Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 761-бап. Қол қою бонусын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

761-бап. Қол қою бонусын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

761-бап. Қол қою бонусын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Қол қою бонусының бастапқы мөлшерi жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбір келісімшарт үшiн мынадай мөлшерде жеке белгiленедi: 

     1) мынадай: 

     пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақтағы барлауға арналған келісімшарттар үшiн: 

     көмірсутектер бойынша – конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 800 еселенген мөлшерi; 

     пайдалы қатты қазбаларды барлауға, кен іздеушілікке арналған лицензияларды және техногендiк минералдық түзілімдерді игеруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша – конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 280 еселенген мөлшерi; 

     кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдiк балшық бойынша – конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 40 еселенген мөлшерi; 

     пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары бар аумақта – өндіруге, олар бойынша қорлар бекітілген тиісті пайдалы қазбаларды бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар үшін қол қою бонусының бастапқы мөлшерін айқындау үшін осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған тәртіппен; 

     2) көмірсутектерді: 

     өндiруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар үшiн: 

     егер қорлар бекітілмеген болса, – конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3 000 еселенген мөлшерi белгіленеді. Бұл ретте, егер жер қойнауын пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес аумағы блоктарға бөлінген жер қойнауы учаскесіне берілсе, онда қол қою бонусының бастапқы мөлшері үш жүзіншіден кейінгі әрбір блок үшін конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшеріне ұлғаяды; 

     егер қорлар бекітілген болса – (Қ х 0,04%) + (Қа х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерiнен кем емес, мұнда: 

     Қ – А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен көмірсутектердің жиынтық қорларының құны; 

     Қа – әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және С3 санатының болжамдық ресурстарының қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен және (немесе) көрсетiлген комиссия қорытындысында назарға алынған С2 санатындағы көмірсутектердің алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны. 

     Бұл ретте, егер жер қойнауын пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес аумағы блоктарға бөлінген жер қойнауы учаскесіне берілсе, онда қол қою бонусының бастапқы мөлшері конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшеріне, үш жүзінші блоктан кейінгі әрбір блок үшін ұлғаяды; 

     егер жер қойнауын пайдалану құқығы көмірсутектердің бекітілген және бекітілмеген қорлары бір мезгілде болатын аумағы блоктарға бөлінген жер қойнауы учаскесіне берілсе, онда қол қою бонусының бастапқы мөлшері тиісінше көмірсутектердің бекітілген және бекітілмеген қорлары үшін осы тармақшада айқындалған тәртіппен айқындалады. Бұл ретте қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің жалпы сомасы конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс; 

     техногендiк минералдық түзілімдерді игеруге арналған келісімшарттарды және пайдалы қатты қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке арналған лицензияларды қоспағанда, минералды шикізатты өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар үшін: 

     егер қорлар бекітілмеген болса – конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерi; 

     егер қорлар бекітілген болса – (Қ х 0,01%) + (Қа х 0,005%) формуласы бойынша, бірақ конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерiнен кем емес, мұнда: 

     Қ – А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен минералды шикізаттың жиынтық қорының құны; 

     Қа – әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен және (немесе) көрсетiлген комиссия қорытындысында назарға алынған С2 санатындағы минералды шикізаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны; 

     кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдiк балшыққа арналған келісімшарттар үшiн – (Қ х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшерiнен кем емес; 

     3) техногендiк минералдық түзілімдерді қайта өңдеуге арналған келісімшарттар үшiн – (Қ1 х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерiнен кем емес; 

     4) сарқынды суларды ағызу үшiн жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге (жер қойнауы кеңістігін пайдалану) байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар үшiн – конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшерi. 

     2. Пайдалы қазбалар қорларының құны: 

     1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шикі газды қоспағанда, көмірсутектер үшiн – қол қою бонусы төленген күннің алдындағы соңғы күнтізбелік күнге белгіленген валютаның ресми бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнге осы Кодекстiң 776-бабына сәйкес көмірсутектердің шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзге алына отырып айқындалады.  

     Бұл ретте көмірсутектердің Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен қорларының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнге ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстің 776-бабының 3-тармағында көрсетiлген мұнайдың стандартты сұрыпының баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады; 

     2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өндірілген шикі газды берудің ең аз көлемі туралы жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша шикі газ үшін мына формула бойынша: 

     Қ = V1 х Б1 + V2 х Б2, мұнда: 

     V1 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге жататын А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі газ қорларының көлемі; 

     V2 – V1-ді қоспағанда, А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі газ қорларының көлемі; 

     Б1 – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға; 

     Б2 – осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, шикі газ бағасы белгіленімінің орташа арифметикалық мәні; 

     ҚА = V1 х Б1 + V2 х Б2, мұнда: 

     V1 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізуге жататын, әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатының болжамдық ресурстарының қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы шикі газ қорларының көлемі; 

     V2 – V1-ді қоспағанда, әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатының болжамдық ресурстарының қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы шикі газ қорларының көлемі; 

     Б1 – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға; 

     Б2 – осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын шикі газ бағасы белгіленімінің орташа арифметикалық мәні; 

     3) осы Кодекстiң 780-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн – қол қою бонусы төленген күннің алдындағы соңғы күнтізбелік күнге белгіленген валютаның ресми бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған күннің немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнге осы Кодекстiң 780-бабына сәйкес пайдалы қазбаның шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзге алына отырып айқындалады. 

     Конкурс шарттары жарияланған күннің немесе тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерi бағаларының ресми белгіленімі жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар белгіленімі жарияланған соңғы күн бағаларының ресми белгіленімдері пайдаланылады. 

     Егер пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленсе, пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерiн өндiруге арналған келісімшарттар үшiн қол қою бонусының бастапқы мөлшерi осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген ең төмен мөлшерде белгiленедi. 

     3. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткiзiлгенге дейiн қол қою бонусының бастапқы мөлшерi құзыреттi органның конкурстық комиссиясының шешiмi бойынша ұлғайтылуы мүмкiн. 

     4. Қол қою бонусының бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкiлiктi мөлшерi жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өткiзiлген конкурстың нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия шешiмімен белгіленеді немесе жер қойнауын пайдаланушымен тiкелей келiссөздер жүргiзу нәтижелерi бойынша құзыреттi орган белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгiзiледi. 

     5. Келісімшарт аумағы (жер қойнауы учаскесі) кеңейтілген кезде қол қою бонусының мөлшері мынадай тәртіппен: 

     1) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында (жер қойнауы учаскесінде) пайдалы қазбалар қорлары бекітілсе – осындай қорлардың көлеміне қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында айқындалған тәртіппен пайдалы қазбалар түріне қарай; 

     2) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында (жер қойнауы учаскесінде) пайдалы қазбалардың қорлары бекітілмесе, келісімшарт аумағының (жер қойнауы учаскесінің) кеңейту коэффициенті мен осы келісімшарт бойынша қол қою бонусының бастапқы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Келісімшарт аумағының (жер қойнауы учаскесінің) кеңейту коэффициенті келісімшарт аумағы (жер қойнауы учаскесі) кеңейтілетін алаң мөлшерінің келісімшарт аумағы (жер қойнауы учаскесі) алаңының бастапқы мөлшеріне қатынасы ретінде үтірден кейін төрт белгіге дейінгі дәлдікпен есептеледі. 

     Бұл ретте, егер келісімшарт аумағының (жер қойнауы учаскесінің) кеңейту коэффициентінің мәні 0,1-ден асып кетсе, оның кеңейтілу жағдайларының санына қарамастан, осындай асып кетуге келетін қол қою бонусының мөлшеріне 3 коэффициенті қолданылады. 

     6. Осы бапта белгіленген қол қою бонусын есептеу тәртібі аукцион нәтижелері бойынша берілетін, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияларға қолданылады.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

761-бап. Есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстің 762-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиісті мөлшерлемені осындай деңгейге жататын, кейіннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына жинақтап қоса отырып, үстеме пайда салығын салу объектісінің әрбір бөлігіне қолдану арқылы жүргізіледі. 

      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану үшін жер қойнауын пайдаланушы: 

      1) салық салу объектісін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын салумен байланысты объектіні айқындайды; 

      2) осы Кодекстің 762-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлудің шекті сомаларын мынадай тәртіппен: 

      1, 2, 3, 4, 5 және 6-деңгейлер үшін – осы Кодекстің 762-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген әрбір деңгей үшін пайыз бен үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының көбейтіндісі ретінде; 

      7-деңгей үшін: 

      егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан көп болған жағдайда – үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы мен үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сома арасындағы айырма ретінде; 

      егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан аз немесе оған тең болған жағдайда – нөл ретінде айқындайды; 

      3) осы Кодекстің 762-бабында көзделген деңгейлер бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін салықтық кезеңде іс жүзінде алынған таза кірісті мынадай тәртіппен бөледі: 

      1-деңгей үшін: 

      егер салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы бірінші деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасынан асса, онда таза кірістің бірінші деңгей үшін бөлінген бөлігі бірінші деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасына тең болады; 

      егер салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасы бірінші деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасынан аз болса, онда таза кірістің бірінші деңгей үшін бөлінген бөлігі салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс сомасына тең болады. Бұл ретте келесі деңгейлер үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлу жүргізілмейді; 

      2, 3, 4, 5, 6 және 7-деңгейлер үшін: 

      егер салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза кірістің бөлінген бөліктерінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасынан асса немесе соған тең болса, онда осы деңгей үшін таза кірістің бөлінген бөлігі осы тиісті деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасына тең болады; 

      егер салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кіріс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза кірістің бөлінген бөліктерінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза кірісті бөлудің шекті сомасынан аз болса, онда осы деңгей үшін таза кірістің бөлінген бөлігі осындай айырмаға тең болады.  

      Бұл ретте келесі деңгейлер үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірісті бөлу жүргізілмейді. 

      Таза кіріс бөліктерінің деңгейлері бойынша бөлінген жалпы сома салықтық кезең үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін таза кірістің жалпы сомасына тең болуға тиіс; 

      4) үстеме пайда салығының тиісті мөлшерлемесін осы Кодекстің 762-бабына сәйкес таза кірістің деңгейлер бойынша бөлінген әрбір бөлігіне қолданады; 

      5) осы Кодекстің 762-бабында көзделген барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына жинақтап қоса отырып, салықтық кезең үшін үстеме пайда салығының сомасын айқындайды. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

10-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудiң шарттары  3-тарау. ТҰРҒЫН YЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖИНАҚ АҚШАСЫ ЖYЙЕСIН МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы

10-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудiң шарттары3-тарау. ТҰРҒЫН YЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖИНАҚ АҚШАСЫ ЖYЙЕСIН МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ Қаз...

Толық оқу »

4-2-бап. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзыреті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

4-2-бап. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзыретіҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға а...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелеріҚазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйект...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсыры...

Толық оқу »

13-бап. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

13-бап. Мемлекет сыйлықақысының мөлшеріМемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы  1. Мемлекет сыйлықақысы білім беру жинақтау салымының сомасына жылдық бес пайыз, бір...

Толық оқу »

4-3-бап. Мәліметтерді тексеру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

4-3-бап. Мәліметтерді тексеруҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес...

Толық оқу »

14-бап. Мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтару Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

14-бап. Мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтаруМемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы      1. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы: 1) осы Заңның 11 және 11-1-бапта...

Толық оқу »

4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

4-1-бап. Уәкілетті органның құзыретіҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметті...

Толық оқу »

Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындау туралы

Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындау туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 940 Жарлығы.Қаза...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гра...

Толық оқу »

17-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың мемлекет сыйлықақысын есептеу және есепке жазу кезіндегі өзара іс-қимылы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

17-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың мемлекет сыйлықақысын есептеу және есепке жазу кезіндегі өзара іс-қимылыМемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі...

Толық оқу »

5-1-бап. Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

5-1-бап. Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорыҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс,...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қазандағы №...

Толық оқу »

5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру...

Толық оқу »

11-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақысын төлеуді шектеу Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы

11-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақысын төлеуді шектеу Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы     ...

Толық оқу »

6-2-бап. Оператор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

6-2-бап. ОператорҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға ар...

Толық оқу »

6-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

6-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік т...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралыҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 13 желтоқсан N 7...

Толық оқу »

6-4-бап. Үкіметтік емес ұйымдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

6-4-бап. Үкіметтік емес ұйымдардың құқықтары мен міндеттеріҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлеке...

Толық оқу »

6-1-бап. Гранттар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

6-1-бап. ГранттарҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға ар...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралыҚазақстан Республикасы Пр...

Толық оқу »

7-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік  тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру және олардың бюджет қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

7-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру және ола...

Толық оқу »

Жұмыс беруші қызметкерге жалақыны және өзге де сыйақы төлемдерін уақтылы және толық көлемде төлеуге міндетті

Жұмыс беруші қызметкерге жалақыны және өзге де сыйақы төлемдерін уақтылы және толық көлемде төлеуге міндеттіЕңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жұмыс...

Толық оқу »

6-3-бап. Сыйлықақылар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

6-3-бап. СыйлықақыларҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарғ...

Толық оқу »

9-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

9-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гра...

Толық оқу »

3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемл...

Толық оқу »

6-5-бап. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

6-5-бап. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруғ...

Толық оқу »

16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi  Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiЖекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы      Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi тарапт...

Толық оқу »

17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысына түзету коэффициенті Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңы

17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысына түзету коэффициентіҚызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңы      1....

Толық оқу »

Тәртіптік жаза қолдану, сыйлықақы төлемдерін өндіріп алу, моральдық зиянды өтеу туралы бұйрықтың күшін жою

Тәртіптік жаза қолдану, сыйлықақы төлемдерін өндіріп алу, моральдық зиянды өтеу туралы бұйрықтың күшін жоюСот талапкердің сыйлықақы төлеу үшін жұмысына баға бере алмайды, сыйл...

Толық оқу »

8-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың орындалуын, гранттардың пайдаланылуын және сыйлықақылар беруді бақылау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

8-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың орындалуын, гранттардың пайдаланылуын және сыйлықақылар беру...

Толық оқу »

21-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртiбi  Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

21-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртiбiКөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы      1. Егер көлiк құралдары иелерi...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйл...

Толық оқу »

826-1-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң мерзiмiн ұзарту Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

826-1-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң мерзiмiн ұзарту Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Сақтандыру жарнасын (алғашқысын...

Толық оқу »

10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы

10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібіҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, ү...

Толық оқу »

15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi  3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi 3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысыАудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы...

Толық оқу »

324-бап. Кепілдік беру жүйелеріне қатысушылардың сақтандыру сыйлықақылары мен жарналары бойынша шығыстарды шегеру Қазақстан Республикасының Салық кодексі

324-бап. Кепілдік беру жүйелеріне қатысушылардың сақтандыру сыйлықақылары мен жарналары бойынша шығыстарды шегеру Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Жинақтаушы сақ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралыҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілде N 222-II Заңы.      Ес...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2007 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2007 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы N 451 Жарлығ...

Толық оқу »

17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi  Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiАудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы      1. Аудиторлық ұйым...

Толық оқу »

14-1-бап. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын  есепке жазу, төлеу және қайтару Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

14-1-бап. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу, төлеу және қайтаруМемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы      1. Мемлекет сыйлықақысы тіркелг...

Толық оқу »

15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi  3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi 3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысыЖекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы...

Толық оқу »

270-4-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшерлері және сақтандыру төлемдерінің мөлшерлері Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі

270-4-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшерлері және сақтандыру төлемдерінің мөлшерлері Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс...

Толық оқу »

17-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн айқындау және оны қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төлеудiң тәртiбi  Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңы

17-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн айқындау және оны қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төлеудiң тәртiбiҚызметкер еңбек (қызметтік) мі...

Толық оқу »

116-1-бап. Сайлау қорларынан тыс қаржыландыруды тарту немесе өзге де материалдық көмекті қабылдау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

116-1-бап.Сайлау қорларынан тыс қаржыландыруды тарту немесе өзге де материалдық көмекті қабылдау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі Кандидаттар...

Толық оқу »

116-бап. Сайлау науқанын сайлау қорларынан тыс қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық көмек көрсету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

116-бап. Сайлау науқанын сайлау қорларынан тыс қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық көмек көрсету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі   ...

Толық оқу »

116-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің сайлау қорларынан басқа сайлау науқанын қаржыландыру немесе өзге де материалдық көмек көрсету

116-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің сайлау қорларынан басқа сайлау науқанын қаржыландыру немесе өзге де материалдық кө...

Толық оқу »

Салық кодексіне сәйкес коммерциялық табу бонусын жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде немесе келісімшарттық аумақта пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін бірлескен барлау мен өндіруге төлейді.

Салық кодексіне сәйкес коммерциялық табу бонусын жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде немесе келісімшарттық аумақта пайдалы қаз...

Толық оқу »

762-бап. Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусын есептеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

762-бап. Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусын есептеу ерекшеліктері Қазақстан Р...

Толық оқу »