159-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шарасын ауыстыру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Іске қатысатын адамның, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыруға болады.
2. Іске қатысатын адамдар арыздың келіп түскені туралы дереу хабарландырылады және олардың сотқа пікір ұсынуға құқықтары бар.
Сот талап қоюды қамтамасыз ету шараларын ауыстыру туралы арызды ол сотқа келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.
Сот талап қоюды қамтамасыз ету шараларын ауыстыру туралы арызды іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Бұл ретте сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған, іске қатысатын адамдардың келмеуі арызды қарау үшін кедергі болып табылмайды.
3. Судья талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы ұйғарым шығарады.
Арызды қанағаттандырудан бас тартқан кезде сот бұрын таңдалып алынған талап қоюды қамтамасыз етудің шарасын ауыстыруға болмайтын уәждерді ұйғарымда көрсетеді.
4. Жауапкер талап қою бағасына тең соманы сот қабылдаған талап қоюды қамтамасыз ету шарасының орнына сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің депозитіне енгізуге құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы