289-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылғаннан кейінгі әрекеттері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір тәулік ішінде қаулы мен қылмыстық істі прокурорға бекіту үшін жібереді.
Қылмыстық іс бір бөлігінде не жекелеген күдіктілерді қылмыстық қудалау толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтатылған кезде прокурорға бекіту үшін қаулы жіберіледі.
2. Прокурор бекіткен қаулы келіп түскеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген адам күдіктіні, оның қорғаушысын, заңды өкілін, жәбірленушіні және оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді және олардың өкілдерін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тоқтатылғаны және оны тоқтату негіздері туралы хабардар етеді.
Аталған адамдарға істің материалдарымен танысу құқығы және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыға шағым жасау тәртібі түсіндіріледі. Осы адамдардың өтінішхаты бойынша оларға прокурор бекіткен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулының көшірмесі табыс етіледі.
Ескерту. 289-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы