Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Алиментті тұрақты ақша сомасында өндіріп алу туралы сот ісі

Алиментті тұрақты ақша сомасында өндіріп алу туралы сот ісі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Алиментті тұрақты ақша сомасында өндіріп алу туралы сот ісі

 

2026 жылғы 3 сәуірде Алматы облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағалық етуші судья О.Ж. Сакаулованың, сот отырысының хатшысы А. Болатханқызының қатысуымен, бейнеконференцбайланыс арқылы аудио-бейнежазба жүргізе отырып, ашық сот отырысында №1996-25-00-2/7170 азаматтық істі Н.А.М.-ның жауапкер С.Д.К.-ға алиментті тұрақты ақша сомасында өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша қарады.

Тараптардың кәмелетке толмаған К.А.Д. есімді, 2009 жылғы 8 шілдеде туған баласы бар.

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының 2020 жылғы 12 ақпандағы сот бұйрығымен С.Д.К.-дан Н.А.М.-ның пайдасына кәмелетке толмаған балаларды: 2006 жылғы 22 қыркүйекте туған Қ.А.Д. және 2009 жылғы 8 шілдеде туған Қ.А.Д.-ны күтіп-бағуға ай сайын табысының және (немесе) өзге де кірісінің 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент кәмелетке толғанға дейін өндірілген.

Алимент бойынша берешек жоқ.

Талап қою талаптары үлкен қызы Қ.А.Д.-ның кәмелетке толғаннан кейін алименттің табыстың ¼ бөлігі мөлшерінде ұсталып отырғанымен, оның ай сайынғы мөлшері 18 651 теңгені құрайтынымен және бұл сома баланы тиісті деңгейде күтіп-бағуды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтінімен негізделген.

Сот отырысында талап қоюшының өкілі И.М. Кеңесбек мәлімделген талаптарды қолдап, соттан алиментті бала кәмелетке толғанға дейін 100 АЕК мөлшеріндегі тұрақты ақша сомасында өндіріп алуды сұрады.

Сот отырысында жауапкер С.Д.К. талап қоюды мойындамай, өзінің ресми түрде жұмысқа орналасқанын, ай сайын алимент төлейтінін, сондай-ақ балаларды киім-кешек және басқа да қажетті заттарды сатып алу арқылы күтіп-бағуға көмектесетінін түсіндірді.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабына сәйкес, ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеу туралы келісімі болмаған кезде және алиментті ата-ананың жалақысына және (немесе) өзге де кірісіне үлестік қатынаста өндіріп алу мүмкін болмаған, қиындық туғызған немесе тараптардың бірінің мүдделерін елеулі түрде бұзған жағдайларда, сот ай сайын өндіріп алынатын алимент мөлшерін тұрақты ақша сомасында немесе бір мезгілде үлестік қатынаста және тұрақты ақша сомасында айқындауға құқылы.

Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот баланы қамтамасыз етудің бұрынғы деңгейін мүмкіндігінше барынша сақтауды негізге ала отырып, айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайын және назар аударуға тұрарлық басқа да мән-жайларды ескере отырып айқындайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 8-бабының 3-5-тармақтарының ережелеріне сәйкес азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың адалдығы мен олардың әрекеттерінің ақылға қонымдылығы, егер өзгесі дәлелденбесе, болжанады.

Тараптардың бірінің мінез-құлқы екінші тараптың негізді мәлімдемесі болған кезде ғана емес, сондай-ақ егер сот азаматтық айналымға қатысушының әрекеттерінің адал мінез-құлықтан айқын ауытқуын анықтаса, соттың бастамасы бойынша да адал емес деп танылуы мүмкін.

Егер тараптардың бірінің адал емес мінез-құлқы анықталса, сот істің мән-жайларына және осындай мінез-құлықтың сипаты мен салдарына қарай оған тиесілі құқықты қорғаудан толық немесе ішінара бас тартады, сондай-ақ адал тараптың немесе үшінші тұлғалардың мүдделерін екінші тараптың адал емес мінез-құлқынан қорғауды қамтамасыз ететін өзге де шараларды қолданады.

Құқықты теріс пайдалануға жол бермеу құқықтың жалпыға танылған қағидаты болып табылады.

Осыған байланысты жауапкердің төмен жалақысы бар жұмысқа орналасуы, сондай-ақ асырауды қажет ететін кәмелетке толмаған баласы болған кезде басқа, неғұрлым жоғары ақы төленетін жұмыс пен қосымша табыс іздеуден бас тартуы жөніндегі әрекеттері ақылға қонымдылық пен адалдық өлшемшарттарына сәйкес келмейді, қаржылық жағдайды қасақана нашарлатуды білдіреді және алимент төлемдерінің мөлшерін төмендетуге бағытталған.

Кодекстің 138-бабына сәйкес ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті.

Бұл міндет шартсыз сипатқа ие және заң шығарушы оны азаматтың тұрақты әрі жеткілікті табысының болуымен немесе болмауымен байланыстырмайды.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде жауапкердің тұрақты жұмысының және тұрақты табысының болуы алиментті тұрақты ақша сомасында өндіріп алу туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуға сөзсіз негіз бола алмайды, өйткені іс бойынша анықталған мән-жайларды ескере отырып, балалардың мүдделерін басым қорғау тұрғысынан талап қоюшының талаптары негізді болып табылады.

Өз кезегінде жауапкер сотқа талап қоюшымен қарым-қатынасы тоқтағаннан кейін ата-ана ретінде балаларға киім, аяқ киім немесе өзге де шығыстарды сатып алуға қатысқанын растайтын дәлелдемелер ұсынбаған.

Бұл ретте ата-ананың тұрақты жұмысының және тұрақты табысының болуы, егер сот алиментті ата-ананың жалақысына және (немесе) өзге де кірісіне үлестік қатынаста өндіріп алу баланы қамтамасыз етудің бұрынғы деңгейін сақтауға мүмкіндік бермейтінін және алиментті тұрақты ақша сомасында немесе бір мезгілде үлестік қатынаста және тұрақты ақша сомасында өндіріп алу баланың мүдделеріне барынша сәйкес келетінін әрі аталған ата-ананың құқықтарын бұзбайтынын анықтаған жағдайда, мұндай тұлғадан кәмелетке толмаған балаға алиментті тұрақты ақша сомасында немесе бір мезгілде үлестік қатынаста және тұрақты ақша сомасында өндіріп алу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартуға сөзсіз негіз бола алмайды.

Сот жауапкер С.Д.К.-ның меншік құқығында неке бұзылғаннан кейін сатып алынған жылжымайтын мүлігінің бар екенін анықтады, атап айтқанда: Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой ауылдық округі, Н.Т. ауылы, Ж. көшесі, 11-учаске мекенжайында орналасқан жер учаскесі, сондай-ақ Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылдық округі, Б. ауылы, Д.Қ. көшесі, 6-учаске мекенжайында орналасқан, 2023 жылғы 17 ақпандағы сатып алу-сату шарты негізінде сатып алынған тұрғын үй.

Н.А.М. алатын алимент мөлшері баланың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз және оның құқықтарын елеулі түрде бұзады, сондай-ақ баланы қамтамасыз етудің бұрынғы деңгейін сақтауға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты сот балаға бұрын өндірілген барлық жалақының және (немесе) өзге де кірістердің 1/4 бөлігі мөлшеріндегі алиментке қосымша жауапкерден баланы күтіп-бағуға ай сайын 15 АЕК мөлшерінде, оның кәмелетке толғанына дейін алимент өндіріп алуды әділ деп санайды.

Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот баланы қамтамасыз етудің бұрынғы деңгейін мүмкіндігінше барынша сақтауды негізге ала отырып, айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайын және назар аударуға тұрарлық басқа да мән-жайларды ескере отырып айқындайды.

Осындай мән-жайларда сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайын ескере отырып, Н.А.М.-ның талап қоюы ішінара қанағаттандырылуға жатады деген қорытындыға келеді және жауапкерден 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 64 875 теңге сомасында алиментті тұрақты ақша сомасында өндіріп алуды қажет деп санайды.

Жауапкердің материалдық жағдайын бағалай отырып, сот оның еңбекке жарамды жасын, қосымша табыс немесе өзге де кіріс алу мүмкіндігін ескереді.

Тараптардың материалдық жағдайын зерттей келе, сот 15 АЕК мөлшеріндегі тұрақты ақша сомасында алимент өндіріп алу баланы күтіп-бағудағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ балаға көрсетілетін материалдық көмектің мөлшерлестігі қағидатын сақтауға мүмкіндік береді деп санайды.

Азаматтық процестік кодекстің 6-бабының 5-бөлігіне сәйкес, егер заңда немесе тараптардың келісімінде даудың тиісті мәселелерін соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға қонымдылық өлшемшарттары негізінде шешуге міндетті.

Сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайын ескере отырып, баланы қамтамасыз етудің бұрынғы деңгейін мүмкіндігінше барынша сақтау қажеттілігін (Кодекстің 141-бабының 3-бөлігі) негізге алады.

Кодекстің 164-бабының 1-бөлігіне сәйкес алимент сотқа жүгінген кезден бастап тағайындалады.

Азаматтық процестік кодекстің 243-бабына сәйкес алимент өндіріп алу туралы шешімдер дереу орындауға жатады.

Азаматтық процестік кодекстің 117-бабының 1-бөлігіне сәйкес талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж төлеуден босатылмаған жауапкерден сот шығындарын өтеу ретінде мемлекет кірісіне өндіріп алынады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 109-бабына сәйкес шешім пайдасына шығарылған тарапқа сот екінші тараптан іс бойынша жұмсалған барлық сот шығындарын өндіріп береді.

Азаматтық процестік кодекстің 223-226-баптарын басшылыққа ала отырып, сот

ШЕШТІ:

Н.А.М.-ның С.Д.К.-ға алиментті тұрақты ақша сомасында өндіріп алу туралы талап қоюы – ішінара қанағаттандырылсын.

С.Д.К.-дан Н.А.М.-ның пайдасына 2009 жылғы 8 шілдеде туған К.А.Д.-ны күтіп-бағуға 2025 жылғы 21 қарашадан бастап К.А.Д. кәмелетке толғанға дейін, яғни 2027 жылғы 8 шілдеге дейін ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндірілсін.

С.Д.К.-дан Н.А.М.-ның пайдасына өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша сот шығындары 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде өндірілсін.

С.Д.К.-дан мемлекет кірісіне 7 078 (жеті мың жетпіс сегіз) теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндірілсін.

Алимент өндіріп алу бөлігіндегі сот шешімі дереу орындауға жатады.

 

  

 

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу

Жұбайын күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алу бланкісі

Жұбайын күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алу бланкісіАлматы қаласының № 2 Әуезов аудандық сотыСудьяға ................Қазақстан Республикасы,...

Толық оқу »

Бұрынғы жұбайын асырауға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістер мен нақтылау

Бұрынғы жұбайын асырауға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістер мен нақтылауНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

Алимент өндіріп алу туралы талап-арыздар бойынша сот шығыстарын бөлу

Алимент өндіріп алу туралы талап-арыздар бойынша сот шығыстарын бөлуАлимент өндіріп алу туралы талап-арыздар бойынша талапкерлер соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады....

Толық оқу »

Үлгі-кәмелетке толмаған баланы асырап-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістер мен нақтылау

Үлгі-кәмелетке толмаған баланы асырап-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістер мен нақтылауНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды о...

Толық оқу »

Әке болуды анықтау туралы талаптармен бір мезгілде талапкерлер балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы талаптарды мәлімдейді.

Әке болуды анықтау туралы талаптармен бір мезгілде талапкерлер балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы талаптарды мәлімдейді.АІЖК-нің 243-бабына сәйкес алимент өндіріп а...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған баланы асырауда алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығының күшін жою туралы сотқа арыз

Кәмелетке толмаған баланы асырауда алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығының күшін жою туралы сотқа арызНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы қ...

Толық оқу »

Алимент өндіру туралы сот бұйрығы сот шешімінен қандай айырмашылығы бар.

Алимент өндіру туралы сот бұйрығы сот шешімінен қандай айырмашылығы бар.Сот бұйрығы орындау қағазына ұқсас- және сот қаулыларын орындау негізінде орындалуға жатады. Сот бұйрығ...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа алиментті нақты ақшалай сомада өндіріп алу туралы талап

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа алиментті нақты ақшалай сомада өндіріп алу туралы талапІстер бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотқаАлматы облысының кәмелет...

Толық оқу »

Аудандық сотқа өндіріп алу туралы сот актісінің күшін жою туралы өтініш

Аудандық сотқа өндіріп алу туралы сот актісінің күшін жою туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және ә...

Толық оқу »

Алматыда кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіріп алу бойынша адвокат Адвокат

Алматыда кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіріп алу бойынша адвокат АдвокатСот актісі, шағымның, наразылықтың дәлелдеріне қарамастан, егер оған дұрыс емес судья...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға әке болуды (ана болуды) белгілеу және алимент өндіріп алу туралы

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға әке болуды (ана болуды) белгілеу және алимент өндіріп алу туралы Соттылық. АІЖК-нің 27-бабының үшінші бөлігіне сәйкес кәмелетке т...

Толық оқу »

Бұрынғы жұбайын күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістер бланкі

Бұрынғы жұбайын күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістер бланкіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі ек...

Толық оқу »

Жұбайын асырауға алимент өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алу бланкі үлгісі

Жұбайын асырауға алимент өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алу бланкі үлгісіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

Алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында жол берілген тізімдемені түзету туралы өтініш

Алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында жол берілген тізімдемені түзету туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі е...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арыз бланкісі

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арыз бланкісіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған баланы күтіп бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға үлгі бланк өзгерістер және нақтылау

Кәмелетке толмаған баланы күтіп бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға үлгі бланк өзгерістер және нақтылауНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарың...

Толық оқу »

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынады

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынадыАІЖК-нің 116-бабына сәйкес төлеуден талап қоюшы босатылған істі қарауға байланы...

Толық оқу »

Некелік-отбасылық қатынастардан туындайтын даулар Баланың асырап-бағуына алименттердің өндіріп алу туралы

Некелік-отбасылық қатынастардан туындайтын даулар Баланың асырап-бағуына алименттердің өндіріп алу туралыҚР АПК 153, 154, 155-баптарында көзделген талаптар соттармен сақталып...

Толық оқу »

117-1-бап. Алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдану шеңберінде жүзеге асырылатын жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

117-1-бап. Алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдану шеңберінде жүзеге асырылатын жеке сот орындаушысының қызметін...

Толық оқу »

Жоғары білім беру жүйесінде төлем жасау үшін алимент өндіріп алу туралы талап

Жоғары білім беру жүйесінде төлем жасау үшін алимент өндіріп алу туралы талапАлматы қаласының кәмелетке толмағандарСуд жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыАлматы қаласы...

Толық оқу »

Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру және алимент міндеттемелерін өндіріп алу туралы дауды реттеу туралы бітімгершілік келісім

Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру және алимент міндеттемелерін өндіріп алу туралы дауды реттеу туралы бітімгершілік келісімНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сізд...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа алиментті ақшалай сомада өндіріп алу туралы талап қою

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа алиментті ақшалай сомада өндіріп алу туралы талап қоюІстер бойынша Мамандандырылған ауданаралық со...

Толық оқу »

Алимент өндіру туралы сот бұйрығы

Алимент өндіру туралы сот бұйрығыАдамға өмірсүру және тегін өркендеуге іргетас жасау мемлекеттік саясаттың негізі болып табылады. Неке және жанұя, аналық, әкелік және балалық...

Толық оқу »

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Азаматтық талап арыз кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына тұрақты ақшалай соммада алимент өндіру туралыШымкент қаласының кәмелетке тол...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығару жөніндегі арыз

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығару жөніндегі арызАлматы қаласыныңКәмелетке толмағандардың і...

Толық оқу »

Соттылық-талапкер әке болуды анықтау және алимент өндіріп алу туралы талаптарды өзінің тұрғылықты жері бойынша да ұсына алады

Соттылық-талапкер әке болуды анықтау және алимент өндіріп алу туралы талаптарды өзінің тұрғылықты жері бойынша да ұсына аладыАІЖК-нің 29-бабының 1-бөлігіне байланысты талап қо...

Толық оқу »

Әке болуды белгілеу және алимент өндіріп алу туралы істер (әке болуды белгілеу)

Әке болуды белгілеу және алимент өндіріп алу туралы істер (әке болуды белгілеу)Кодекстің 48-бабына сәйкес бала бір-бірімен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмайтын) ата-аналар...

Толық оқу »

Бұрынғы жұбайын асырауға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістер

Бұрынғы жұбайын асырауға алимент өндіріп алу туралы талап арызға өзгерістерНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне жә...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа ай сайынғы алиментті тұрақты ақшалай сомада өндіріп алу туралы талап қою

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа ай сайынғы алиментті тұрақты ақшалай сомада өндіріп алу туралы талап қоюАлматы облысыныңКәмелетке толмағандардың істеріжөніндег...

Толық оқу »

Еңбек даулары бойынша

Еңбек даулары бойынша Талап қоюшы М. «Қызылорда облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Департамент) әрекетін заңсыз деп тану, «Қ» аш...

Толық оқу »

Алимент өндіріп алу туралы актілерді орындау / алимент бойынша берешекті тиісінше айқындау

Алимент өндіріп алу туралы актілерді орындау / алимент бойынша берешекті тиісінше айқындауЗаңның 2-параграфы алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың орындалу тәртіб...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы

Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралыШымкент қаласының Абай аудандық сотынаӨтініш беруші: ТААТАА кәмелетке толмаған балаларға алим...

Толық оқу »