113-бап. Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мiндеттемелерi бойынша ақы өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Қазақстан Республикасы өз мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк қазына мүлкiмен жауап бередi, ал әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өз мiндеттемелерi бойынша жергiлiктi қазына мүлкiмен жауап бередi.
2. Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс бiр-бiрiнiң мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал азаматтар мен заңды тұлғалар осы Кодексте және заң құжаттарында көзделгеннен басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы