Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 466-бабына түсініктеме. Мас күйіндегі адамның машиналарды жүргізуі, кемелерді басқаруы, әскери әуе кемесін басқаруы, сондай-ақ көлік жүргізуді немесе басқаруды осындай адамға беру не әскери техниканы басқаруға немесе жүргізуге жол беру

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 466-бабына түсініктеме. Мас күйіндегі адамның машиналарды жүргізуі, кемелерді басқаруы, әскери әуе кемесін басқаруы, сондай-ақ көлік жүргізуді немесе басқаруды осындай адамға беру не әскери техниканы басқаруға немесе жүргізуге жол беру

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 466-бабына түсініктеме. Мас күйіндегі адамның машиналарды жүргізуі, кемелерді басқаруы, әскери әуе кемесін басқаруы, сондай-ақ көлік жүргізуді немесе басқаруды осындай адамға беру не әскери техниканы басқаруға немесе жүргізуге жол беру

1. Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның жауынгерлік, арнайы немесе көлік машинасын жүргізуі не әскери кемелерді басқаруы, не әскери әуе кемесін басқаруы, сондай-ақ көрсетілген әскери техниканы жүргізуді немесе басқаруды осындай адамға беруі, сол сияқты лауазымды адам жасаған осындай адамға көрсетілген әскери техниканы жүргізуге немесе басқаруға жол беруі —

екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып жазаланады.

2. Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер —

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып жазаланады.

3. Адамның денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіруге әкеп соққан осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер —

үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейінгі мерзімге айыра отырып жазаланады.

4. Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер —

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып жазаланады.

5. Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер —

жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып жазаланады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі (1-бөлігі — қылмыстық теріс қылық, 2, 3, 4, 5-бөліктері — қылмыстар) әскери машинаны жүргізу не әскери кемелерді басқару, әскери әуе кемесін алкогольдік немесе өзге де масаң күйдегі адамның басқаруы олардың қозғалыс қауіпсіздігіне, азаматтар мен әскери қызметшілердің көпшілігінің өмірі мен денсаулығына сөзсіз жоғары қауіп төндіретіндігінде, ірі материалдық залал келтіретіндігінде, әскери іс-шаралардың және қабылданған шешімдердің орындалуының бұзылуына әкеп соғатындығында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін, жалпы мемлекеттің қорғаныс қабілетін төмендететіндігінде.

Көліктің көрсетілген түрлерінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы барлық нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ әскери жарғылармен ұшқыштарға, капитандарға, штурмандарға, катер жүргізушілеріне алкогольдік масаң күйде, кез келген есірткі және психотроптық заттардың әсерімен қызметтік міндеттерін орындауға қатаң тыйым салынатынын атап өткен жөн (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі ұшудың негізгі қағидаларының 42-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2011 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысының 258-тармағы және т.б.).

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі — машиналарды жүргізудің, кемелерді басқарудың, әскери әуе кемесін басқарудың олардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін белгіленген тәртібі.

Қосымша объектілер ретінде азаматтардың өмірі мен денсаулығы, мүліктің сақталуы танылады.

Түсіндіріліп отырған қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы жауынгерлік, арнайы немесе көлік машинасын жүргізуден не әскери кемелерді басқарудан, не алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әскери әуе кемесін басқаруынан не көрсетілген әскери техниканы жүргізуді немесе басқаруды осындай адамға беруден, сол сияқты лауазымды адам жасаған осындай адамға көрсетілген әскери техниканы жүргізуге немесе басқаруға жол беруден тұрады.

Масаң күйдегі адамның машиналарды жүргізуі, кемелерді басқаруы, әуе кемесін басқаруы, көрсетілген әскери техниканы жүргізуді немесе басқаруды осындай адамға беру, сондай-ақ осындай адамның көрсетілген әскери техниканы жүргізуіне немесе басқаруына жол беру ұғымдары масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен немесе шағын көлемді кемені басқаруы, осындай адамға басқаруды беру немесе масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен немесе шағын көлемді кемені басқаруына жол беру үшін қылмыстық жауаптылық көздейтін ҚК-нің 358-бабындағы ұқсас ұғымдармен мәндес.

Көрсетілген көлік түрлерін жүргізу, басқару көлік құралының ішінде отырған адамның оны қозғалысқа келтіруімен сипатталады (машинаның, кеменің, ұшақтың және басқа да құралдардың тұрақ орнынан немесе тоқтаған жерінен қозғалысты бастауы, орын ауыстыру қашықтығына қарамастан).

Тұтандыру жүйесін қосу, қозғалтқышты іске қосу сияқты дайындық әрекеттері көлік құралын жүргізу және басқару болып табылмайды. Көлік құралын қолмен жылжыту немесе тоқтап тұрған ұшақтың, кеменің кабинасында болу, кеменің тікелей жанында қандай да бір жұмыстарды орындау (жанармай құю, жөндеу жұмыстарын жүргізу және т.б.) да көлік құралын басқару белгілеріне жатпайды.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған сәтте көлік құралын басқарған адамның масаң күйде болуы фактісін уәкілетті лауазымды адамдар тікелей құқық бұзушылық жасалған жерде және (немесе) арнайы аспаптар мен құралдарды қолдана отырып, медициналық ұйымдарда анықтайды.

Масаңдық деп психобелсенді заттармен жіті улану салдарынан туындайтын, психикалық, мінез-құлықтық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылыстар кешенімен сипатталатын жай-күй аталады. Масаң күйді анықтау мәселелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсету мәселелері туралы» бұйрығымен реттеледі. Бұл ретте ҚК-нің 466-бабы бойынша әрекетті саралау үшін масаңдық дәрежесінің маңызы жоқ, көлік құралын басқарған адамның масаң күйде болған фактісін анықтау жеткілікті.

ҚК-нің 18-бабына сәйкес масаңдық физиологиялық болуы тиіс.

Осылайша, көлік құралын масаң күйде басқару фактісі мынадай жағдайларда орын алады, егер кінәлі адам: а) көлік құралын басқарса; б) көлік құралын жүргізу және басқару сәтінде масаң күйде болса. Көрсетілген белгілердің кем дегенде біреуінің болмауы адамды ҚК-нің 466-бабы бойынша жауаптылыққа тартуды жоққа шығарады.

Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамға көрсетілген көлік құралдарын жүргізуді немесе басқаруды беру көлік құралын басқару құқығын осындай адамға ерікті түрде беруді білдіреді, бұл ретте ол көлікті өз бетінше қозғалысқа келтіріп, басқарады. Сонымен қатар лауазымды адам көлік құралын жүргізуді немесе басқаруды беретін адамның масаң күйде екенін білгені анықталуы тиіс.

Осы санаттағы қылмыстық істерді тергеген кезде көліктің басқа адамға қандай мақсатпен және қандай мән-жайларда берілгенін де анықтау қажет. Егер ол басқару үшін берілмесе (мысалы, сақтау үшін беріліп, бірақ жүргізуші оны өз бетінше заңсыз айдап кетсе), мұндай адамдардың ҚК-нің 466-бабы бойынша жауаптылығы жоққа шығарылады.

Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көрсетілген көлік құралдарын басқаруына жол беру деп лауазымды адамның осындай адамға көлікті жүргізуге және басқаруға (рейске шығуға, теңізге шығуға, ұшуға) рұқсат (келісім) беру түріндегі әрекеттері түсініледі. Бұл ретте адамның масаң күйде болуы фактісі лауазымды адам үшін айқын болуы тиіс. Мұндай жағдайларда лауазымды адам, сондай-ақ масаң күйде көлік құралын нақты басқарған адам ҚК-нің 466-бабы бойынша жауаптылықта болады.

Қызметтік бағыныстылығындағы адамға қауіпсіздік қағидаларын бұза отырып, көлік құралын басқаруға жол берген лауазымды адамның әрекеттері де осыған ұқсас түрде сараланады, қызметтік міндеттерін орындау кезінде тұрған лауазымды адам (тікелей басшы) оны көлік құралын жүргізуден немесе басқарудан шеттеткен жағдайлар бұған кірмейді.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы құрылымы бойынша формальдық болып табылады. Әрекет осы баптың диспозициясында көзделген әрекеттердің біреуі жасалған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.

Қарастырылып отырған құқық бұзушылықтың субъективтік жағы біртекті емес. ҚК-нің 466-бабының 1-бөлігінде жауынгерлік, арнайы, көлік машинасын немесе әскери кемені жүргізуді жүзеге асыратын не әскери әуе кемесін басқаратын және масаң күйде болатын адамның кінәсі тікелей қасақаналық түріндегі қасақана нысанды көздейді. Кінәлі адам көрсетілген құралды жүргізуге немесе басқаруға құқығы жоқ екенін түсінеді, бірақ масаң күйде бола тұра, оны жүргізуге немесе басқаруға отырады және мұны жасауды қалайды.

Лауазымды адамдар, көлік құралының меншік иесі немесе иеленушісі адамның масаң күйде екенін түсінеді, бірақ оған әскери көлік құралын жүргізуді немесе басқаруды беруді не осындай адамды оны жүргізуге немесе басқаруға жіберуді қалайды.

ҚК-нің 466-бабында көзделген әрекеттің сараланған және аса сараланған белгілерінің субъективтік жағы тек қана абайсыздық түріндегі кінә нысанымен, яғни менмендік немесе немқұрайлылық түрінде сипатталады.

