Некенi (ерлі зайыптылықты) бұзу туралы Істі сот талқылауына дайындау
Нормативтік қаулының 3-тармағына сәйкес некенi (ерлізайыптылықты) бұзу туралы iстi соттың қарауына бергенде оларды тиянақты тексерiп дайындауға мiндетті. Судья арызды қабылдағаннан кейiн, әдетте, ерлі-зайыптының екiншiсiн шақырып алып, бұл арызға оның көзқарасын, ерлi-зайыптылардың сот арқылы шешiлетiн басқа да даулы мәселелерiн анықтап, олардың талаптарының қайсысы некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талаппен бiрге қаралуы мүмкiн екенiн түсіндiруi тиiс.
Сот практикасын зерделеу судьялардың істерді сот талқылауына дайындауға формальды қарайтынын көрсетті.
Көп жағдада судьялар істерді сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымды істі дайындау жөніндегі нақты әрекеттерді көрсетпей, үйреншікті тәсілмен шығарады, кейбір судьялар ұйғарымдарды басқа істерден көшіреді.
Мәселен, Б.Э.-нің некені бұзу туралы С.А.-ға қойған талабына қатыстыазаматтық іс бойынша сот талқылауына істі дайындау туралы 2020 жылғы 19 ақпандағы ұйғарымда судья тиісті емес жауапкер – Алматы қаласыныңәкімдігін ауыстыру туралы, іс бойынша сараптама тағайындау туралы мәселені шешу қажеттігін және некені бұзу туралы іс бойынша жасалмайтын басқа да әрекеттерді көрсеткен.
Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 2020 жылғы 1 қыркүйекте істі сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбаған жауапкердің қатысуымен қаралуына байланысты сот шешімінің күшін жойды.
Б-К.В.-ның некені бұзу туралы К.В.-ға талабына қатысты іс бойынша Қостанай қалалық сотының 2020 жылғы 17 сәуірдегі ұйғарымынан осы іс бойынша сотқа дейінгі дайындық формальды жүргізілгені туындайды.
Жауапкерге талап қоюдың келіп түскені туралы хабарланбаған, сотқа шақырылмаған, оның некені бұзу туралы арызға көзқарасы анықталмаған.
Соған қарамастан, сот істі оның қатысуынсыз қараған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Некені бұзу туралы істер бойынша сот практикасын ҚОРЫТУ
2 рет жүктеп алынды