⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 192-бап. Сотқа дейiнгі тергеп-тексерудің мерзімі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

192-бап. Сотқа дейiнгі тергеп-тексерудің мерзімі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

192-бап. Сотқа дейiнгі тергеп-тексерудің мерзімі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Сотқа дейiнгі тергеп-тексеру қылмыстық істің күрделілігі, тергеу әрекеттерінің көлемі және істің мән-жайларын зерттеудің жеткіліктілігі ескеріле отырып, қисынды мерзімде, бірақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінен аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс.

      Қылмыстық сот ісін жүргізудің қисынды мерзімін айқындаған кезде қылмыстық істің құқықтық және нақты күрделілігі, сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысушылардың процестік құқықтарды іске асыруы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өз өкілеттіктерін сотқа дейінгі іс жүргізуді уақтылы жүзеге асыру мақсатында іске асыру тәсілі сияқты мән-жайлар ескеріледі.

      2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі арыз бен хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген кезден бастап қылмыстық іс қылмыстық істі тоқтату туралы қаулымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен, бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулымен, қылмыстық теріс қылық туралы қаулымен, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен, айыптау хаттамасымен немесе істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін сотқа беру туралы қаулымен прокурорға жіберілген күнге дейін не прокурор істі сотқа жібере отырып, кінәні мойындау туралы мәміле немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасқан күнге дейін есептеледі.

      Анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауға тиіс. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімін белгілей отырып, осы мерзімдерді қайта қарауға құқылы.

      Ескерту. 2-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
      ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
      алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).

      3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімге:

      1) қылмыстық процеске қатысушылардың осы Кодекстің 190, 192-2 және 296-баптарында көзделген тәртіппен қылмыстық іс материалдарымен танысқан;

      2) қылмыстық істің қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, жәбірленушінің шағымы бойынша сотта және прокуратурада болған;

      3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның процестік шешімдерін және (немесе) әрекеттерін бекіту не келісу туралы мәселені қарауға байланысты қылмыстық істің прокурорда болған;

      4) процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарауға байланысты қылмыстық істің прокурорда болған уақыты кірмейді.

      4. Осы баптың екінші бөлігінде белгіленген сотқа дейiнгі тергеп-тексеру мерзімін тергеушінің, анықтау органы бастығының уәжді өтінішхаты бойынша:

      істің күрделілігіне байланысты аудандық және оған теңестірілген прокурор – қисынды, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге;

      істің ерекше күрделілігіне байланысты немесе қылмыстық істің материалдарын қылмыстық қудалауды жалғастыру үшін шет мемлекетке жіберу туралы мәселені шешу кезінде – облыс прокуроры мен оған теңестірілген прокурор және олардың орынбасарлары қисынды, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

      5. Сотқа дейiнгi тергеп-тексеру мерзiмiн одан әрi ұзартуға айрықша жағдайларда ғана жол берiледi және оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары қисынды, бірақ осы баптың бірінші бөлігінде белгіленгеннен аспайтын мерзімге жүзеге асыра алады.

      6. Сотқа дейiнгi тергеп-тексерудiң мерзiмiн ұзарту туралы қаулыны тергеу бөлімінің, анықтаудың бастығы, прокурор ауданның, облыстың прокурорына және оларға теңестiрiлген прокурорларға сотқа дейiнгi тергеп-тексеру мерзiмi аяқталардан – бес тәулiктен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, оның орынбасарларына – он тәулiктен кешіктірмей ұсынуға мiндеттi.

      7. Прокурор істі қосымша тергеп-тексеру үшін қайтарған, қылмыстық істі үзу немесе тоқтату туралы қаулының күші жойылған не сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулыны келісуден немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны бекітуден бас тартылған кезде сотқа дейiнгi тергеп-тексеру прокурор белгілеген, бірақ іс қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адамға келіп түскен кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Мерзімді одан әрі ұзарту жалпы негіздерде және осы бапта көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      8. Күдікті, жәбірленуші тергеп-тексерудің негізсіз созылуына шағым жасауға және қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адамның оның барысында істі тергеп-тексеруді толық көлемінде аяқтауына қажетті белгілі бір мерзімді белгілеу туралы өтінішхатты прокурорға мәлімдеуге немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.

      Ескерту. 192-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

45-бап. Іс бойынша сот ісін жүргiзудi тоқтата тұру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

45-бап. Іс бойынша сот ісін жүргiзудi тоқтата тұру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыс...

Толық оқу »

407-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

407-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Сот төрелiгiн жүзеге асыр...

Толық оқу »

409-бап. Конституциялық іс жүргізуді, сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

409-бап. Конституциялық іс жүргізуді, сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi ҚР ҚК, Қылмыстық коде...

Толық оқу »

179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа де...

Толық оқу »

180-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

180-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар бол...

Толық оқу »

189-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

189-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру анықтау, алдын ала тергеу нысаны...

Толық оқу »

193-бап. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы өкiлеттiктерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

193-бап. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы өкiлеттiктерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Прокурор, сотқа дейiнгi тергеп-те...

Толық оқу »

194-бап. Тергеу, жедел-тергеу тобының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

194-бап. Тергеу, жедел-тергеу тобының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп...

Толық оқу »

198-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінде шығарылатын шешімдер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

198-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінде шығарылатын шешімдер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодексте осы адамның процестік әрек...

Толық оқу »

201-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

201-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректер...

Толық оқу »

188-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлетiн жер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

188-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлетiн жер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық құқық бұзушылық...

Толық оқу »

288-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

288-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы уә...

Толық оқу »

289-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылғаннан кейінгі әрекеттері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

289-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылғаннан кейінгі әрекеттері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-проце...

Толық оқу »

291-бап. Тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды қайта бастау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

291-бап. Тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды қайта бастау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тер...

Толық оқу »

298-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

298-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ескерту. 298-баптың тақырыбы жаңа редакц...

Толық оқу »

299-бап. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің мазмұны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

299-бап. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің мазмұны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі...

Толық оқу »

300-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті және қылмыстық істі прокурорға жіберу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

300-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті және қылмыстық істі прокурорға жіберу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ескерту....

Толық оқу »

526-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысаны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

526-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысаны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Анықтау органы жауаптылыққа тартудың ескіру мерзім...

Толық оқу »

Комментарий к статье 339. Воспрепятствование осуществлению правосудия и  производству предварительного расследования УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 339. Воспрепятствование осуществлению правосудия и производству предварительного расследования УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Вмешател...

Толық оқу »

Комментарий к статье 341. Угроза или насильственные действия в связи с осуществлением правосудия или производством предварительного расследования УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 341. Угроза или насильственные действия в связи с осуществлением правосудия или производством предварительного расследования УК РК Уголовного Кодекса Респ...

Толық оқу »

423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе...

Толық оқу »

324-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

324-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Судья iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы қау...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 103. Приостановление исполнения решения в связи с подачей жалобы Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 103. Приостановление исполнения решения в связи с подачей жалобыУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан В случаях, предусмотренных настоящи...

Толық оқу »

Комментарий к статье 493. Приостановление исполнения приговора, постановления суда Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 493. Приостановление исполнения приговора, постановления судаУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Председатель Верховного Суда Республики...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 324. Приостановление производства по уголовному делу Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 324. Приостановление производства по уголовному делуУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Постановление о приостановлении производства...

Толық оқу »

493-бап. Соттың үкiмiн, қаулысын орындауды тоқтата тұру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

493-бап. Соттың үкiмiн, қаулысын орындауды тоқтата тұру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақст...

Толық оқу »

103-бап. Шағым берiлуiне байланысты шешiмнiң орындалуын тоқтата тұру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

103-бап. Шағым берiлуiне байланысты шешiмнiң орындалуын тоқтата тұру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Осы Кодексте көзделген жағдайларда шағым бе...

Толық оқу »