Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану жөнінде
ҚР АІЖК-нің 315-бабы 1-бөлігіне сәйкес, жылжымалы мүлікті иесіз деп тану туралы арызда қандай мүліктің иесіз деп тануға жататындығы, оның негізгі ерекше белгілері сипатталуға, сондай-ақ, мүлікке меншік құқығын сақтау ниетін көздемей, сол мүлікті меншік иесінің тастап кетуін куәландыраты дәлелдер және арыз иесінің мүлікті иеленуге кіріскенін куәландыратын дәлелдер келтіруге тиіс.
Осы баптың 2-бөлігінде коммуналдық құқықты басқаруға құқық уәкілеттігі берілген органның жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызында қандай мүліктің иесіз деп танылатыны , оның иесіз мүлік ретінде қай уақытта есепке қойылғаны көрсетілуге, сондайақ осы мүлікке меншік құқығын сақтау ниетін көздемей, меншік иесінің осы мүлікті тастап кеткенін куәландыратын дәлелдер келтірілуге тиіс екені көрсетілген. Осы заңнаманың нормасы бойынша арызда мәліметтің екі түрі болуы тиістігін талап етіледі:
- Белгілері: Мүлік белгілерінің қатарында оның өлшемі, түсі, құны, нөмірі, маркасы, шығарылған жылы және басқа да ерекше және жеке белгілері, жылжымайтын мүлікке қатысты – мекен-жайы, жер-кадастр нөмірі және басқалар.
- Дәлелдемелер:
А. Жылжымалы мүлік иесінің оған меншік құқығын сақтаудан бас тартуын куәландыратын дәлелдемелер қатарына, ең алдымен, меншік иесінің меншігінен нотариуспен расталған жазбаша түрде бас тартуы, мемлекет билігіне немесе оның органдарына жазбаша түрде бас тартуы, жылжымайтын мүлік иесінің, одан (тасталған мүліктен) меншік құқығынан бас тарту мақсатында немесе басқалай жағдайларда тастап кеткені туралы куәлардың жауабы. Иесіз жылжымайтын мүліктің меншік иесінің жоқ екендігін куәландыратын дәлелдеме ретінде мүлік тізбесінің актісі, жылжымайтын мүліктің мемлекеттік реестрде жоқ екендігі туралы құжаттар, меншік иесін табу, анықтау мақсатында мүлік туралы мәліметтер жариялау, басқа да жазбаша құжаттар, сондай-ақ куәлардың жауаптары.
Б. Арыз тапсырған тұлғаның жылжымалы мүлігі бар екеніне дәлелдер.
В. Жылжымайтын мүліктің мемлекеттік жылжымайтын мүліктерді тіркеу органына қойылғанына дәлелдеме.
Арызда мұндай мәлімет болмаған кезде сот арыз бойынша іс қозғамауға құқылы.
Істердің соттылығы және ведомостволық бағыныстылығы
Арызды сот өндірісіне қабылдау кезінде істің соттылығы мен ведомостволық бағыныстылығы анықталады.
Осы санаттағы істер бойынша даулар туындамайтындықтан мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың соттылығына жатпайды.
ҚР АІЖК-нің 314-бабына сәйкес істердің аумақтық соттылығы мүлікті иеленіп отырған жеке тұлғаның тұратын жері немесе мекеменің орналасқан жер болып табылады, немесе қозғалмайтын мүлік болса іс осы мүліктің орналасқан жері бойынша қаралуға жатады.
Жылжымалы мүлікті иесіз деп және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану негіздері мынадай материалдық заң нормаларында:
Азаматтық кодексі, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының нормаларында көзделген. Мүлік, біріншіден, иесіз болса, екіншіден – мүліктің иесі белгісіз немесе, үшіншіден – сол мүліктен меншік иесінің бас тартуы – зат иесіз деп танылады.
Мүліктен бас тарту иесінің міндеттерін атқармаудан немесе меншік құқығынан жария түрде бас тарту түрінде көрінеді. Заңнаманың мақсаты мүліктердің жойылып кетуінен сақтап, оларды азаматтық айналымға қатыстыру. Істерді қараудың нәтижесі.
Сотта істерді қарау нәтижесінде иесіз мүліктердің иесі пайда болады: оны пайдаланып отырған адам меншік иесі болады, немесе з сот затқа коммуналдық меншік туындайды. Жылжымалы мүлік пен жылжымайтын мүлікті иесіз деп танудың салдары әр түрлі.
Сот шешімінде меншік құқығы кімге танылғаны көрсетілу қажет. Жинақтау көрсеткендей соттар шешімнің қорытынды бөлігінде процессуалдық заңның осы тұсы сақтала бермейді.
Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану жөніндегі істі сотта қарауға әзірлеу және қарау. Істі сотта қарауға әзірлік сатысында сот мүліктің кімге тиесілі, оған құқық тіркелгені туралы кім мәлімет бере алатынын анықтау қажет, сонымен қатар мекемеге қатысты мәліметтер сұралады, мүдделі жақтар арызға пікірлерін ұсынады.
Істі сотта қарауға әзірлік сатысында мүлікті даралау істі қараудың бірден бір бөлігі болып табылады.
ҚР АІЖК-нің 314-бабы 1-бөлігінде көрсетілгендей, арызда ерекше белгілер көрсетілуге тиіс. Мүліктің бұл белгілерін сот шешімінде көрсету үшін, оны істі сотта қарауға әзірлік сатысында нақтылау қажет.
Сот шешімі.
Шешімге қойылатын талаптар жалпыға бірдей міндетті болып саналады. Зерделенген шешімдер Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 нормативтік қаулысының талаптарына сәйкес келеді.
ҚР АІЖК-нің 317-бабына сәйкес, шешімнің қорытынды бөлігі келесі мәліметтерді қамтуы тиіс: жылжымалы мүлікке қатысты – жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және оны арызданушының меншігіне беру туралы шешім; жылжымайтын мүлікке қатысты – жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және оған коммуналдық меншік құқығын тану туралы шешім.
ҚР АІЖК ҚР АІЖК-нің 317-бабына сай, сот мынадай шешімдер шығаруға құқылы емес: • иесіз мүлікке мемлекеттік меншікті тану туралы; • мүлікті мемлекет пайдасына беру туралы; • мүлікті жою және басқалар туралы.
Субъектілер:
ҚР АІЖК-нің 314-бабына сәйкес мүлікті иесіз деп тану туралы арызды жеке тұлға немесе ұйым береді. Иесіз мүлікті иемдену - арызды қабылдаудың міндетті шарты болып табылады. Сотқа жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган береді.
Мүдделі тұлғалар. Сотқа мүдделі тұлғаның қатысуы міндетті, істі мүдделі тұлғаның қатысуынсыз қарау іс жүргізу заңын бұзу болып табылады.
ҚР АІЖК-нің 170-бабы 3-бөлігіне сәйкес сот істің соңында мүдделі болуы мүмкін барлық тұлғаларды анықтауға және оларды іске қатыстыруға міндетті.
Осы санаттағы істерді қарау кезінде келесі мән-жайлардың шеңбері айқындалуы тиіс:
- Иесіз жылжымайтын мүлік жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға есепке қойылады;
- Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес, жылжымайтын мүлік анықталған жердегі республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың аумағында анықталған тиісті уәкілетті органынан арызының негізінде,
- Жылжымайтын мүлікті есепке алған күнінен бастап бір жыл өткен соң сотқа арызбен жүгіну;
- ҚР АІЖК-нің 314-бабы 2-бөлігін ескере отырып, республикалық маңызға ие қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызға ие қаланың жергілікті атқару органы да сотқа арызбен жүгінуге құқылы;
- Егер меншік иесі мүлікке меншік құқығынан жариялау арқылы бас тартса, сол сәттен бастап жергілікті атқару органы сол мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызбен сотқа жүгінеді.
Тұрғын үй: үй, пәтер.
Тұрғын үйдің басқа жылжымайтын нысандардан ерекшелігі жоқ. Алайда, бұл нормаларды қолдану кезінде соттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтік қаулысына сирек сілтеме жасайды. Жылжымайтын нысандардың осы тобында (тұрғын үйлер) мүлікті иесіз деп таныған кезде, ол мүліктің өз еркімен иемденіп алған басқа тұлғаның иелігінде және пайдалануында болатын жағдайлар жиі кездеседі.
Қостанай облысы Қостанай қалалық соты Қостанай қаласы әкімінің мүдделі тұлғалар - «Қостанай қалалық Әділет басқармасы» ММ-не, М.Н. Жадькоға «Берекелі» АҚ-на тіркелген пәтерге коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызы бойынша №2-3252/2015 істі қарады.
Жадько арызға қарсылық білдіріп, сотқа келесідей түсінік берген: 1993 жылы Жадько мен «Берекелі» АҚ арасында жылжымайтын мүлік айырбастау болған, нақты айтқанда, М. Жадько мен оның әкесі Н. Жадько «Берекелі» АҚ Қостанай қ. Абай көшесі №14 үйдегі №73 пәтерді сыйға берген. Ал «Берекелі» АҚ-ы оларға екі пәтерді: Қостанай қалалсы, 6- ықшам ауданы №1 үйдегі №29 пәтер мен Қостанай қ. Баймағамбетов көшесі №51 үйдегі №156 пәтерді берген. Алайда, олардың арасындағы мүлік ауыстырғаны жөніндегі келісім рәсімделмеген. Соңында, шамамен 1998-2000 жылдары «Берекелі» АҚ-ы құқықтық мирасқорлығы анықталмай жойылаған. Әкімнің 2004 жылғы 2 сәуірдегі №447 қаулысының негізінде бірнеше рет айту нәтижесінде М. Жадькомен мүлікті жалға беру шарты жасалады. Көшкен кезден «Берекелі» АҚ жойылғанға дейін, сондай-ақ жойылғаннан кейін де М.
Жадько жиырма жыл бойына аталған тұрғын үйді өзінің меншігі ретінде иемденіп келеді, сотқа мүлікке меншік құқығын тану туралы шағымданды, сондай-ақ әкімнің 2004 жылғы 02 сәуірдегі №447 қаулысына және 2004 жылғы 02 сәуірдегі мүлікті жалға беру шартына қарсылық жасады.
Алайда, Қостанай қалалық сотының 2013 жылғы 11 қарашадағы шешімімен М.Жадьконың талабын қанағаттандырудан бас тартылған, осылайша М. Жадько пәтерсіз қалған.
Қазақ КСР-нің жекешелендірілмеген мемлекеттік мүліктерін сот иесіз деп таниды
Қазақстан Республикасы Тұрғын үй кодексіне сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы» 1993жылғы 3 маусымдағы №458 қаулысына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорына Халық депутаттары кеңесінің басқаруындағы (коммуналдық тұрғын үй қоры), министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволарға, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар және ұйымдардың басқаруындағы (ведомстволық тұрғын үй қоры), сондай-ақ, өз қаражатымен салынған мемлекеттік емес кәсіпорындар (кәсіпорынның тұрғын үйі) тұрғын үйлер мен тұрғын үй ғимараттары жатқызылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының бюллетенінде (2015 жылғы №8, 44 б.) келесідей жазып көрсетілген: 1992 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселесі бойынша түсінік берілді, соған сәйкес 01.01.1991 жылға дейін салынған барлық тұрғын үйлер, жергілікті халық депутаттары кеңесінің балансында болған тұрғын үй қорын қоса алғанда, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жұмыстарын жүргізу мекемелеріне бекітілген немесе кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды шұғыл басқаруға берілген үйлер мемлекеттік меншікке жатқызылды.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» 2006 жылғы 20 сәуірдегі №3 нормативтік қаулысының 3 тармағына сәйкес заңмен белгіленген иеліктен шығару жағдайларын қоспағанда, мемлекет және оның органдары өздеріне тиесілі тұрғын үйге меншік құқығынан бас тартуға құқылы емес.
Яғни, бұл жағдайдан 01.01.1991 жылға дейін салынған және иесі жоқ, белгіленген тәртіппен құқығы тіркелген жылжымайтын мүліктер мемлекетке жатады және иелену мерзімінің өтуі бойынша меншік құқығын тануға жатпайды деп қорытынды жасауға болады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты белгіленген тәртіппен тіркелген деп негізсіз көрсетті деп ойлауға болады. 1991 жылға дейін тіркеу техникалық есепке алу бюросында (БТИ) жүргізілді.
«Мемлекеттік тіркеу және «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК құру және т.б. мәліметтерді компьютерлендіру туралы» ҚР Заңы шыққан соң, көптеген нысандардың қайта тіркелмегені және қазіргі мәліметтер базасына кірмегені белгілі болды. БТИ-дың мөрі басылған мүлікті жекешелендіру жөніндегі келісімдер өте жиі кездеседі, бірақ Әділет басқармасынан сұрау кезінде ол туралы мәлімет жоқ болып шығады, аталған нысан заң жүзінде жоқ екені анықталады.
Тіркеу органы қызметкерлерінің түсіндіруінше, оларға барлық нысандар берілмеген, сондай-ақ нысандардың барлығы олардың мәліметтер базасына енбеген. Бұған компьютерлік бағдарламалардың жиі жұмыс істемей қалуы да кедергі келтірген.
Сондықтан 01.01.1991 жылға дейін салынған нысандар жекеменшіктің немесе кәсіподақтың, ұжымдық шаруашылықтың меншігі болған жоқ, ол нысандар мемлекеттің меншігі ретінде саналуға тиіс.
Мемлекеттік меншік жекеменшікке тек қана жекешелендіру жолымен өтуі мүмкін. Егер жекешелендірі жөніндегі келісім болмаса, онда ол тіркелмеген тұрғын үйді немесе басқалай мүлікті коммуналдық меншікке беру дұрыс болмайды, себебі коммуналдық меншік дегеніміз мемлекеттік меншіктің басқаша ғана түрі.
Сотқа атқару билігі органдарының әрекетсіздігінен мүлікті өз уақытында немесе олардың мүлікті тіркеуге ақшалары болмауы салдарынан мемлекеттік меншік ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпеген мүліктер иесіз мүлік ретінде коммуналдық меншікке беріледі.
Егер меншік құқығы ешкімнің атына тіркелмесе, онда ол мүлік мемлекеттік меншік болып табылады
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының Заңының 36-бабы 1-бөлігіне сәйкес егер Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүйесін енгізгенге дейін мемлекеттік заңды тұлғаның балансына қойылған ғимаратқа, құрылысқа және өзге де жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану туралы дау болмаса, осы мүлікке мемлекеттік меншік құқығы, қажетті құқық белгілейтін құжаттар болмаған жағдайда, осындай мүліктің мемлекеттік мүлік құрамында болуы туралы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) құжаттарымен расталуы мүмкін деп көрсетілген.
Осы баптың 2-бөлігінде Қазақстан Республикасының аумағындағы және жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылмайтын барлық тарихи және мәдени ескерткіштері Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатыны көзделген.
Иесіз ретінде есепке қойылғанына 1 жыл өтпей мүлікке коммуналдық құқық танылды.
Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотының 2015 жылғы 28 сәуірдегі №2-33/2015 шешімімен 2014 жылғы 17 мамырда иесіз ретінде есепке қойылған скважина иесіз деп танылып, коммуналдық меншікке берілген, яғни есепке қойылғанына бір жыл өтпеген.
Мүлікті Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық соты «ШҚО Ұлан аудандық қаржы бөлімі» ММ пәтерді иесіз деп және коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы арызы бойынша №2-487-15 азаматтық істі қарады.
Шешімнің дәлелдеу бөлігінде пәтер иесі Н. Пятеровтың қайтыс болғаны, Қасым Қайсенов ауылы әкімдігінің Н. Пятеровтың мұрагерін іздеуге байланысты шара қабылдағанымен, оның жоғарыда аталған пәтеріне меншік құқығын иемденуге ниет білдіретін мұрагер табылмаған. 2015 жылғы 17 қыркүйектегі сот шешімімен пәтер иесіз деп және коммуналдық меншікке түсті деп танылды.
Жер телімі.
Жер телімдеріне қатысты шағымдарды қарау кезінде соттар үш нормативтік актілерді қатар қолдануы тиіс: ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Жер кодексі және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 23-бабы.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 23-бабы иесіз жылжымайтын мүліктерге мемлекеттік меншік құқығын беру мәселелерін реттейді. Жер теліміне меншік құқығынан немесе жерпайдалану құқығынан бас тарту Жер телімдеріне қатысты мәселелер екі кодексте көзделген жағдайларды түсіндіруді талап етеді:
ҚР Жер кодексінің 82-бабы 3-тармағы ҚР Азаматтық кодексінің 242-бабына сілтеме жасайды: Меншік иесі өзіне тиесілі жер теліміне меншік ету құқығынан жариялау арқылы немесе жер теліміне меншік құқығын сақтау ниетін көздемейтінін анық дәлелдейтін басқалай әрекеттермен бас тартуы мүмкін.
ҚР Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағына сәйкес, егер меншік иесі меншік құқығынан жариялау арқылы бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган, бас тарту туралы жарияланған сәттен бастап бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді.
Меншік иесі (жер иесі, жерпайдаланушы) бас тартқан жер телімдері есепке қойылмастан коммуналдық меншікке өткізіледі.
Осыған байланысты бірыңғай сот тәжірибесі қалыптаспаған. Кейбір соттар ҚР Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағын қолданып, жер телімін есепке қоймастан, бірден коммуналдық меншікке береді. Басқалары жер телімін есепке қояды және бір жыл өткен соң мүлікті коммуналдық меншікке өткізу туралы сотқа арызбен жүгінеді.
Үшіншілері есепке қойылғанына бір жыл өтпестен мұндай арыздарды қабылдайды және қарайды. Сондай-ақ, соттар меншік иесінің жер телімінен «жариялау арқылы» бас тартуы жөніндегі құқықтық нормаларды да әр түрлі түсінеді. Заң (ҚР Азаматтық кодексі мен Жер кодексі) жылжымайтын мүлікке меншік құқығынан жариялау арқылы бас тарту нотариуспен куәландырылған арыз түрінде болуы талап етіледі.
Бұл талап мемлекеттік органдарға жазбаша өтініш ретінде де жазылуы жиі кездеседі. Қалай болғанда да бұл заң талабының бұлжытпай сақталғанын білдірмейді, соттар мұндай арыздарды, өтініштерді қабылдайды.
(Мүмкін, жинақтау іс материалдары бойынша емес, тек сот шешімдерін зерделеу арқылы жасалғандықтан, жинақтау авторының қателесуі де мүмкін).
Меншік құқығы басқа тұлғаға өтпей тұрып, өзінің мүлкіне меншік құқығын қайта қабылдауға құқығы бар
№2-1794/15 азаматтық істе (Жезқазған қалалық сотының 2015 жылғы 21 шілдедегі шешімі) «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жер телімін иесіз деп тану және коммуналдық меншікке өткізу туралы арызы М. Мылтықбаевтың, оған уақытша жерпайдалану құқығы негізінде шаруа қожалығын жүргізуге берілген Жезқазған қаласындағы жер телімінен нотариуспен куәландырылған арыз жазу арқылы бас тартуы негіз болды.
ҚР Жер кодексінің 82-бабына сәйкес аталған жер телімі иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке қойылды.
Алайда М. Мылтықбаев жер телімін қайта басқару ниетімен, аталған жер теліміне меншік құқығынан бас тартуы жөніндегі арызының анулировать туралы арызбен сотқа жүгінді, және өзінің осы ниетін сот отырысында қуаттады.
Сол себепті сот «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің арызын қанағаттандырудан бас тартты. Басқа жағдайларда сот арыз негізінде иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке қоюсыз жер теліміне коммуналдық меншік құқығын таниды.
Немесе есепке қойып, бір жыл өткенге дейін коммуналдық меншік құқығын таниды. Астана қаласы Алматы аудандық соты №2-709/2015 азаматтық іс бойынша Астана қалалық әкімдігінің құқықиеленуші Н.У. Балгимбаевтің мемлекет пайдасына, шығын өндірусіз, Астана қ. Алматы ауданында орналасқан жер телімінен меншік құқығынан бас тартқандығын және оның осы туралы тиісті арызын ұсынғандығымен дәлелдеген, аталған жер телімін иесіз және коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талабын қанағаттандырған.
Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану туралы заңнамада көзделген жағдайлар
ҚР Азаматтық кодексінің 243-бабы 2-бөлігінде меншік иесі бас тарқан жылжымалы мүлікті меншігіне айналдыру тәртібі айқындалған:
Меншігінде, иелігінде немесе пайдалануында құны жиырма айлық есептік көрсеткішке сәйкес сомадан көрінеу төмен тасталған мүлік не тасталған металл сынықтары, жарамсыз өнім жатқан жер учаскесі бар адамның ол заттарды пайдалануға кірісіп немесе осы заттарды меншігіне қаратқандығына куә болатын өзге де іс-әрекет жасап, оларды өз меншігіне айналдыруға құқығы бар.
Басқа тасталған заттар, егер осы адамның арызы бойынша оларды сот иесіз деп таныса, оларды иеленуге кіріскен тұлғаның меншігіне кіреді.
Сөйтіп, Кодексте заң талабы меншік иесі бас тартқан мүлікке оның құнына байланысты меншік құқығының екі жолын қарастырады. Иесіз жылжымалы мүліктер екі топқа бөлінеді:
- 20 айлық есептік көрсеткішке сәйкес сомадан жоғары және
- 20 айлық есептік көрсеткішке сәйкес сомадан төмен.
Бірінші жағдайда иеленуші бұл затты жай ғана пайдаланады. Ал екінші жағдайда мүлікті иесіз деп тану туралы сот шешімі талап етіледі. Мұндай нормалар «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 23 және 24-баптарында қарастырылған.
Сотта 20 айлық есептік көрсеткішке сәйкес сомадан жоғары мүліктерге қатысты істер қаралуы тиіс. Егер мүлікті иесіз деп жөніндегі туралы арызда оның құны туралы мәлімет жоқ болса, сот істі қарауға әзірлік сатысында мүліктің құнын анықтауға тиіс болады.
Заңнама ҚР Азаматтық кодексінің 246-бабында қараусыз жануарларға меншік құқығының туындауын жекелей қарастырып, реттейді.
Осы баптың 3 бөлігінде егер жұмыс малы мен ірі қараны ұстап алғаны туралы мәлімделген кезден бастап, 6 ай ішінде және басқа үй жануарлары жөнінде – 2 ай ішінде олардың меншік иесі табылмаса және оларға өзінің құқығы туралы мәдімделмесе, бұл жануарларға меншік құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшетіні көзделген.
Бұл адам бағуында болған жануарды меншігіне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншікке түседі.
Бас бостандығынан айыру орындарынан алынған заттарды мемлекет пайдасына өткізуге байланысты істер
ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 98-бабы 6-бөлігіне сәйкес, сотталғандардан, сондай-ақ мекеменің аумағынан табылған, кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін болмаған ақшаны, бағалы заттарды және өзге де құндылықтарды әкімшілік мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес алып қояды және олар сот қаулысы бойынша мемлекет кірісіне айналдыруға жатады.
Мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген нәрселер, құжаттар, заттар, бұйымдар, заттектер, тамақ өнімдері, оның ішінде мекеменің аумағынан және режимдік талаптар орнатылған, оған іргелес жатқан аумақтан табылғандары, мекеме әкімшілігінің комиссиялық шешімі бойынша туыстарына немесе сақтауға беріледі не мекеме бастығының қаулысы бойынша жойылады, бұл жөнінде акт жасалады.
Яғни, аталған нормада мемлекет кірісіне тек ақша, бағалы заттар және өзге де құндылықтардың өткізілуіне жататыны, басқа заттарға қатысты сотқа ұсыну талап етілмейтінін, оларды туыстарына беру, сақтау немесе жою жөнінде мекеме әкімшілігінің өзі шешетіні көзделген.
Республика соттарының көбі жойылуға жататын мүліктерге коммуналдық немесе мемлекеттік меншік құқығын таниды.
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы сот Л.Ж. Акалеваның төрағалық етуімен «ОВ-156/17 мекемесі» РММ-нің заттарды жою және пайдалануға тыйым салынған заттарды мемлекет кірісіне өндіру туралы арызы бойынша №2-29-15 азаматтық істі қарады. 2015 жылғы 12 ақпанда сот 1) №355207035928581 «Нокия 5220» маркалы ұялы телефоны; 2) №3541710299708162 «Нокия 5310 Xpress Musik» маркалы ұялы телефоны; 3) №356931039736133 «Нокия 1661-2» маркалы ұялы телефоны мемлекет кірісіне обратить шешті.
Ұялы телефондарының құны анықталмаған. Арызды қанағаттандыруда заттарды жою бөлігінде саны – 5 дана симкарталарды және саны – 7 дана қуаттағышты жоюдан бас тартқан.
Сот шешімде заттарды жоюдан бас тартуын ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 98-бабы 6-бөлігіне сәйкес мекеменің ішкі тәртіп ережесінде тыйым салынған заттар мекеме бастығының қаулысымен жойылуы мүмкін екендігімен дәлелдеген.
Мүлікті коммуналдық меншікке беру кезінде «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 24-бабының ережелерін ескеру қажет:
заттың құны 20 АЕК төмен не жоғары екендігін анықталуы тиіс. Одан өзге, осы Заңның 24-бабы 3-бөлігінде былай көрсетілген: Мүлікті аудандық коммуналдық мүліктің құрамына қабылдау қажеттігі туралы мәселе қаралған кезде:
- экономикалық тұрғыдан қажеттілігі;
- мүліктің аудандық коммуналдық мүліктің құрамына қабылданғаннан кейінгі мақсаты мен пайдаланылуы негізгі өлшемдер болып табылады.
Қылмыстық немесе азаматтық процесс
Нормативтік қаулыда қозғалған қылмыстық іс бойынша заттай дәлел болып табылатын заттардың тағдыры жөнінде ойлануды талап етеді.
заттай дәлелдердің тағдыры қылмыстық іс шеңберінде шешіледі.
Алайда кейде қылмыстық іс жылдар бойына жалғасады, ал заттай дәлелді сақтау шығынды дәлел талап етеді.
Соттардың ҚР ҚІЖК-нің 18-бабы 3-бөлігі 4- тармағын тек азаматтық іс жүргізуде ғана емес, сонымен қатар прокурордың өтініштері бойынша да қолданатынын көрсетті.
Сот шешімімен мыс концентраты мемлекет меншігіне өткізілді.
Семей транспорт прокуроры сотқа жалған декларацияланған тауарларды иесіз және мемлекет кірісіне түсті деп тану туралы арыз жазып, келесі мән-жайларды көрсетті: 2014 жылғы 26 маусымдағы сенімхат бойынша «Қара Керей» ЖШС-нің өкілі Шайакымет Нуртай қандай да бір тиісті келісімшарт жасаспастан, ШҚО Глубокое поселкасында орналасқан бұрынғы Ертіс мыс зауыты аумағынан сотқа дейінгі тергеу барысында анықталмаған «Қуат» және «Фазыл» деген тұлғалардан құны 77 238 624 теңгені құрайтын салмағы 184,7 тонна «мыс концентраты» рудасын алып, республикадан тыс аймаққа алып кетпек болған.
05.06.2014 жылы ШҚО бойынша ІІБ МКД жөніндегі аға тергеушісі сотқа дейінгі тергеу барысында Н. Шайакыметтің өз әрекетіне шын өкінуіне байланысты , оған қатысты қылмыстық істі қысқартуға шешім қабылдады. ШҚО бойынша ЭСЖҚД тергеушісінің қаулысымен жалған декларацияланған тауарлар заттай дәлел болып танылды.
Семей қалалық соты №2 сотының тергеу судьясының 03.06.2015 жылғы қаулысымен аталған контрабандалық заттарға тыйып салынып, «Customs Asian Terminal» АҚның қоймасына уақытша сақтауға қойылады. Сот Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, мүлік меншік иесінен әкімшілік немесе қылмыстық өқөық бұзушылық жасағаны үшін санкция түрінде сот тәртібімен өтеусіз алып қойылуы (тәркіленуі) мүмкін екендігі көзделген ҚР Азаматтық кодексінің 254 бабына сүйеніп, арызды қанағаттандырды.
Ары қарай, сот «ҚР ҚІЖКнің 118-бабы 3-бөлігі 4-тармағына сәйкес, қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығару кезінде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешілуге тиіс. Бұл ретте, контрабандалық заттар шешімі бойынша мемлекеттің кірісіне айналдырылуға жатады» деп көрсеткен. Соттардың іс жүргізу және материалдық құқық нормаларын қолдануы түсініксіз.
ҚР Азаматтық кодексінің 254-бабы меншік құқығын тоқтату негізін реттейді, бірақ тәртібін көрсетпейді. Сот ҚР Азаматтық кодексі 154- бабы 4, 5 -бөліктері қолданылған жарамсыз мәлілелер мен жарамсыздықтың салдары бойынша істерден бөлек, азаматтық істе тәркілеу жөніндегі құқықтыұ нормаларды қолдануға құқылы емес. Сот заттай дәлелдердің тағдыры қылмыстық іс жүргізу нормалары бойынша шешілетінін дұрыс көрсетті.
Алайда, қылмыстық іс жүргізу бойынша іс жүргізу құжаттарын шығару кезінде қылмыстық қудалау органы заттай дәлелдердің тағдырын шешуге тиіс болатын (ҚР ҚІЖ-нің 118-бабы 3-бөлігі 4-тармағына сәйкес, қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығару кезінде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешілуге тиіс). Шешімде қылмыстық қудалау органының заттай дәлелдердің тағдырын азаматтық іс жүргізуді қарауға өткізгеніне сілтеме жасалмаған.
Заттай дәлел болып танылған қылмыстық жолмен жиналған ақша және өзге де құндылықтар, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерліктің және контрабанданың нәрселері соттың шешімі бойынша мемлекеттің кірісіне айналдырылуға жататыны көзделген ҚР ҚІЖК-нің 118-бабы 3-бөлігі 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Экономикалық қызмет саласындағы» .
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 18 маусымдағы №2 нормативтік қаулысының нормаларын қолданған.
Сот «қылмыстық жолмен жиналған ақша және өзге де құндылықтар, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерліктің және контрабанданың нәрселері соттың шешімі бойынша мемлекеттің кірісіне айналдырылуға жатады» деп көзделген ҚР ҚІЖК-нің 118-бабы 3-бөлігі 4-тармағына сүйені байқалады.
Мұндағы «сот шешімі бойынша» деген сөз азаматтық іс жүргізуде дегенді білдіреді. Алайда қылмыстық қудалау органы да аталған заттай дәлелдердің тағдырын шешуге негіздеме жасап, ол заттарға дау туындамаған жағдайда, мемлекет кірісіне айналдыруға тиіс.
Қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдердің мәселесі іс шеңберінде шешілуге тиіс.
Келесі істе арызды қабылдаудан дұрыс бас тартқан. 2015 жылғы 23 маусымдағы №1-715/15 іс бойынша Жамбыл облысы Қордай аудандық соты Қордай ауданының прокуроры Ж.Б. Еламановтың мүлікті иесіз деп тану туралы арызын қарап, ҚР ҚІЖК-нің 153-бабы 1-бөлігі 1-тармақшасына сәйкес арызды қабылдаудан бас тартты.
Істің мән-жайы: 2014 жылғы 22 желтоқсанда 2038 әскери бөлімінің тергеушісі №88 шекаралық белгі ауданында А.Э. Шахвердиев пен Р.Я. Мамедовтің контрабандалық жүкті тасымалдау фактісін анықтаған.
Осы факті бойынша қылмыстық қудалау органы шешім қабылдамаған және заттай дәлелдер туралы да мәселе шешілмеген. ҚР ҚІЖК-нің 118-бабы 2 және 3-бөліктеріне сәйкес заттай дәлелдемелер қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысымен іске қоса тігіледі және үкім немесеісті тоқтату туралы қаулы заңды күшіне енгенге дейін сонда болады.
Қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығару немесе үкім шығару кезінде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешілуге тиіс.
Меншік иесі бар кезде, көлік иесіз деп танылмайды.
Ақтөбе қалалық прокуратурасының «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті» ММ мүдделі тұлғасы Д.Н. Елатомцеваға жылжымалы мүлікті – автокөлікті – иесіз деп тану және мемлекет кірісіне өткізу туралы арызы бойынша азаматтық іс сотта 2015 жылғы 22 мамырда қаралған. Істің мән-жайы бойынша Ақтөбе облысы бойынша кедендік бақылау департаменті қызметкерлерінің жедел-іздеу шараларын өткізу барысында Д.Н. Елатомцеваның атына тіркелген 2005 жылғы «MAZDA 6» маркалы автокөлік анықталған.
Автокөлікті тіркеуге негіз болған көлік құжаттарын талап еткен кезде, аталған көлік құралын тіркеу жөніндегі куәліктің бұрынғы №NF00014956 және №052 DCM (Қызылорда облысы) мемлекеттік нөмірі анықталды. «MAZDA 6» автокөлігінің тіркелу фактісін тексеру мақсатында Ақтөбе облысы бойынша кедендік бақылау департаменті Қызылорда облысы ІІД-нің жол полициясының тіркеу бөлімінен және автокөлік алғаш тіркелген кездегі құжаттарды талап етіп Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментіне сұраныс жолданды, аталған департаменттің (Қызылорда КБД) жауабы бойынша жүк кеден декларациясы мәліметтер базасында жоғарыда келтірілген автокөлік есепке қойылмаған және ол көлік құралының тілкелмегенін анықтаған.
Сот-трассологиялық сараптама қорытындысына сәйкес VIN-код позициясының 13-ші және 15-ші екі жеке белгілері өзгертілген.
Осы факт бойынша 03.01.2007 жылы Ақтөбе облысы бойынша КБД қызметкерлері ҚР ҚК-нің 209-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша белгісіз тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғаған. 11.01.2008 жылы ҚР ҚІЖК-нің 50-бабы 1-бөлігі 1-тармағына сәйкес айыпталушы ретінде іске қатыстырылуға тиісті тұлғалардың анықталмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. «КТП» ЖШС-не сақтауға қойылған алынған тауардың мәселесі шешілмеген.
Прокурор соттан жылжымалы мүлікті – автокөлікті – иесіз деп тану және мемлекет кірісіне өткізуді сұраған. Прокурордың арызы сот шешімімен қанағаттандырудан бас тартылды. Сот өзінің шешімін Ақтөбе облыстық ІІД Жол полициясы басқармасының мәліметіне сай «MAZDA 6» автокөлігінің меншік құқығы Д.Н. Елатомцеваға тиесілі, демек ол автокөлік иесіз емес деп дәлелдеген. Сотарызданушының арызы негізсіз, қанағаттардыруға жатпайды деп тапқан.
Бұл шешімнің заңдылығы тек сот шешіміндегі уәждермен ғана заңды деп саналмайды, өйткені шешімнің заңдылығы мүлікті оны иеленіп, пайдаланатын органға сату арқылы азаматтық айналымға түсіру үшін мемлекет кірісіне түсті деп танылуға жататындығында.
Бұл жағдайда арыздағы кемшіліктерге байланысты автокөлік азаматтық айналымға түсе алмайды. Көлікті сату оны қосалқы бөлшектер немесе оның оны жою үшін жарамсыз бөлшектерін алып қою арқылы ғана мүмкін болады
Иесіз қалған мүліктер. Егер мұрагері болса, ол мүлік иесіз қалған деп танылмайды.
Пертопавл қаласының №2соты «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» ММнің Байгужина Алия Сапаргалиевнаға, Солтүстік Қазақстан облысының ІІД» ММ-не маркасы «АUDI 80» транспорт құралына, мемлекеттік нөмірі Т 269 КZМ, меншік құқығын тоқтату, аталған көлік құралын металл сынығы деп тану, металл сынығын иесіз және оны коммуналдық меншікке түсті деп тану жөнінде арызы бойынша № 2-2542/15 азаматтық іс қараған.
Маркасы «АUDI 80» транспорт құралы, мемлекеттік нөмірі Т 269 КZМ, ҚР ІІМ-нің жол полициясы Басқармасының мәліметіне сәйкес Байгужин Болат Тасбаевичтің атына тіркелген. Б.Т.Байгужин 03.07.2011 жылы қайтыс болған.
Оған ашылған мұрагерлік іс бойынша автокөлік туралы мәлімет жоқ. 03.06.2001 жылы автокөлік арнайы тұраққа қойылған.
Соттың ұйғарымымен талаптың мемлекеттік нөмірі Т 269 КZМ, «АUDI- 80» транспорт құралын металл сынығы деп тану, металл сынығын исесіз және оны коммуналдық меншікке түсті деп тану жөніндегі бөлігі қысқартылған. Қысқартудың негізі көрсетілмеген. 2015 жылғы 21 сәуірдегі шешіммен меншік құқығын тоқтату жөнінде талапты қанағаттандырудан бас тартқан.
Сот өзінің шешімін төмендегі мән-жайлармен дәлелдеген. ҚР АК-нің 249 бабының 1 тармағында меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иа сәйкес меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айырылған жағдайда тоқтатылады.
Бұл жағдайда талапкердің мемлекеттік нөмірі Т 269 КZМ, «АUDI- 80» транспорт құралын арнайы тұрақ аумағанда сақтау құқығы бұзылмаған, соған сәйкес талаптың бұл бөлігі қанағаттандырылуға жатпайды.
Сот «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» ММ-нің Т.Б.Байгужиннің атындағы көлік құралына меншік құқығын тоқтату жөніндегі талаппен сотқа жүгінуге құқы жоқ, өйткені аталған көлік коммуналдық меншік болып табылдмайды деген қорытынды жасаған.
Сотынмен қатар, талапкер Б.Т.Байгужиннің атына тіркелген мемлекеттік нөмірі Т 269 КZМ, «АUDI- 80» автокөлігіне меншік құқығын тоқтатуды сұрап сотқа талап берген.
Бірақ іс материалдарында аталған автокөлік Т.Б.Байгужиннің атына тіркелгені жөнінде мәлімет жоқ. Осы ісбойынша талап қою (меншік құқығын тоқтату) және ерекше іс жүргізу (мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншікке беру) бойынша арыздар талап қою бойынша іс жүргізу өндірісінде қаралған.
Мүлік бір мезгілде иесіз қалған және иесіз деп тынылған.
Ақтөбе қаласының прокуратурасының мүдделі жақтар «Ақтөбе облыстық әділет Департаменті» РММ-не, «ForteBank» АҚ-на, Аятоллина Актоты Куанышевнаға мүлікті иесіз деп және иесіз қалған деп танып, оны мемлекет кірісіне аудару туралы арызы берген (іс №2-3214/15 ).
Сот арызды қанағаттандырып, «Гараев» жеке кәсіпкерінің арнайы тұрағында сақтауда тұрған жылжымалы мүлік –маркасы «Лада 21150», мемлекеттік тіркеу нөмірі D 833 ОСМ, 2006 жылы шығарылған, қозғалтқышы №4479245, кузов №4290543, түсі «күміс металлик» автокөлігінің Аятоллина Актоты Куанышевнаға тиесілі ½ үлесін иесіз деп танып, оны мемлекет кірісіне өндірілсін».
2010 жылы 3 наурызда қайтыс болған Аятолла Галымжан Ахотұлының «Гараев» жеке кәсіпкерінің арнайы тұрағында сақтауда тұрған жылжымалы мүлкі, - маркасы «Лада 21150», мемлекеттік тіркеу нөмірі D 833 ОСМ, 2006 жылы шығарылған, қозғалтқышы №4479245, кузов №4290543, түсі «күміс металлик» автокөлігін ½ үлесін иесіз деп танып, оны мемлекет кірісіне өндірілсін».
Негізгі нормативтік құқықтық актілер
Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын танудың негіздері мен тәртібін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:
ҚР Азаматтық кодексінің 242, 243, 246, 250-баптары;
ҚР Жер кодексі, 82 бап;
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүліктер туралы» Заңы;
ҚР АІЖК-нің 36-тарауы, Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 нормативтік қаулысы;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» 2006 жылғы 20 сәуірдегі №3 нормативтік қаулысы.
Сондай-ақ, жергілікті нормативтік актілер де қолданылуы тиіс. Мысалы, Астана қаласы мәслихатының «Абатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» 2004 жылғы 30 наурыздағы №28/6-ІІІ шешімінің 118/1 – 118-17 баптары 2011 жылғы 29 маусымдағы №463/65-ІV шешімімен енгізілген өзгертуімен. Осы өзгертулермен қала аумағындағы иесіз транспорттық құралдарды анықтау, есепке қою, пайдалану немесе утилизациялану реттеледі.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Признании движимого имущества бесхозяйной и признании права
40 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 20 апреля 2006 года №3 каз
35 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 20 апреля 2006 года №3 рус
33 рет жүктеп алынды -
2515_ШЕШІМ_АПК_ОҚО
36 рет жүктеп алынды -
2515_ШЕШІМ_АПК_ Қызылорда облысы
47 рет жүктеп алынды -
2515_ШЕШІМ_АПК_ ШҚО
48 рет жүктеп алынды -
2515_ШЕШІМ_АПК_ Маңғыстау облысы
39 рет жүктеп алынды -
2515_ШЕШІМ_АПК_ Атырау облысы
33 рет жүктеп алынды -
2515_РЕШЕНИЕ_ГПК_СКО
36 рет жүктеп алынды -
2515_РЕШЕНИЕ_ГПК_Костанайская область
35 рет жүктеп алынды -
2515_РЕШЕНИЕ_ГПК_Карагандинская область
33 рет жүктеп алынды -
2515_РЕШЕНИЕ_ГПК_ЗКО
34 рет жүктеп алынды -
2515_РЕШЕНИЕ_ГПК_Жамбылская область
34 рет жүктеп алынды -
2515_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Астана
34 рет жүктеп алынды -
2515_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Алматы
35 рет жүктеп алынды