Менмендік болған кезде кінәлі адам алкогольдік немесе өзге де масаң күйде әскери көлікті жүргізу және басқару қағидаларын саналы түрде бұзады, дене зиянының немесе өзге де ауыр зардаптардың туындау мүмкіндігін алдын ала біледі, бірақ бұған жеткілікті негіздерсіз олардың алдын алуға өзіне сеніп, жеңілтектікпен үміт артады.

Қылмыстық немқұрайлылық кезінде кінәлі адам нормада көрсетілген зардаптардың туындауын алдын ала болжамайды, алайда қажетті мұқияттылық пен сақтық танытқан жағдайда олардың туындау мүмкіндігін болжауға тиіс және болжай алатын еді.

Субъект — арнайы, яғни алкогольдік немесе өзге де масаң күйде машина, кеме, әскери әуе кемесін басқаратын әскери қызметші және көрсетілген әскери техниканы осындай әскери қызметшіге жүргізуге (басқаруға) рұқсат берген лауазымды адам.

Лауазымды адам ұғымы ҚК-нің 450-бабына түсіндірмеде берілген.

ҚК-нің 466-бабының 2 және 3-бөліктерінде тиісінше адамның денсаулығына абайсызда ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Олардың ұғымдарының анықтамалары ҚК-нің 438-бабы 2-бөлігінің 3) тармағына түсіндірмеде берілген.

ҚК-нің 466-бабының 4 және 5-бөліктерінде зардаптар ретінде тиісінше абайсызда адамның өліміне және екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу көрсетілген, олардың ұғымдарының анықтамалары ҚК-нің 462-бабына түсіндірмеде берілген.

ҚК-нің 466-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекет қылмыстық теріс қылықтарға жатады.

ҚК-нің 466-бабының 2 және 3-бөліктерінде көзделген әрекеттер онша ауыр емес қылмыстарға жатады.

ҚК-нің 466-бабының 4 және 5-бөліктерінде көзделген әрекеттер ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, авторы — Исидор Шамилұлы Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі және Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Норматив Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік істер Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

 

466-бап. Адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде машиналарды жүргізуі, корабльдерді жүргізуі, әскери ұшу аппаратын басқаруы, әскери техниканы осындай адамның жүргізуіне немесе басқаруына беру не жүргізуіне немесе басқаруына жол беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

466-бап. Адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде машиналарды жүргізуі, корабльдерді жүргізуі, әскери ұшу аппаратын басқаруы, әскери техниканы осындай ад...

Толық оқу »

358-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені осындай адамның басқаруына беру немесе осындай адамның басқаруына жол беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

358-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе...

Толық оқу »

346-бап. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

346-бап. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құр...

Толық оқу »

Есірткі мен алкогольдік мас күйінде белгіленген шектен асып көлікке соқтығысқан

Есірткі мен алкогольдік мас күйінде белгіленген шектен асып көлікке соқтығысқанҚылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға оны түзету және жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтардың ал...

Толық оқу »

Түсініктеме 608-бабына. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, сондай-ақ көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға басқаруға беру туралы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің

Түсініктеме 608-бабына. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, сондай-ақ көлік құралын алкогольдік, есірткілік жә...

Толық оқу »

613-бап. Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

613-бап. Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қаз...

Толық оқу »

613-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының, әскери полицияның аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйіне куәландырудан өтуден жалтару

613-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының, әскери полицияның аумағын...

Толық оқу »

Мас күйінде болған кезде ол автокөлікті басқарып, қарсы бағытта келе жатқан көлікпен соқтығысуға жол берді

Мас күйінде болған кезде ол автокөлікті басқарып, қарсы бағытта келе жатқан көлікпен соқтығысуға жол бердіАқтөбе облысы Ақтөбе қаласының 2020 жылғы 27 мамырдағы № 2 сотының үк...

Толық оқу »

608-бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

608-бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқ...

Толық оқу »

345-1-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

345-1-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы...

Толық оқу »

Көлiк құралын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктен сақтандырусыз жүргiзу куәлігі жоқ, мас күйiнде болған жазатайым оқиғаға кiнәлi адамның келтiрiлген залалын өтеу

Көлiк құралын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктен сақтандырусыз жүргiзу куәлігі жоқ, мас күйiнде болған жазатайым оқиғаға кiнәлi адамның келтiрiлген залалын өтеуС.А. жауапкерл...

Толық оқу »

Бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған ол мас күйінде көлік құралын қайта басқарды

Бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған ол мас күйінде көлік құралын қайта басқардыСолтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының 2018 жылғы 27 қарашадағы үкімім...

Толық оқу »

Жұмыскермен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша оның жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық болған жағдайда еңбек шартын бұзу негіздері

Жұмыскермен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша оның жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық болған жағдайда еңбек шартын бұзу негіздеріЖұмыскермен...

Толық оқу »