Заңды күшіне енген сот актілері бойынша сот шешімінің орындалуының бұрылуы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 1-бөлігінің және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік Кодексі 21-бабының талабына сай, заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.
Сот актілерін орындау азаматтық іс жүргізудің ең соңғы сатысын құрайды және мемлекетіміздегі сот төрелігінің ықпалдылығына көрініс береді.
Атқарушылық өндірісінің негізгі мақсаты бұзылған немесе дау келтірілген немесе заңмен қорғалатын мүделерді нақты қалпына келтіру болып табылады. АПК-нің 247-бабының талабына сай, Заңды күшіне енген, толық немесе бір бөлігінде орындалған бірінші сатыдағы сот шешiмiнің, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сот қаулысының күшi жойылған және сот талап қоюдан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы жаңа шешiм шығарған жағдайда талап қоюшыдан күшi жойылған шешiм бойынша ол алғанның барлығы өндiрiп алынады (шешiмнiң орындалуын бұру).
Шешiмнiң орындалуын бұру орындалған сот шешімі толық немесе бір бөлігінде күшін жойған және іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым немесе талапты қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылған жағдайда да жүргізіледі.
Заң әдебиеттерінде шешімнің орындалуын бұруға негіз болатын үш жағдай көзделген, олар: заңды күшіне енген сот шешімі толығымен немесе ішінара орындалуы; толығымен немесе ішінара орындалған сот шешімінің заңда көзделген тәртіпте күші жойылуы;
жаңадан қарау кезінде талапты толық көлемде немесе ішінара бөлігінде қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім алынуы немесе іс жүргізу өндірісін тоқтату туралы сот ұйғарымы шығарылуы немесе талап арыз қараусыз қалдырылуы.
Егер жоғарыда көрсетілген мән-жайлар орын алған жағдайда, талап қоюшы жауапкерден өндірілген барлық ақша сомасы, бұрын жауапкерге тиесілі болған және атқару құжатының талабы бойынша талап қоюшыға берілген мүліктер, мүліктердің құны (егер ол мүлікті талап қоюшы қолданып, пайдалы қасиеті жойылған жағдайда) толығымен қайтаруға міндетті.
Мысалы, М. шешімді орындауды бұру туралы сотқа арыз жолдаған.
Соттың 2015 жылдың 21 желтоқсанындағы шешімімен М. М-нен еңбекке жарамсыз ата-анасы үшін алимент өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылып, М. М-тің пайдасына 2015 жылдың 05 қарашасынан бастап, жағдайы өзгергенше, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндірілген.
Сот орындаушының 2016 жылдың 17 наурызындағы қаулысымен М-нен алиментті еңбекақысынан өндіру белгіленген. «А» АҚ-ның анықтамасына сай, сот шешімі негізінде М-нің еңбекақысынан М-нің пайдасына 30 188 теңге ұсталған.
Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2016 жылдың 28 наурызындағы ұйғарымымен талап қоюшының талаптан бас тартуына байланысты соттың 2015 жылдың 21 желтоқсанындағы шешімінің күші жойылып, іс жүргізу өндірісі тоқтатылған.
Осыған байланысты, Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының 2016 жылдың 12 мамырындағы ұйғарымымен М-нің шешімнің орындалуын бұру туралы арызы қанағаттандырылған, М-нен М-нің пайдасына 30188 теңге кері өндірілген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының сот актілерінің күшін жою жөніндегі қаулысына сәйкес сот шешімін орындауды бұру жүргізілді.
Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі Семей қалалық сотының 2015 жылдың 24 желтоқсанындағы шешімінің, Шығыс-Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2015 жылдың 28 сәуіріндегі қаулысының және Шығыс-Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2015 жылдың 10 тамызындағы қаулысының орындалуын бұруды және Д-дан Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің пайдасына 5.998.237 теңге өтемақыны, 59982 теңге мемлекеттік бажды кері өндіруді сұрап сотқа арыз жолдаған.
Сотпен анықталғандай, Семей қалалық сотының 2015 жылдың 24 желтоқсанындағы шешімімен Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінен тұрғынүймен қамтамасыз етпегені үшін Д-ның пайдасына 5.998.237 теңге мөлшерінде өтемақы және 59982 теңге мемлекеттік баж, барлығы 6.058.219 теңге өндірілген.
Талап арыздың Семей қаласының Әкімінен өтемақының басқа бөлігін өндіру туралы бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған. Шығыс-Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2015 жылдың 28 сәуіріндегі қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Шығыс-Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2015 жылдың 10 тамызындағы қаулысымен сот шешімі және алқа қаулысы өзгеріссіз қалдырылған. 2015 жылдың 29 желтоқсанындағы №2080083/15-3883 төлем құжатына және 2016 жылдың 31 мамырындағы анықтамаға сәйкес, Семей қалалық сотымен 2015 жылдың 22 мамырда берілген №20135/15 атқару парағы негізінде Д-ға қызметтік тұрғынжайды өтемсіз жекешелендірудің өтемақысы ретінде әскери бөлімнен 6 058 219 теңге төленген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2016 жылдың 16 наурызындағы қаулысымен Семей қалалық сотының 2015 жылдың 24 желтоқсанындағы шешімі, ШығысҚазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2015 жылдың 28 сәуіріндегі қаулысы және Шығыс-Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2015 жылдың 10 тамызындағы қаулысы өзгертіліп, қызметтік тұрғынжайды өтемсіз жекешелендірудің өтемақысы ретінде Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінен Д-ның пайдасына 5.998.237 теңге мөлшерінде өтемақы және 59982 теңге мемлекеттік баж өндіру туралы бөлігінің күші жойылған.
Талаптың бұл бөлігі бойынша талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданған.
Осы себепті, Семей қалалық сотының 2016 жылдың 18 шілдесіндегі ұйғарымымен Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің шешімнің орындалуын бұру және Д-дан Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің пайдасына 5.998.237 теңге өтемақыны, 59982 теңге мемлекеттік бажды кері өндіру туралы арызы қанағаттандырылған, Д-дан Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің пайдасына 6.058.219 теңге кері өндірілген.
Азаматтық процестік Кодекс нормаларымен сот бұйрығының орындалуын бұру мәселесі реттелмегенімен, соттар мұндай арыздарды қарау кезінде АПК-нің 247 бабын қолданады.
Мысалы, К. сотқа жолдаған арызында 2015 жылдың 07 тамызындағы сот бұйрығының орындалуын бұру туралы мәселе қойған.
Сотпен анықталғандай, Балқаш қалалық сотының 2015 жылдың 07 тамызындағы сот бұйрығымен «Г» ЖШС-нің пайдасына 2015 жылғы 01 қаңтарда мен 2015 жылдың 31 шілдесі аралығындағы берешегі 39131 теңге және 587 теңге мемлекеттік баж өндірілген.
Балқаш қалалық сотының 2016 жылдың 22 ақпанындағы ұйғарымымен сот бұйрығының күші жойылған. Талап қоюшы «Г» ЖШС-і жауапкер К-дан коммуналдық қызмет үшін берешегін, соның ішінде 2015 жылдың 01 қаңтары мен 2015 жылдың 31 шілдесі аралығындағы 39131 теңге берешекті де қоса өндіру туралы сотқа талап арыз жолдаған.
Балқаш қалалық сотының 2016 жылдың 14 сәуіріндегі ұйғарымымен «Г» ЖШС-інің талап арызы АПК-нің 279-бабының 8-тармағына сай қараусыз қалдырылған. Іс құжаттарынан көрінгендей, 2015 жылдың 07 тамызындағы сот бұйрығы арыз беруші К-мен толығымен орындалған.
Балқаш қалалық сотының 2016 жылдың 25 сәуіріндегі ұйғарымымен Балқаш қалалық сотының 2015 жылдың 07 тамызындағы сот бұйрығының орындалуын бұру жүргізілген және «Г» ЖШС-інен К-нің пайдасына 39718 теңге кері өндірілген.
Бұл ретте, сот, сот бұйрығының орындалуын бұру мәселесін қарау кезінде, даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда, сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған кезде, Қазақстан Республикасы заңнамасының жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып, дауды шешетіні көзделген АПК-нің 6-бабының 4-тармағына сілтеме жасағаны дұрыс деп санаймыз.
Сот шешімінің орындалуын бұру туралы арызды қанағаттандырғанымен, сот шығынын өндіруден бас тарту туралы дұрыс шешім қабылдаған.
Мысалы, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қаласының Аль-Фараби аудандық сотының 2014 жылдың 09 қыркүйегіндегі шешімімен «Б» ЖШС-нің К-дан ақша өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылған, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 323 966 тенге негізгі берешегі және 9 719 тенге мемлекеттік баж өндірілген.
Оңтүстік-Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2016 жылдың 01 сәуіріндегі қаулысымен Аль-Фараби аудандық сотының 2014 жылдың 9 қыркүйегіндегі шешімінің күші жойылған және талап арызды қанағаттандырдан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданған. Сот, Аль-Фараби аудандық сотының 2014 жылдың 09 қыркүйегіндегі шешімінің орындалуын бұру қажет деген тұжырымға келген.
Алайда, арыздың сот шығындарын өндіру туралы бөлігі қанағаттандырылудан бас тартылуға жатады, өйткені, арыз беруші сот шығындарын төлегені туралы сотқа құжаттар ұсынбаған.
Оңтүстік-Қазақстан облысы Шымкент қаласының Аль-Фараби аудандық сотының 2016 жылдың 04 тамызындағы ұйғарымымен К-ның сот шешімінің орындалуын бұру туралы арызы ішінара қанағаттандырылған. К-ның пайдасына «Б» ЖШС-нен 338130 теңге кері өндірілген.
Арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.
Арыздың қанағаттандырылған бөлігінде де 2016 жылдың 5 шілдесіндегі 4 445 теңге төленгендігі жөнінде тиісті түбіртектің болмауы себепті арыз қанағаттандырылмаған.
Бірқатар жағдайларда сот шешімінің орындалуын бұру туралы арыздар сотпен қанағаттандырусыз қалдырылады.
Мысалы, арыз беруші талап қоюшы болып табылмайды, өйткені тиісті қаржы сақтандыру компаниясының мүлкі болып табылады, сондықтан арызды қанағаттандыруға негіз болмаған. «Н» АҚ-ы Зырян аудандық сотының 2015 жылдың 29 желтоқсандағы шешімінің орындалуын бұруды сұрап сотқа арыз жолдаған.
Сотпен анықталғандай, Зырян аудандық сотының 2015 жылдың 29 желтоқсандағы шешімімен М-ның «Н» АҚ-ына бұзылған құқығын қалпына келтіруді және орта есептік еңбекақының өсу дәрежесін ескере отырып жоғалтқан жалақысын қайта есептеп, өндіруді сұраған талап арызы қанағаттандырылған.
Шығыс-Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2016 жылғы 2 наурызағы қаулысымен Зырян аудандық сотының 2015 жылдың 29 желтоқсандағы шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Зырян аудандық сотының 2016 жылғы 7 қазандағы ұйғарымымен Зырян аудандық сотының 2015 жылдың 29 желтоқсандағы шешімі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша күші жойылған.
Соттың 2016 жылғы 27 қазандағы ұйғарымымен М-ның «Н» АҚ-ына бұзылған құқығын қалпына келтіруді және орта есептік еңбекақының өсу дәрежесін ескере отырып жоғалтқан жалақысын қайта есептеп, өндіруді сұраған талап арызы қараусыз қалдырылған.
Алайда, «Н» АҚ-ымен сот шешімі толығымен орындалған, 2015 жылдың 17 наурызда №3 төлем құжаты негізінде «К»АҚ-ның есеп-шотына 329046 теңге сақтандыру төлемі аударылған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 960-бабының талабына сай, негiзсiз байлық ретiнде:
егер мiндеттемеде өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындау үшiн оны орындау мерзiмi басталғанға дейiн берiлген мүлiк; талап ету мерзiмi өткеннен кейiн мiндеттеменi орындау үшiн берiлген мүлiк; азаматқа оның тарапынан терiс пиғыл болмаған жағдайда күнкөрiске арналған қаражат ретiнде (жалақы, авторлық сыйақы, өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу, зейнетақы, алименттер және т.б.) берілген және иемденушi пайдаланған ақша сомасы және өзге де мүлiк;
егер иемденушi мүлiктiң қайтарылуын талап еткен тұлғаның мiндеттеменiң жоқтығы туралы бiлгендiгiн не мүлiктi қайырымдылық мақсатында бергенiн дәлелдесе, болмаған мiндеттеменi атқару үшiн берiлген ақша сомасы мен өзге мүлiк қайтарылуға жатпайды.
Қазақстан Республикасы «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 98-бабының 1-тармағының талабына сай, жарақат алудан немесе денсаулығын өзгедей зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуы салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу үшiн борышкер алған сомалардан өндіріп алуға болмайды. «К» АҚ-ы ұсынған төлем құжаттарына сай М-ға сот шешімі бойынша төлемдер төленген.
Сот, «К» АҚ-ы іс бойынша талап қоюшы болып табылмайды және аталмыш төлемдер жауапкермен міндетті сақтандыру шарты бойынша төленген, сондықтан арыз қанағаттандырылуға жатпайды деген тұжырымға келген.
«Н» АҚ-ның сот шешімінің орындалуын бұру туралы арызының М-ның 7000 теңге сот шығынын өндіруді сұраған бөлігі қанағаттандыруға жатпайды деп санаған, өйткені аталмыш сома арыз берушінің өкілінің сот отырысына қатысуы үшін өкілдің көмегіне төленген сот шығыны болып табылады.
Сот, мемлекеттік баж мемлекет пайдасына емес, М-ның пайдасына өндірілгендіктен, сот шешімінің орындалуын бұру туралы арыздың мемлекет кірісіне төленген 991 теңгені кері өндіру туралы бөлігі де қанағаттандыруға жатпайды деген тұжырымға келген.
Сонымен қатар, мемлекеттік бажды кері қайтару АПК-нің 107-бабында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады. Жоғарыдағылар негізінде, Шығыс-Қазақстан облысы Зырян аудандық сотының ұйғарымымен «Н» АҚ-ның Зырян аудандық сотының 2016 жылдың 29 желтоқсандағы шешімінің орындалуын бұру туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Сот шешімінің күшін жою жөніндегі сот актілері және арызды қараусыз қалдыру жөніндегі арыздар алғашқы тіркелген шешімді жоюға себеп болады.
Мысалы, Г. Теміртау қалалық сотының 2013 жылдың 29 тамыздағы шешімінің орындалуын бұру туралы арызын сотқа жолдап, сот шешімімен Теміртау қалалық әділет басқармасының жер учаскесін жалға алу құқығын сату туралы Теміртау әкімі мен А-ның арасында жасақталған шартты тіркеуден бас тартуы заңсыз деп танылып, Теміртау қалалық әділет басқармасына А-ның жер учаскесін жалға алу құқығын сату туралы шартты тіркеуге міндеттеген.
Сот шешімі Теміртау қалалық әділет басқармасымен толығымен орындалған, учаске А-ның атына мемлекетік реестрге тіркелген.
Теміртау аудандық сотының 2015 жылғы 2 қазандағы шешімімен Г-ның жауапкерлер Теміртау қаласының Әкімдігіне, «Теміртау қаласы бойынша жет қатынастары бөлімі» ММ-не, «Теміртау қаласы бойынша әділет басқармасы» ММ-не, А-ға қойған талабы қанағаттандырылған.
Сот шешімімен:
- Теміртау қаласы Әкімдігі жанындағы жылжымайтын мүлікті жариялау жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 20 тамызда ғимаратты А-мен жариялануы туралы №4-ші шешімі жарамсыз деп танылған.
- қабылдау комиссиясының 2007 жылғы 29 тамыздағы ғимаратты пайдалануға қабылдау туралы актісін бекіткен Теміртау қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 29 тамыздағы қаулысы жарамсыз деп танылған.
- Теміртау қаласы Әкімдігі мен А-ның арасында 2007 жылғы 24 тамыздағы жасақталған №12-ші келісім шарт жарамсыз деп танылған.
- Теміртау қаласы Әкімдігі мен А-ның арасында 2008 жылғы 22 сәуірде жасақталған №22 келісім шарт жарамсыз деп танылған.
- «Теміртау қаласы бойынша әділет басқармасы» ММ-нде 2007 жылғы 28 қыкұйектегі А-ға тіркелген мемлекеттік тіркеу жарамсыз деп танылған.
Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2016 жығы 25 қантардағы қаулысымен Теміртау қалалық сотының 2015 жылғы 2 қазандағы шешімі өзгеріссіз қалдырылған, жауапкер мен үшінші тұлғаның апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылған.
Соттың 2016 жылғы 22 ақпандағы ұйғарымымен А-ның «Теміртау қаласы бойынша әділет басқармасы» ММ-не тіркеуден бас тартуды заңсыз деп тануды және меншік құқығын тіркеуге міндеттеу туралы азаматтық ісі бойынша шығарылған 2013 жылғы 29 тамыздағы шешімі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша күші жойылған.
Соттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі ұйғарымымен А-ның «Теміртау қаласы бойынша әділет басқармасы» ММ-не тіркеуден бас тартуды заңсыз деп тануды және меншік құқығын тіркеуге міндеттеу туралы талап арызы қараусыз қалдырылған.
АПК-нің 248-бабының талабына сай, сот шешімінің орындалуын бұру туралы мәселені сот жеке дара өз бастамасымен қарамайды, ол мәселе жауапкердің арызы негізінде қаралуға жатады.
Бұл ретте, арызда негізсіз баю тәртібінде алынған материалдық құндылықты кері қайтару туралы талап қойылатын болғандықтан, сот шешімінің орындалуын бұру туралы арызды жауапкердің талап қою мерзімі ішінде сотқа ұсынуы маңызды болып табылады.
Талап қою мерзімі талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы сот шешімі не істі тоқтату не қараусыз қалдыру туралы ұйғарым күшіне енген сәттен басталады.
Г-нің арызында А-ның «Теміртау қаласы бойынша әділет басқармасы» ММ-не тіркеуден бас тартуды заңсыз деп тануды және меншік құқығын тіркеуге міндеттеу туралы азаматтық ісі бойынша Теміртау қалалық сотының 2013 жылғы 29 тамыздағы шешімінің орындалуын бұру туралы мәселе қойылған. Г-ның бұл іс бойынша жауапкер болып табылмайды, іс ескі редакциядағы АІЖК-нің 27-тарауымен ерекше талап қою өндірісінде қаралған.
Талап қоюшы А бұл шешім бойынша Г-ның немесе жауапкер «Теміртау қаласы бойынша әділет басқармасы» ММ-нен қандайда болсын материалдық құндылықтар алмаған, сондықтан аталмыш сот шешімнің орындалуын бұруға негіз жоқ.
Бұл іс бойынша сот шешімінің күшін жойған және талап арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымның болуы мемлекеттік тіркеуді жоюға негіз болады. Осыған байланысты, Теміртау қалалық сотының 2016 жылғы 13 мамырдағы ұйғарымымен Г-ның Теміртау қалалық сотының 2013 жылғы 29 тамыздағы шешімінің орындалуын бұру туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Нормативтік құқықтық база.
-1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
-2015 жылдың 31 қазанында қабылданған, №377-V ҚРЗ санды Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
-1999 жылдың 13 шілдесінде қабылданған, №411 санды Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі (күші жойылған);
-2010 жылдың 2 сәуірінде қабылданған, №261-IV санды «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-2009 жылдың 29 маусымында қабылданған №6 санды «Соттардың атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнаманы қолданылуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (қорыту жүргізілген кезде қолданыста болған, 2017 жылдың 31 наурызында күші жойылған);
-2003 жылдың 11 шілдесіндегі «Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №5 нормативтік қаулысы;
-Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы №1 «Атқарушылық өндіріс бойынша заңнаманың кейбір нормаларын қолдану туралы» нормативтік қаулысы.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Поворот исполнения решения суда
29 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 11 июля 2003 года №5 каз
29 рет жүктеп алынды -
НОРМАТИВНОЕ ПОСТАНОВЛЕНИЕ ВС РК ОТ 18.06.2004 № 2 каз
29 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 11 июля 2003 года №5 рус
29 рет жүктеп алынды -
НОРМАТИВНОЕ ПОСТАНОВЛЕНИЕ ВС РК ОТ 18.06.2004 № 2 рус
29 рет жүктеп алынды -
2806_ҰЙҒАРЫМ_АПК_ОҚО
29 рет жүктеп алынды -
2806_ҰЙҒАРЫМ_АПК_Маңғыстау облысы
29 рет жүктеп алынды -
2806_ҰЙҒАРЫМ_АПК_Жамбыл облысы
28 рет жүктеп алынды -
2806_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_СКО
29 рет жүктеп алынды -
2806_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Мангистауская область Военный
29 рет жүктеп алынды -
2806_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Костанайская область
29 рет жүктеп алынды -
2806_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Карагандинская область
31 рет жүктеп алынды -
2806_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_ЗКО
29 рет жүктеп алынды -
2806_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Алматинская область
29 рет жүктеп алынды -
2806_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Актюбинская область
29 рет жүктеп алынды