⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-1-бап. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметке қойылатын талаптар Тұқым шаруашылығы туралы

14-1-бап. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметке қойылатын талаптар Тұқым шаруашылығы туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 14-1-бап. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзу және тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметке қойылатын талаптар Тұқым шаруашылығы туралы 

      1. Жеке тұлғалар ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткізу жөніндегі қызметті және тұқымдардың сорттық және егістік сапасына сараптаманы жүзеге асыру үшін хабарламамен бірге: 

      1) байқаудан өткізушілер үшін – агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, тұқым сарапшылары үшін – агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (ауыл шаруашылығы), стандарттау және сертификаттау (ауыл шаруашылығы) мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің бар екенін; 

      2) арнайы даярлықтан өткендігін (байқаудан өткізушілер үшін – байқаудан өткізушілер курстары); 

      3) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханадағы (тұқым сарапшылары үшін) жұмысы немесе тағылымдамасы (кемінде екі ай) туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады. 

      2. Байқаудан өткізушілер және (немесе) тұқым сарапшылары мынадай талаптарға сай болуға тиіс: 

      1) байқаудан өткізушілер үшін: 

      агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің; 

      арнайы даярлығы (байқаудан өткізушілер курстары) туралы құжаттың болуы; 

      2) тұқым сарапшылары үшін: 

      агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (ауыл шаруашылығы), стандарттау және сертификаттау (ауыл шаруашылығы) мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің; 

      тұқым сапасына және екпе материалына сараптама жасау жөнiндегi зертханадағы жұмысы немесе тағылымдамасы (кемінде екі ай) туралы құжаттың болуы. 

      Ескерту. 4-тарау 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385 Заңы. 

             Осы Заң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерiн белгiлейдi және тұқым шаруашылығы жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуi және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану iсiн мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттеуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы