Некені бұзу туралы даулар бойынша істерді қарау кезінде қолдануға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК);
3) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК);
4) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - – Кодекс);
5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ;
6) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңы;
7) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV Заңы;
8) «Соттардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы істерді қарағанкезде заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 нормативтік қаулысы;
9) «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезінде заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 15 нормативтік қаулысы;
10) «Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қарағанкезде заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 6 нормативтік қаулысы;
11) «Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 нормативтік қаулысы;
12) «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №9 нормативтік қаулысы;
13) Бала құқықтары туралы конвенция (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен ратификацияланған).
ТМД азаматтары қатысатын құқықтық қатынастарға 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенцияның (Минск конвенциясы) және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенцияның (Кишинев конвенциясы) ережелері де қолданылады.Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Некені бұзу туралы істер бойынша сот практикасын ҚОРЫТУ
1 рет жүктеп алынды