132-4-бап. Баланы қабылдайтын отбасына берілетін жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт бойынша беру үшін оларды алдын ала таңдауды жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар болатын білім беру ұйымымен және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен келісу бойынша жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады.
Балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өзінің туыстық қатынасы туралы білмейтін, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, аға-інілер мен апа-сіңлілерді (қарындастарды) ажыратуға жол берілмейді.
2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын ата-аналарға беру олардың пікірлері ескеріле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар өздерінің келісімдерімен ғана берілуі мүмкін.
3. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды беру кезінде баланы қабылдайтын ата-аналардың имандылық және өзге де жеке қасиеттері, баланы қабылдайтын ата-аналардың міндеттерін орындауға олардың қабілеттілігі, баланы қабылдайтын ата-аналар мен жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар арасындағы қарым-қатынастар ескеріледі.
4. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар өздеріне тиесілі алименттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін ата-аналарының зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғынжайға және өзге де мүлікке меншік құқығын және (немесе) тұрғынжайды және өзге де мүлікті пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғынжай болмаған кезде баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес оларға тұрғынжай берілуіне құқығы бар.
Жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі ақшалай қаражатты және басқа да мүлікті сақтау жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын ата-аналарға беру туралы шарттың қолданылу уақытында баланы қабылдайтын ата-аналарға жүктеледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы