539-бап. Кәмелетке толмаған адамға кешендiпсихологиялық-психиатриялық және психологиялық сараптама жасау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша күдiктiнің, айыпталушының өз әрекеттерiне есеп беру және іс бойынша анықталған жағдайларда өз әрекеттерiн игеру қабiлетiн, оның есінің дұрыстығын, онда есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуы бар (жоқ) екенін айқындау үшін психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу мiндеттi.
2. Кәмелетке толмаған күдiктiнiң, айыпталушының зияткерлік, ерiк-жiгерлік, психикалық дамуының деңгейiн, жеке басының өзге де психологиялық қырларын анықтау үшiн психологиялық сараптама тағайындалуы мүмкін.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы