26-бап. Жол жүрісін ұйымдастыру процесінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар Жол жүрісі туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарының оң жақпен жүруі белгіленген.
2. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде тұрақ кеңістігінде жол жүрісінің бірыңғай тәртібі, жол жүрісін реттеудің техникалық және басқа да құралдарының мақсаты мен қолданылуы жол жүрісі қағидаларында белгіленеді.
Қазақстан Республикасының жолдарында орнатылған жол белгілері мен сигналдар, жарық жол сигналдары және жолдардың таңбалануы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келуге тиіс.
3. Жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі қызмет қолданылуы техникалық регламенттерде регламенттелген және жол жүрісін ұйымдастырудың жобалары мен схемаларында көзделген техникалық құралдар мен конструкцияларды кешенді пайдалану негізінде қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасында жол жүрісі жұмыс істеуінің және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы