615-бап. Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы –
екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал келтiрген әрекет –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе үш тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
5. Көлік құралы жүріп келе жатқанда жолаушының көлік кабинасының (салонының) сыртында болуы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапта жол жүрісіне өзге де қатысушылар деп электр самокаттарды, велосипедтер мен ат-арба көлiгiн басқаратын адамдарды, жол бойымен жүк артылған, мiнiс малын немесе табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлiк құралдары жолаушыларын түсiну керек.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы