36-бап. Жолдарды жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және оларды басқару кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар Жол жүрісі туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының аумағында жолдарды жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және оларды басқару сы Заңда, автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген жол жүрісі қауіпсіздігі талаптары негізінде және оларды сақтай отырып орындалуға тиіс.
Жолдарды жобалау, салу және реконструкциялау кезінде жол жүрісі қауіпсіздігіне теріс әсер ететін инженерлік шешімдер есебінен күрделі шығындарды азайтуға жол берілмейді.
2. Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оны жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттама уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен келісуге және бекітуге жатады.
3. Жолдардың жай-күйінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде белгіленген талаптарға сай келуі үшін жауапкершілік жобалау кезеңінде – тапсырыс беруші мен жобаны орындаушыға, ал реконструкциялау және салу кезеңдерінде тапсырыс беруші мен жұмыстарды орындаушыға жүктеледі.
4. Пайдалану процесінде жолдардың жай-күйінің осы Заңның белгіленген талаптарына, қағидаларға, техникалық регламенттерге сай келуін қамтамасыз ету жөніндегі міндет иелігінде (қарамағында) жолдар бар жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.
5. Халықаралық автомагистральдар мен азиялық автомобиль жолдары желілеріне кіретін жолдар халықаралық келісімдердің талаптарына сай болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында жол жүрісі жұмыс істеуінің және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы