Алимент өндіру туралы сот бұйрығы сот шешімінен қандай айырмашылығы бар.
Сот бұйрығы орындау қағазына ұқсас- және сот қаулыларын орындау негізінде орындалуға жатады. Сот бұйрығында өндірушінің аты-жөні және мекен-жайы; - борышкердің аты-жөні мекен-жайы, жұмыс орны, туылған жері, жылы; - алимент өндірілген әр баланың аты және туған күні; - ай сайын борышкерден төленуге жататын төлем көлемі және оның мерзімі; - борышкерден мемлекет пайдасына өндірілуге жататын мемлекеттік баш сомасы.
ҚР АІЖК-ның 145 -бабына сәйкес алимент өндіру туралы сот бұйрығы алимент өндіру туралы арыз түскеннен кейін үш күн аралығында, сот мәжілісі өткізілмей және өндірушімен борышкер шақырылуымсыз шығарылады. Сот бұйрығын шығаруға төмендегі көрсетілген шарттар қолданылуы тиіс, яғни: алимент өндіру туралы арыз әкелікті тану туралы ата-аналық фактісін даулау туралы немесе басқа тұлғаларды қатыстырумен байланыспаған болу қажет. Алимент мөлшері ата-ананың жалақы мөлшерінен есептеледі.
Сот бұйрығының формасы мен мағынасы ҚР АІЖК-ның 141- бабының талаптарына сәйкес болуы қажет.
ҚР АІЖК-ның 143- бабына сәйкес сот осы кодекстің 153, 154- бабтарын қолдана отырып бұйрық шығару туралы арызды қабылдаудан бас тартады және оны қайтарады. Сонымен қатар сот арызды төмендегі жағдайларда қайтарады. Егер:
Арыз аталған кодекстің 140 бабында көрсетілмеген болса. 2. Борышкер ҚР юрисдикциясынан тыс болған жағдайда. 3. Арызды дәлелдейтін құжаттар тіркелмеген болса. 4. Арызға тіркелген құжаттар бойынша құқық туралы дауды шешуге мүмкүндік жоқ жағдайда. 5. Арыздың формасымен мағынасы осы кодекстің 141- бабына сәйкес келмесе. 6. Мемлекеттік баш төленбеген жағдайда.
2 Бұйрық шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы немесе оны қайтару туралы сот осы арыз түскеннен кейін үш күн аралығында ұйғару шығарады.
3 Арызды қабылдаудан бас тарту туралы сот ұйғарымы осы талап бойынша арызданушы талап арыз беруіне кедергі болмайды.
Арызды қайтару туралы соттың ұйғаруы тап сондай арызды кемшілектерді жойғаннан кейін қайта беруге кедергі болмайды. Сот шешімі төрелік етушімен немесе егер сот ісі топпен қараған жағдайда осы топпың бір сотымен жазбаша түрде шығарылады. Сонымен қатар әр сот өзінің жеке пікірін келтіруге құқылы. Сот шешімі өте маңызды акт бола тұра оның заңмен оның маңызына және мәлімдемесіне аса зор талап қойылады.
Сот шешімі нақты дәлелді болуы қажет және оның мағынасында ауыр сөйлемдер, пікірлер болмауы тиіс. Сот шешімінің құрылымымен маңызы процессуалдық заңмен реттелген. ҚР АІЖКның 221 бабы сот шешімінің мәтінінде қандай реквизит және мәліметтер болуы мүмкіндігін атап көрсетеді. Сот шешімі төрт бөліктен тұрады: кіріс, сипаттама, мотивациялық және батыл бөлімдері.
Сонымен сот бұйрығы өз формасы және мағынасымен сот шешімінен едәуір өзгеше.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот бұйрығы кірісінің 13 мөлшерінде алимент өндірілсін (2)
32 рет жүктеп алынды -
Сот бұйрығы кірісінің 13 мөлшерінде алимент өндірілсін (3)
31 рет жүктеп алынды -
Сот бұйрығы кірісінің 13 мөлшерінде алимент өндірілсін
26 рет жүктеп алынды