12-бап. Өтінім сараптамасының нәтижелерi бойынша шешiмдер Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы
1. Алдын ала сараптама нәтижелерi бойынша өтiнiш берушiге өтінім берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны туралы немесе іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі.
2. Өтiнiм қабылданған жағдайда сараптама ұйымы толық сараптама жүргізеді, оның нәтижелері бойынша өтінім берушіге тауар белгісін тiркеу, алдын ала ішінара тіркеу немесе тiркеуден алдын ала бас тарту туралы сараптама қорытындысы жіберіледі.
Өтінім беруші өзіне тіркеуден бас тарту немесе ішінара тіркеу туралы алдын ала сараптама қорытындысы жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде уәжді қарсылық беруге құқылы, оны қарау нәтижелері бойынша сараптама ұйымы қарсылық келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде түпкілікті қорытынды шығарады.
Түпкілікті қорытындының негізінде сараптама ұйымы тауар белгісін тiркеу, ішінара тіркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3. Тауар белгісін тiркеу немесе ішінара тіркеу туралы шешiм Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне оны енгiзгенге дейiн неғұрлым ертерек басымдығы бар өтiнiмнiң анықталуына байланысты қайта қаралуы мүмкiн.
4. Өтiнiм берушi тіркеу немесе ішінара тіркеу туралы қабылданған шешім туралы хабарлама өзіне жіберілген күннен бастап үш ай iшiнде тауар белгісін тіркегені үшін сараптама ұйымы көрсеткен қызметке ақы төлеуді жүргізеді. Көрсетілген қызметке ақы төлеу туралы құжатты ұсынбаған кезде тауар белгісіне өтiнiм кері қайтарып алынды деп танылады және ол бойынша iс жүргiзу тоқтатылады.
5. Түпкілікті қорытындымен келiспеген кезде өтiнiш берушi осы қорытынды өзіне жiберiлген күннен бастап үш ай мерзімде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Апелляциялық кеңес қарсылықты уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы