Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы

Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі N 149 Заңы. 

       Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы 

         

       МАЗМҰНЫ 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыратын заңсыз еңбектенуге көшiп кeлушiлердi жария ету жөнiнде мемлекеттiң бiржолғы акция өткiзуiн реттейдi.  

1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы  

      1. Жария ету осы Заң қолданысқа енгiзiлгеннен күнтiзбелiк алпыс күн бұрын Қазақстан Республикасына келген және осы уақыттан бастап Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, еңбек қызметiн жүзеге асырып жүрген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына қатысты жүзеге асырылады. 

      2. Осы Заң осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың еңбегiн пайдаланатын Қазақстан Республикасының жұмыс берушілерiне қолданылады. 

      3. Осы Заңның күшi осы баптың 1, 2-тармақтарында аталған: 

            Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан   Республикасына келген; 

            Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттары жоқ; 

      өзi туралы, оның iшiнде қылмыстық жауаптылыққа тартылуы туралы жалған мәлiметтердi хабарлаған немесе қажеттi құжаттарды табыс етпеген; 

       лицензия алуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыратын адамдарға қолданылмайды.  

2-бап. Заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi жария ету мерзiмi  

       Заңсыз еңбектенуге көшiп келушілердi жария ету 2006 жылғы 1 тамыздан бастап 2006 жылғы 31 желтоқсан аралығында жүргiзiледi.  

3-бап. Заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi жария ету тәртiбi  

      1. Заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi жария етудi осы Заңның 1-бабының 1-тармағында аталған шетелдiктердiң еңбегiн пайдаланатын жұмыс берушi оларды iшкi iстер органдарында еңбектенуге көшiп келушiлер ретiнде тiркеу жолымен жүргiзедi. 

      2. Заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi жария ету үшiн жұмыс берушiлер еңбек қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша iшкi iстер органдарына еңбектенуге көшiп келушiлердi тiркеу туралы өтiнiш бередi. 

      Өтiнiште: 

       1) жұмыс берушi туралы деректер:  

       жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы;  

       жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi;  

       жеке тұлғаның тұрғылықты жерi немесе заңды тұлғаның орналасқан жерi;  

      салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi; 

       2) еңбектенуге көшiп келушілер peтiнде тiркелетiн шетелдiктер туралы деректер:  

       тегi, аты, әкесiнiң аты;  

       азаматтығы;  

       Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы көрсетiледi.  

       Өтiнiшке:  

       Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген тәртiппен жасасылған жеке еңбек шартының көшiрмесi;  

      шетелдiктердiң жеке басын куәландыратын құжаттары және көшi-қон карточкалары қоса берiледi. 

      3. Тiркеу туралы өтiнiш берiлген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады. 

      4. Осы Заңда белгiленген талаптар сақталған кезде iшкi iстер органдары ерекше үлгідегі көшi-қон карточкасын беpe отырып, шетелдiктi тiркеудi жүргiзедi. 

      5. Жұмыс берушiлер және еңбектенуге көшiп келушiлер ретiнде тiркелген шетелдiктер туралы мәлiметтердi тiркеудi жүзеге асырған аумақтық iшкi iстер органы жария етілген еңбектенуге көшiп келушiлер тiзiлiмiне енгiзедi. 

      Жария етiлген еңбектенуге көшiп келушілер тізiлiмдерiнiң көшiрмелерi жергілiктi атқарушы органдарға жiберіледi. 

      Ерекше үлгiдегi көшi-қон карточкасының нысаны мен оны беру тәртiбiн, сондай-ақ жария етiлген еңбектенуге көшiп келушілер тiзілiмiнiң нысаны мен оны жүргiзу тәртiбiн заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi тiркеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайды. 

      6. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, тіркеуден бас тарту себептерi көрсетiле отырып, өтiнiш қайтарылуға тиiс. 

      Өтiнiштi қайтаруға негiз болған себептер жойылған кезде жұмыс берушi заңсыз еңбектенуге көшiп келушiлердi жария ету туралы өтiнiштi жария ету мерзiмi iшiнде қайта беруге құқылы. 

      7. Жұмыс берушілер осы Заңның 1-бабының 1-тармағында аталған адамдардың еңбегiн олар iшкi iстер органдарында тiркелген күннен бастап пайдалана алады. 

       8. Осы Заңның 1-бабының 1-тармағында аталған адамдар тiркелген күнiнен бастап тiркеу үшiн ұсынылған жеке еңбек шартының қолданылу мерзiмi iшiнде, бiрақ ол жасасылған күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыра алады.  

4-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан босату  

       Осы Заңның 1-бабының 1, 2-тармақтарында аталған адамдар Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң  394, 395 (бiрiншi бөлiгi), 396-баптарында көзделген әкімшілік жауаптылықтан босатылады. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 207, 209 (бiрiншi бөлiгi) және 210-баптарында көзделген әкiмшілiк жауаптылықтан босатылады.  

5-бап. Қылмыстық жауаптылықтан босату  

       Осы Заңның 1-бабының 2-тармағында аталған адамдар Қазақстан Pecпубликасы Қылмыстық кодексiнiң 221, 222, 330-3-баптарында   көзделген қылмыстық жауаптылықтан босатылады.  

Қазақстан Республикасының 

Президентi 

 

 

  Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының бiр жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының бiр жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегі N 27 Заңы.      Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

76-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК рақымшылық жасау немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату

76-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК рақымшылық жасау немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату 1....

Толық оқу »

Рақымшылық жасау туралы

Рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 2 қарашадағы № 152-VII ҚРЗ      Осы Заң ізгілік қағидаты басшылыққа алына отырып қабылданды.      1-бап. Рақым...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 2001 жылғы 2 сәуір N 173-II       Осы Заң Қаз...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 113 Заңы       Осы Заң Қазақстан...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 19 ақпан N 294-ІІ      Осы Заң Қазақстан Респу...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 521-IV Заңы     ...

Толық оқу »

63-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

63-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Әкiм...

Толық оқу »

"Мүлікті ашық ұрлау үшін рақымшылық жасау туралы" Заңның негізінде іс жүргізуді тоқтата отырып, сот актілерінің күшін жою

"Мүлікті ашық ұрлау үшін рақымшылық жасау туралы" Заңның негізінде іс жүргізуді тоқтата отырып, сот актілерінің күшін жоюСемей қаласының 2006 жылғы 28 ақпандағы № 2 сотының үк...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 81-VII ҚРЗ      Осы Заң Қаз...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VІ ҚРЗ      Қолд...

Толық оқу »

Бұрын рақымшылық немесе кешірім жасалған адамға, ол қайтадан қасақана қылмыстар жасаса Рақымшылық туралы заңның күші қолданылмайды

Бұрын рақымшылық немесе кешірім жасалған адамға, ол қайтадан қасақана қылмыстар жасаса Рақымшылық туралы заңның күші қолданылмайдыАқтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының 2017...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануының он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануының он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 2000 жылғы 2...

Толық оқу »

78-бап. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Рақымшылық жасау тур...

Толық оқу »

63-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне рақымшылық жасау актісі негізінде әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату

63-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне рақымшылық жасау актісі негізінде әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан бос...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 23 маусымдағы № 195-VIII ҚРЗОсы Заң Қазақста...

Толық оқу »

Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан амнистия немесе кешірім жасау актісі негізінде босату

Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан амнистия немесе кешірім жасау актісі негізінде босатуҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 78-бабына құқықтық түсіндірме(Амнистия не...

Толық оқу »

889-1-бап. Цифрлық жүйені қолдана отырып, әкімшілік жазаны орындауды рақымшылық жасау актісіне байланысты тоқтату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

889-1-бап. Цифрлық жүйені қолдана отырып, әкімшілік жазаны орындауды рақымшылық жасау актісіне байланысты тоқтату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Ко...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 329-VIII ҚРЗОсы Заң Қаз...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140 Жарлығы. Қаз...

Толық оқу »