838-бап. Пайда алушыны ауыстыру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталғанға дейiн сақтандырылған адам болып табылмайтын, сақтандыру шартында аталған пайда алушыны, бұл жөнiнде сақтандырушыны жазбаша хабардар етіп, басқа адаммен ауыстыруға құқылы.
2. Пайда алушыны оның сақтанушымен жасаған келiсiмiнен туындайтын белгiлi бiр мiндеттердi сақтандыру шарты бойынша орындағаннан немесе сақтандырушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөнiндегi талап қойғаннан кейін басқа адаммен ауыстыруға болмайды.
3. Сақтандырылған адам болып табылатын пайда алушыны ауыстыру осы Кодекстің 837-бабында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
Ескерту. 838-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. № 128 Заңымен .
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы