Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2007 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2007 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2007 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы N 451 Жарлығы

  • Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап,  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  •     1. Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2007 жылғы Мемлекеттік сыйлығы мына авторларға:
  •     1) "Спектрлік теория және оның қолданылуы" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:      Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Мұқтарбай Өтелбаевқа;
  •     2) "Қазақстанда табиғи сесквитерпенді лактондар химиясын зерттеуді, олардың негізінде дәрілік заттар жасауды, бірегей отандық фитопрепараттардың өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыруды дамыту" жұмысы үшін:      "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Мыңжасарұлы Әдекеновке;      "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамының зертхана меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының кандидаты Қорлан Есқожақызы Итжановаға;      "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамының бас ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының докторы, профессор Альфред Давыдович Кагарлицкийге;      Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты Марат Нығметжанұлы Мұхаметжановқа (марқұм);      Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қани Мұсылманбековке;      "Биологиялық бақылау сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасының" директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қайролла Дүйсенбайұлы Рахымовқа;      Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Валентина Брониславовна Сиротаға;      "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Қобланды Мүбәракұлы Тұрдыбековке.
  •     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
  •  
  • Қазақстан Республикасының
  • Президенті 
  • Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы