Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 117-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

117-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 117-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі 

   1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауды ата-ананың қамқорлығының болмауы туралы өздеріне белгілі болған барлық жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      2. Жеке және заңды тұлғалар жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы олардың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды кешіктірмей хабардар етуге міндетті.

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтер келіп түскен кезде оларды анықталған жері бойынша стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына үш тәулікке дейінгі мерзімге орналастыруды қамтамасыз етеді.

      3. Медициналық ұйымдардың және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары жаңа туған бала тастап кетілген, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар келіп түскен және жеткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына және прокуратурасына хабарлауға міндетті.

      4. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің тарапынан қамқорлықтың болмау фактісі анықталған кезде мәліметтер келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде баланың тұрмыс жағдайын зерттеп-қарауды жүргізуге және баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

      5. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкіне (бастапқы, орталықтандырылған есепке алу) енгізеді және оларды отбасына (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы) орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.

 

2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы