85-бап. Балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдардың құқықтары мен міндеттері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары баланың тұратын жеріндегі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға бала асырап алуға тілек білдіргені туралы өтініш беруге, сондай-ақ жиынтық кірісінің мөлшері, отбасылық жағдайы, денсаулық жағдайы, сотталмағандығы туралы анықтамалар, психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификат ұсынуға және баланы жеке өзі таңдауға, онымен кемiнде екі апта тiкелей қарым-қатынас жасауға міндетті.
Өтініш берушінің жұбайы балаға қатысты әке болуды анықтаған баланы асырап алу кезінде баланы асырап алуға ниет білдіргені туралы өтінішке асырап алынатын балаға қатысты әке болуды растайтын молекулалық-генетикалық сараптама қорытындысы қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Кодекске сәйкес өтеусіз негізде психологиялық даярлық алуға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім-балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алудың рәсімдері аяқталғанға дейін балаларды қорғаншылыққа немесе патронатқа алуға құқығы бар.
3. Бала асырап алуға үміткер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш, сондай-ақ арнайы уәкілетті шетелдік мемлекеттік органдар және бала асырап алу жөніндегі ұйымдар беретін, табыстары, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) жоқ екендігі туралы, сотталмағандығы туралы, ықтимал ата-аналардың жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтамалар береді. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына құжаттарды табыс еткеннен кейін және асырап алушы баланы асырап алуға келіскен жағдайда асырап алушы баламен кемiнде төрт апта тiкелей қатынаста болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы