес жазаның өтелмеген бөлігінің (3 жыл 10 ай 20 күн) жартысы қысқартылып, М.-ға өтеу үшін 1 жыл 11 ай 10 күн бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Сот үкімінің қарар бөлігіндегі ҚК-нің 60-бабының орнына ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігі қолданылған. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған. Сотталған М.-ның қылмыстық әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және басты сот талқылауында жәбірленуші Е.-нің, куәлар Т., Ж. және С.-лардың берген жауаптарымен және қылмыстық іс материалдарымен толығымен дәлелденген.

Сот М.-ның қылмыстық іс-әрекетін ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен дұрыс саралаған. Бірінші сатыдағы сот М.-ға жаза тағайындағанда ҚК-нің 52-бабының талаптарын негізге алып, оның қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жеке басын, қылмысқа дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мәнжайларды ескеріп, оған жазаны дұрыс тағайындаған. Алайда апелляциялық сатыдағы сот бұл істі қарау барысында қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдар нормаларының бұзылуына жол берген. Атап айтқанда, апелляциялық сатыдағы сот Рақымшылық туралы заңның 1-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сілтеме жасай отырып, оған тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінің (3 жыл 10 ай 20 күн) жартысын заңсыз қысқартқан. Іс бойынша анықталғандай, М. бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотының 2002 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен «Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2002 жылғы 19 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес жазасын өтеуден босатылған. Алайда «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 7-тармағына сәйкес бұрын рақымшылық немесе кешірім жасау қолданылған, қайтадан қасақана қылмыс жасаған адамдарға бұл Заңның күші қолданылмайды. «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының 20-тармағына сәйкес тәркілеуге жататын мүлік үкімнің қарар бөлігінде анық көрсетілуге тиіс. Тәркілеу сотталғанның меншігінде тұрған, заңсыз тәсілмен табылған не заңсыз тәсілмен табылған қаражатқа сатылып алынған мүлікке қолданылуы мүмкін. Егер істе мүліктің шығу тегінің қылмыстық сипаты туралы мәліметтер болмаса немесе мүлік мүлдем анықталмаса, мүлікті тәркілеу тағайындалмайды. Қылмыстық іс материалдарынан сотталған М.-ның меншігінде тұрған, заңсыз тәсілмен табылған не заңсыз тәсілмен табылған қаражатқа сатып алынған мүліктер табылмаған.  Сонымен қатар тәркілеуге жататын мүлік үкімнің қарар бөлігінде көрсетілмеген. Осыған орай ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігінің «б» тармағы (1997 жылғы редакцияда) бойынша қосымша жазаны тағайындау міндетті түрде көзделсе де, үкімнің қарар бөлігінен мүлікті тәркілеу алынып тасталуға жатады. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық сатыдағы соттың М.-ға қатысты қаулысын өзгертіп, М.-ға қатысты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-бөлігінің 2-тармағын қолданып, тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінің жартысын қысқарту бөлігінің күшін жойды. Сот үкімімен тағайындалған қосымша жаза - мүлікті тәркілеу алынып тасталды. М.-ға ҚК-нің 177-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен (1997 жылғы редакцияда) ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігі қолданылып, 2016 жылғы 29 ақпандағы үкіммен тағайындалған жазаны ішінара қосу жолымен түпкілікті 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған және жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген деп есептеліп, сот қаулысының қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

63-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

63-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Әкiм...

Толық оқу »

63-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне рақымшылық жасау актісі негізінде әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату

63-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне рақымшылық жасау актісі негізінде әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан бос...

Толық оқу »

78-бап. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Рақымшылық жасау тур...

Толық оқу »

76-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК рақымшылық жасау немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

76-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК рақымшылық жасау немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату 1....

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының бiр жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының бiр жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегі N 27 Заңы.      Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы

Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі N 149 Заңы.      Заңсыз еңбектенуге көшіп к...

Толық оқу »

Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы

Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 1999 жылғы 13 шілде N 415-I.      Осы Заң ұрпақтар бiрлiгi мен сабақ...

Толық оқу »

Рақымшылық жасау туралы

Рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 2 қарашадағы № 152-VII ҚРЗ      Осы Заң ізгілік қағидаты басшылыққа алына отырып қабылданды.      1-бап. Рақым...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 2001 жылғы 2 сәуір N 173-II       Осы Заң Қаз...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 113 Заңы       Осы Заң Қазақстан...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 19 ақпан N 294-ІІ      Осы Заң Қазақстан Респу...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 521-IV Заңы     ...

Толық оқу »

"Мүлікті ашық ұрлау үшін рақымшылық жасау туралы" Заңның негізінде іс жүргізуді тоқтата отырып, сот актілерінің күшін жою

"Мүлікті ашық ұрлау үшін рақымшылық жасау туралы" Заңның негізінде іс жүргізуді тоқтата отырып, сот актілерінің күшін жоюСемей қаласының 2006 жылғы 28 ақпандағы № 2 сотының үк...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 81-VII ҚРЗ      Осы Заң Қаз...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VІ ҚРЗ      Қолд...

Толық оқу »

Бұрын рақымшылық немесе кешірім жасалған адамға, ол қайтадан қасақана қылмыстар жасаса Рақымшылық туралы заңның күші қолданылмайды

Бұрын рақымшылық немесе кешірім жасалған адамға, ол қайтадан қасақана қылмыстар жасаса Рақымшылық туралы заңның күші қолданылмайдыАқтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының 2017...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануының он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануының он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 2000 жылғы 2...

Толық оқу »

Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан амнистия немесе кешірім жасау актісі негізінде босату

Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан амнистия немесе кешірім жасау актісі негізінде босатуҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 78-бабына құқықтық түсіндірме(Амнистия не...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 23 маусымдағы № 195-VIII ҚРЗОсы Заң Қазақста...

Толық оқу »

889-1-бап. Цифрлық жүйені қолдана отырып, әкімшілік жазаны орындауды рақымшылық жасау актісіне байланысты тоқтату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

889-1-бап. Цифрлық жүйені қолдана отырып, әкімшілік жазаны орындауды рақымшылық жасау актісіне байланысты тоқтату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Ко...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 329-VIII ҚРЗОсы Заң Қаз...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140 Жарлығы. Қаз...

Толық оқу »