Неке бұзу туралы талап қоюлардың Соттылығы
Соттылықтың жалпы қағидасы бойынша АПК-нің 29-бабына сәйкес некені бұзу туралы талап қою жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа
беріледі.
Кәмелетке толмаған балалар талап қоюшымен бірге тұрған жағдайда, талап қоюлар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін
(АПК-нің 30-бабының жетінші бөлігі).
Осы санаттағы істердің соттылығын анықтау мәселелері соттарға қиындық туғызбайды, дегенмен орын алған бірқатар сот қателіктері бар.
Азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады.
2022 жылғы 16 маусымда Ф.А. АПК-нің 30-бабының 7-бөлігіне сәйкес Қостанай қаласында өзінің тұрақты тұратын жері бойынша некені бұзу
туралы Ф. В.- ға қойған талабымен Қостанай қалалық сотына жүгінген.
Алайда, 2022 жылғы 23 маусымдағы ұйғарыммен азаматтық іс талап қоюшының тіркелген жері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан
Жұмабаев ауданының сотына соттылығы бойынша қарау үшін жолданған.
Солтүстік Қазақстан облыстық соты төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот АПК-нің 34-бабының 6-бөлігіне сәйкес соттар арасындағы
дауды шешіп, іс соттылығы бойынша талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша Қостанай қалалық сотына жіберілді, өйткені азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады (АК-нің 16-бабының 1-тармағы).
Некені бұзу туралы талап қою әскери қызметтің мүдделерін қозғамайды және тараптардың әскери қызмет өткеруіне байланысты емес, сондықтан мұндай істерді әскери соттарға жіберу негізсіз болып табылады.
Алматы облысының Талғар аудандық соты 2020 жылғы 11 ақпанда жауапкер әскери қызметші болып табылатындығын уәждей отырып, Т.Н.-нің
некені бұзу туралы У.И.-ға қойған талабын соттылығы бойынша Ақмола гарнизонының әскери сотына жолдаған.
Жоғарғы Сот бұл ұйғарымның күшін жойып, іс соттылығы бойынша Алматы облысының Талғар аудандық сотына жолданды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Некені бұзу туралы істер бойынша сот практикасын ҚОРЫТУ
3 рет жүктеп алынды