Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 328-бап. Ломбардта заттарды кепілге салу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

328-бап. Ломбардта заттарды кепілге салу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

328-бап. Ломбардта заттарды кепілге салу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 

      1. Қысқа мерзімді микрокредиттерді қамтамасыз ету үшін азаматтардан жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлікті кепілге қабылдауды қызметі Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасымен реттелетін, ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыра алады.

      2. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт ломбардтың кепілге салу билетін беруімен ресімделеді және онда кепілге қойылған мүлікті сақтандыру туралы талап, сондай-ақ кепіл нысанасының соттан тыс өткізілуіне кепіл берушінің келісімі болуы мүмкін. Кепілге қойылған мүлікті сақтандыру ломбардтың есебінен жүзеге асырылады.

      2-1. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт кепіл нысанасының өткізілуіне немесе мұндай мүліктің кепіл ұстаушының меншігіне өтуіне байланысты тоқтатылады.

      Кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде, сондай-ақ мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен кезде ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарттың тоқтатылуымен бірге бір мезгілде кепіл беруші болып табылатын қарыз алушының міндеттемесі және микрокредит беру туралы шарт тоқтатылады.

      Кепілі міндетті тіркеуге жататын мүлікті қоспағанда, микрокредит беру туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін жасалған ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт бойынша кепіл нысанасын өткізу, сондай-ақ мұндай мүліктің кепіл ұстаушының меншігіне өтуі ломбардта заттарды кепілге салу туралы шартта осындай талап болған кезде микрокредитті өтеу мерзімі өткеннен кейін бір айдан соң сауда-саттық өткізілместен жүзеге асырылуы мүмкін.

      Міндетті тіркеуге жататын кепіл нысанасын өткізу микрокредитті өтеу мерзімі өткеннен кейін бір айдан соң жария сауда-саттық өткізу жолымен жүзеге асырылады. Міндетті тіркеуге жататын кепіл нысанасы сауда-саттық басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жария сауда-саттықта өткізілмеген жағдайда, кепіл нысанасы ломбард меншігіне өтеді.

      Микрокредит беру туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін жасалған ломбардағы заттардың кепілі туралы шарт бойынша кепіл нысанасын өткізуге, сондай-ақ мұндай мүліктің кепіл ұстаушының меншігіне өтуіне "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен кепіл ұстаушы қарыз алушының берешекті реттеу жөніндегі өтінішін қарау кезеңінде жол берілмейді.

      3. Ломбардтың кепілге қойылған заттарды пайдалануға және оларға билік етуге құқығы жоқ.

      4. Ломбард, егер кепілге қойылған заттардың жоғалуы және бүлінуі еңсерілмейтін күштің салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, заттардың жоғалғаны және бүлінгені үшін жауапты болады.

      5. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарттың, осы Кодексте кепіл берушіге берілетін құқықтармен салыстырғанда, кепіл берушінің құқықтарын шектейтін талаптары шарт жасалған кезден бастап жарамсыз болады. Мұндай талаптардың орнына осы Кодекстің тиісті ережелері қолданылады.

      7. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).       

 

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

11-1-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын  үйлер кешеніндегі үлестердің кепілі

11-1-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілі      Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі, оның ішінде өткіз...

Толық оқу »

Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер толық орындалғанша кепілге қойылған мүлік босатылмайды.

Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер толық орындалғанша кепілге қойылған мүлік босатылмайды.Талапкер С. сотқа талап арыз беріп, жауапкер «БТА Банк» акционерлік қоғамын (б...

Толық оқу »

Жалоба Апелляционную коллегию по уголовным делам / Залог, подписка о невыезде, домашний арест не связанной с изоляцией от общества

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқаға шағым / кепіл, жоқ жерге жазылу, қоғамнан оқшауланумен байланысты емес үй қамағына алуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компани...

Толық оқу »

304-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ортақ меншігіндегі мүлікті кепілге қою

304-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ортақ меншігіндегі мүлікті кепілге қоюОртақ меншікті құрайтын мүлікті кепілге беруге барлық меншік иелерінің...

Толық оқу »

327-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің айналымындағы тауарлардың КЕПІЛІ

327-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің айналымындағы тауарлардың КЕПІЛІ Айналымдағы тауарлардың КЕПІЛІ жылжымалы мүлік ипотекасының бір түрі болып...

Толық оқу »

327-бап. Айналымдағы тауарларды кепiлге салу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

327-бап. Айналымдағы тауарларды кепiлге салу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Тауарларды кепiл берушiде қалдыра отырып және кепiл берушiге кепiлге берілген мүлiк...

Толық оқу »

328-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ломбардындағы заттардың КЕПІЛІ

328-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ломбардындағы заттардың КЕПІЛІ Кепілдің ерекше түрі-ломбардтағы заттардың КЕПІЛІ. Кепілдің барлық белгілері...

Толық оқу »

31-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу  Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

31-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салуАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      1. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу құқығын қоғам жарғысының ережелерімен шектеуге...

Толық оқу »

78-бап. Үйлер (құрылыстар, ғимараттар) бар жер учаскесiн немесе сондай жер учаскесiне жер пайдалану құқығын кепiлге салу Жер кодексі Қазақстан Республикасының

78-бап. Үйлер (құрылыстар, ғимараттар) бар жер учаскесiн немесе сондай жер учаскесiне жер пайдалану құқығын кепiлге салу Жер кодексі Қазақстан Республикасының      1. Бөлiнетi...

Толық оқу »

57-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне таратуды қамтамасыз ету ретінде банк салымының КЕПІЛІ

57-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне таратуды қамтамасыз ету ретінде банк салымының КЕПІЛІ 1. Банк салымын...

Толық оқу »

57-бап. Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі банктік салым кепілі Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

57-бап. Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі банктік салым кепілі Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Жер қойнауын пайдаланушы жою жөні...

Толық оқу »

32-бап. Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасы Iшкi су көлiгi туралы Заңы

32-бап. Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасыIшкi су көлiгi туралы Заңы      Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасы Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 145-бабына түсініктеме. Кепіл

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 145-бабына түсініктеме. Кепіл1. Кепіл күдіктінің, айыпталушының не басқа тұлғаның күдіктінің, айыпталушының сотқа дейінгі...

Толық оқу »