Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Әкені анықтау алиментті өндіріп алу туралы талаптарынсыз

Әкені анықтау алиментті өндіріп алу туралы талаптарынсыз

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Әкені анықтау алиментті өндіріп алу туралы талаптарынсыз

Соттар көп жағдайларда әкені анықтау және кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы қойылған талаптарды қанағаттандырады. Соттар әкені анықтау туралы азамттық істерді «Неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 47-бабына сәйкес қарастырады.

Көрсетілген істер екі тараптың қатысуымен қаралатыны анықталды, жеке жағдайларда, уақыты және өтілетін орны уақтылы хабарланса да жауапкер белгісіз себептермен сот талқылауына келмеген уақытта істер сырттай іс жүргізу тәртібімен қарастырылады.

Практикада бір уақытта әкені анықтау талап қою талаптарымен қатар кейде алимент өндіріп алу талаптарыда берілетінін атап өткен жөн.

Соттар көп жағдайдарда әкені анықтау және кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талаптарды қанағаттандырады.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 48-бабына сәйкес әкені анықтау туралы талап қоюды ата-аналарының бiреуiнiң, бала қорғаншысының немесе қамқоршысының өтініші бойынша немесе баланы асырап отырған адамның өтініші бойынша, сондай-ақ бала кәмелетке толған соң оның өз өтініші бойынша берілуі мүмкін.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық соттың шешімімен Я.П.С.     П.Н. Т. қатысты әкені анықтау туралы талап қоюы қанағаттандырылды.

Ұсынылған жазбаша дәлелдемелер және куәлардың айғақтарына сәйкес іс бойынша 1966 жылғы 9 мамырда туылған Т.П.Н. және С.Г.И. некесіз бірге өмір сүргені анықталды, Т.П.Н. 1990 жылғы 21 қазанда дүниеге келген Я.П.С. әкесі екенін таныды, қызын тәрбилеуге қатысқан, алайда талапкердің анасы мен жауапкердің некелері тіркелмегендіктен және талапкер туылған уақытта жауапкер оның анасының тұрғылықты жері бойынша болмағандықтан, Я.П. С.туу туралы жазбасы анасы Г.И. С.айтуынша жазылған.

Сот, талапкер П.Н. Т. әкелігін болжамды түрде тануын, сондай-ақ оның өзінің әкелігіне жеке субъективтік қатынасы сияқты мәнжайларды ескере келе, 1990 жылғы 21 қазанда дүниеге келген, Көкшетау облысы, Рузаевский ауданы, Привольное ауылының тумасы Я.П.С. қатысты әкені анықтады.

Оның әкесі 1966 жылғы 9 мамырда дүниеге келген Т.П.Н. болып табылды. Сот баланың нақты адамнан туылғанын растайтын дәлелдемелерге назар аударуға тиіс (біргу тұру, бала туылғанға дейін ортақ шаруашылық жүргізу, олардың баланы бірге тәрбиелеу және күтіп-бағу, сараптаманың қорытыдысы).

Бұл мән-жайлар ҚР АПК-нің 64-бабы 2-бөлігінде көзделген дәлелдемелерді, яғни тараптардың және үшінші адамның түсініктерін, куәлердің айғақтарын, жазбаша немесе заттай дәлелдемелерін, сараптаманың қорытындысын пайдалана отырып анықталуы қажет. Сот әкені анықтау туралы өтінішті қарау барысында тараптар ұсынған дәлелдемелерді назарға ала отырып, осы баланың жауапкерден туылғанын анықтауы қажет.

Мұндай мән-жайлар келесідей жағдайлармен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Біріншіден, бала туылғанға дейін жауапкердің анасымен бірге тұру және ортақ шаруашылық жүргізу. Аталған факт отбасылық қарым-қатынасты сипаттайтын мән-жайлар санымен расталуы мүмкін: бір үй-жайда бірге тұру, ортақ тамақтану, бір-біріне деген өзара қамқорлығы, бірге пайдалану үшін ортақ мүлік алу және т.б. Бала туылғанға дейін тараптардың мұндай қарымқатынастарының бұзылуы әкені анықтау туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз бола алмайды.

Екіншіден, баланы ортақ тәрбиелеу. Бұл бала анасы және жауапкермен бірге тұратынын немесе жауапкердің ата-ана қамқорлығы мен көңіліне аудара отырып, баламен араласуын түсіндіреді.

Үшіншіден, баланы ортақ күтіп-бағу.

Бұл бала анасы және жауапкердің асырауында болатынын немесе жауапкердің көмектің мөлшеріне қарамастан, баланы күтіп-бағуға жүйелі көмек көрсетуін түсіндіреді.

Соттар сондай-ақ, жауапкердің әкелікті тануын растайтын өзге де дәлелдемелерге назар аударады. Оған жауапкердің хаты, оның сауалнамасы, өтініші және жауапкердің әкелікті тануын дәлелдейтін басқа да нақты мәліметтер жатады.

Мұндай тану ананың жүкті кезінде де, сол сияқты бала дүниеге келгеннен кейін де анықталуы мүмкін.

 Мысалы, 2015 жылғы 13 мамырдағы Қостанай облысы Қостанай қаласы сотының шешімімен А.Г.У.     Н.Б.Г. қатысты 2006 жылғы 20 қыркүйекте туған кәмелетке толмаған В.А.Г. қатысты әкелікті анықтау туралы талап қоюы қанағаттандырылды.

Сот отырысында 2002 жылдан 2010 жылғы ақпан аралығында У.А.Г. және Н.Б. Г. бірге тұрғаны анықталды. АХАЖ органдарында бұл неке тіркелмеген, 2006 жылғы 20 қыркүйекте Г.Н.Б. ұлы Викторды дүниеге әкелген, бала туылған уақыттан бастап талапкермен бірге тұрған, себебі жауапкер спирттік сусынға құмар болған.

Аталған мән-жайлар бірге түскен фотосуреттермен, жауапкердің туған апасы куә С.Б. Л. (Г.) айғақтарымен расталды. Жауапкердің көршісі Н.И. П. айғақтары сотта У.А.Г. және Н.Б. Г.бірге тұраған, көрсетілген аралықта талапкер А.Г. У.баланы тәрбиелеп және күтіп-баққаны фактісін растады.

 Судья талап қоюды қабылдау кезінде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 187-бабы тәртібінде баланың ата-аналары арасындағы тіркелген некені, АХАЖ органында ерікті түре әкелікті тану туралы бірге жазылған өтініштің болмауын, баланың туу туралы куәлігінде баланың әкесі туралы жазбаның болмауын тексеру қажет.

Істі сот талқылауына дайындау барысында сотқа жауапкерді шақыру қажет және одан талап қоюға қарсылығы бар ма, бар болса қандай, міне осыларды анықтауы керек.

Егер жауапкер талап қоюға қарсылық білдірмесе, судья тараптарға АХАЖ органдары арқылы әкелікті анықтау тәртібін түсінідіріп, оларға осы үшін мерзім анықтауға міндетті. Сот актілерін зерттеу судьялардың жауапкер талап қоюды таныған кезде, әрқашан тараптарға АХАЖ органдары арқылы әкелікті анықтау тәртібін түсінідіріле бермейтінін анықтады.

Осылайша, 2015 жылғы 9 қаңтардағы Ақмола облысы Көкшетау қаласының шешімімен Б. Б.М.      Д.С.Н. қатысты әкені анықтау туралы талап қоюы қанағаттандырылды. М.Б.Б. Д.С. Нұртазинаға қатысты әкені анықтау туралы талап қоюымен сотқа жүгінді, өзінің талаптарын келесідей себептермен негіздеді.

Ол 2007 жылдан 2013 жыл аралығында жауапкер Д.С. Н. бірге тұрған, 2008 жылғы 4 шілдеде ұлы Санжар дүниеге келген. Сот отырысында жауапкер Н.Д.С. талап қоюды таныды, бұл туралы сотқа қолхат қалдырып кетті, ол талапкер оның баласының әкесі екенін жоққа шығармайды, 2008 жылғы 4 шілдеде дүниеге келген ұлы С.Б.Н. қатысты әкені анықтауға келіседі, алайда осы уақытқа дейін талапкердің балаға еш қамқорлық көрсетпегенін, ол үшін қызықпағанын түсіндірді.

Сот, тараптардың 2007 жылдан 2013 жыл аралығында бірге тұрғанын, ортақ балалары бар екенін анықтады.

2015 жылғы 26 наурыздағы Алматы қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық сотының шешімімен Б.Б.Т.     М.Ө.Қ. қатысты 2010 жылғы 16 қыркүйекте дүниеге келген Л.М.Б. қатысты әкені анықтау туралы талап қоюы қанағаттандырылды. Сот отырысында жауапкер Қ.М.Ө. талап қою талаптарын таныды, ол туралы сотқа жазбаша түрде өтініш жазды.

Сот баланың туғанымен байланысты мәселелерді шешу қажеттігі жағдайында мән-жайларды ескеріп, іс бойынша соттық-медициналық сараптама тағайындала алады.

Тәртіп бойынша соттар, сараптаманың әр түрін, соның ішінде қанның соттық-биологиялық сараптамасын тағайындай отырып, осы мүмкіндікті пайдаланады. Осы уақытқа дейін аталған сараптама әкелікті растайтын емес тек оны жоятын мән-жайларды көрсете алатын еді. Сарапшылардың алдында жауапкердің әкелігі қанның ерекшелігі бойынша жойылады ма деген сұрақ ғана тұрды. Қазіргі уақытта қанның сараптамасы гендік немесе генетикалық дактилоскопия әдісімен жүргізілуі мүмкін. Бұл әдіс жауапкердік әкелігін анықтауға мүмкіндік береді, яғни 99,999 пайыз көз жетерлік нәтижесімен жауапкердің баланың биологиялық әкесі болып табылады ма деген сұраққа жауап табады. ДНК - ағзаның барлық клеткаларындағы ядрода орналасқан, тұқымдық ақпартты жеткізуші негізгі молекула. Баланың шынайы биологиялық әкесін анықтау үшін бір уақытта анасы, баласы және болжанған әкесіне бір уақытта ДНК талдауы жасалады. ДНК зерттеу үшін ядродан қандағы лейкоциттерді бөліп шығарады. ДНК нақты жерлерінің құрылымын зерттеу молекулярлық-генетикалық сараптама негізінде жатыр.

Әкені анықтау туралы талап қою талаптарын шешу кезінде соттар тәртіп бойынша, іс бойынша барлық жағдайда молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындайды. Оның қорытындысы іс бойынша жиналған барлық дәлелдемелердің жиынтығында қарастырылады.

Аталған санаттағы істерді қарау кезінде сырттай іс жүргізу тәртібінде жауапкердің болмауы кезінде соттар нақты адамнан туылған баланың пайда болуын растайтын дәлелдемелерді назарға алады (тараптардың және үшінші адамның түсініктері, куәлердің айғақтары, жазбаша немесе заттай дәлелдемелер және т.б.).

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Жұбайын күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алу бланкісі

Жұбайын күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алу бланкісіАлматы қаласының № 2 Әуезов аудандық сотыСудьяға ................Қазақстан Республикасы,...

Толық оқу »

Бұрынғы жұбайын асырауға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістер мен нақтылау

Бұрынғы жұбайын асырауға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістер мен нақтылауНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

Алимент өндіріп алу туралы талап-арыздар бойынша сот шығыстарын бөлу

Алимент өндіріп алу туралы талап-арыздар бойынша сот шығыстарын бөлуАлимент өндіріп алу туралы талап-арыздар бойынша талапкерлер соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады....

Толық оқу »

Үлгі-кәмелетке толмаған баланы асырап-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістер мен нақтылау

Үлгі-кәмелетке толмаған баланы асырап-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістер мен нақтылауНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды о...

Толық оқу »

Әке болуды анықтау туралы талаптармен бір мезгілде талапкерлер балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы талаптарды мәлімдейді.

Әке болуды анықтау туралы талаптармен бір мезгілде талапкерлер балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы талаптарды мәлімдейді.АІЖК-нің 243-бабына сәйкес алимент өндіріп а...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған баланы асырауда алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығының күшін жою туралы сотқа арыз

Кәмелетке толмаған баланы асырауда алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығының күшін жою туралы сотқа арызНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы қ...

Толық оқу »

Алимент өндіру туралы сот бұйрығы сот шешімінен қандай айырмашылығы бар.

Алимент өндіру туралы сот бұйрығы сот шешімінен қандай айырмашылығы бар.Сот бұйрығы орындау қағазына ұқсас- және сот қаулыларын орындау негізінде орындалуға жатады. Сот бұйрығ...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа алиментті нақты ақшалай сомада өндіріп алу туралы талап

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа алиментті нақты ақшалай сомада өндіріп алу туралы талапІстер бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотқаАлматы облысының кәмелет...

Толық оқу »

Аудандық сотқа өндіріп алу туралы сот актісінің күшін жою туралы өтініш

Аудандық сотқа өндіріп алу туралы сот актісінің күшін жою туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және ә...

Толық оқу »

Алматыда кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіріп алу бойынша адвокат Адвокат

Алматыда кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіріп алу бойынша адвокат АдвокатСот актісі, шағымның, наразылықтың дәлелдеріне қарамастан, егер оған дұрыс емес судья...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға әке болуды (ана болуды) белгілеу және алимент өндіріп алу туралы

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға әке болуды (ана болуды) белгілеу және алимент өндіріп алу туралы Соттылық. АІЖК-нің 27-бабының үшінші бөлігіне сәйкес кәмелетке т...

Толық оқу »

Бұрынғы жұбайын күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістер бланкі

Бұрынғы жұбайын күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістер бланкіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі ек...

Толық оқу »

Жұбайын асырауға алимент өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алу бланкі үлгісі

Жұбайын асырауға алимент өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алу бланкі үлгісіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

Алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында жол берілген тізімдемені түзету туралы өтініш

Алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында жол берілген тізімдемені түзету туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі е...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арыз бланкісі

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арыз бланкісіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған баланы күтіп бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға үлгі бланк өзгерістер және нақтылау

Кәмелетке толмаған баланы күтіп бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға үлгі бланк өзгерістер және нақтылауНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарың...

Толық оқу »

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынады

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынадыАІЖК-нің 116-бабына сәйкес төлеуден талап қоюшы босатылған істі қарауға байланы...

Толық оқу »

Некелік-отбасылық қатынастардан туындайтын даулар Баланың асырап-бағуына алименттердің өндіріп алу туралы

Некелік-отбасылық қатынастардан туындайтын даулар Баланың асырап-бағуына алименттердің өндіріп алу туралыҚР АПК 153, 154, 155-баптарында көзделген талаптар соттармен сақталып...

Толық оқу »

117-1-бап. Алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдану шеңберінде жүзеге асырылатын жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

117-1-бап. Алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдану шеңберінде жүзеге асырылатын жеке сот орындаушысының қызметін...

Толық оқу »

Жоғары білім беру жүйесінде төлем жасау үшін алимент өндіріп алу туралы талап

Жоғары білім беру жүйесінде төлем жасау үшін алимент өндіріп алу туралы талапАлматы қаласының кәмелетке толмағандарСуд жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыАлматы қаласы...

Толық оқу »

Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру және алимент міндеттемелерін өндіріп алу туралы дауды реттеу туралы бітімгершілік келісім

Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру және алимент міндеттемелерін өндіріп алу туралы дауды реттеу туралы бітімгершілік келісімНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сізд...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа алиментті ақшалай сомада өндіріп алу туралы талап қою

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа алиментті ақшалай сомада өндіріп алу туралы талап қоюІстер бойынша Мамандандырылған ауданаралық со...

Толық оқу »

Алимент өндіру туралы сот бұйрығы

Алимент өндіру туралы сот бұйрығыАдамға өмірсүру және тегін өркендеуге іргетас жасау мемлекеттік саясаттың негізі болып табылады. Неке және жанұя, аналық, әкелік және балалық...

Толық оқу »

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Азаматтық талап арыз кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына тұрақты ақшалай соммада алимент өндіру туралыШымкент қаласының кәмелетке тол...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығару жөніндегі арыз

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығару жөніндегі арызАлматы қаласыныңКәмелетке толмағандардың і...

Толық оқу »

Соттылық-талапкер әке болуды анықтау және алимент өндіріп алу туралы талаптарды өзінің тұрғылықты жері бойынша да ұсына алады

Соттылық-талапкер әке болуды анықтау және алимент өндіріп алу туралы талаптарды өзінің тұрғылықты жері бойынша да ұсына аладыАІЖК-нің 29-бабының 1-бөлігіне байланысты талап қо...

Толық оқу »

Әке болуды белгілеу және алимент өндіріп алу туралы істер (әке болуды белгілеу)

Әке болуды белгілеу және алимент өндіріп алу туралы істер (әке болуды белгілеу)Кодекстің 48-бабына сәйкес бала бір-бірімен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмайтын) ата-аналар...

Толық оқу »

Бұрынғы жұбайын асырауға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістер

Бұрынғы жұбайын асырауға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістерНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне жә...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа ай сайынғы алиментті тұрақты ақшалай сомада өндіріп алу туралы талап қою

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа ай сайынғы алиментті тұрақты ақшалай сомада өндіріп алу туралы талап қоюАлматы облысыныңКәмелетке толмағандардың істеріжөніндег...

Толық оқу »

Еңбек даулары бойынша

Еңбек даулары бойынша Талап қоюшы М. «Қызылорда облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Департамент) әрекетін заңсыз деп тану, «Қ» аш...

Толық оқу »

Алимент өндіріп алу туралы актілерді орындау / алимент бойынша берешекті тиісінше айқындау

Алимент өндіріп алу туралы актілерді орындау / алимент бойынша берешекті тиісінше айқындауЗаңның 2-параграфы алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың орындалу тәртіб...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы

Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралыШымкент қаласының Абай аудандық сотынаӨтініш беруші: ТААТАА кәмелетке толмаған балаларға алим...

Толық оқу »