Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер толық орындалғанша кепілге қойылған мүлік босатылмайды.

Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер толық орындалғанша кепілге қойылған мүлік босатылмайды.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер толық орындалғанша кепілге қойылған мүлік босатылмайды.

Талапкер С. сотқа талап арыз беріп, жауапкер «БТА Банк» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Банк) 2005 жылғы 31 наурыздағы № 114-05/z-2 кепіл шарты бойынша тұрғын үйді кепілден, тыйым салудан босатуды және кепілзат құжаттарын қайтаруды міндеттеуді сұраған. Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2012 жылғы 13 қыркүйектегі шешімімен талапкер С.-ның талап арызы қанағаттандырылып, Кентау қаласы, Гагарин көшесінде орналасқан тұрғын үй (бұдан әрі - Даулы үй) кепілден және тыйым салудан босатылған. Оңтүстік Қазақстан облысы апелляциялық сот алқасының қаулысымен аудандық сот шешімінің күші жойылып, талапкердің талап арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған. Облыстық соттың кассациялық сот алқасы апелляциялық сот алқасы қаулысының күшін жойып, аудандық сот шешімін күшінде қалдырған. Банктің өкілі Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасына берген өтінішінде кассациялық сот материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын дұрыс қолданбағанын, істегі дәлелдемелер мен құжаттарға тиісті баға бермегенін көрсете келе, кассациялық сот қаулысының күшін жойып, талап арызды толық қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған. Қадағалау сот алқасы С.-ның сенімді өкілінің өтінішті қанағаттандырусыз қалдыру туралы пікірін, прокурордың кассациялық сот қаулысының күшін жойып, апелляциялық сот алқасының қаулысын күшінде қалдыру керектігі туралы қорытындысын тыңдап, азаматтық іс құжаттарын және өтініштің уәждерін тексеріп, өтініш төмендегі негіздерге байланысты қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келді. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Іс бойынша мұндай кемшіліктерге жол берілген. Банк 2005 жылғы 31 наурыздағы № 114-05 Бас несие келісімі негізінде қарыз алушы «Отырар Құрылыс» ЖШС-не (бұдан әрі ЖШС) 95 000 000 теңге көлемінде несие бағытын ашқан.

Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер толық орындалғанша кепілге қойылған мүлік босатылмайды.

Бас несие келісімі бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін төмендегі мүліктер кепілге қойылған: 1) ЖШС-нің иелігіндегі техникалық қамтамасыз ету қоймасының ғимараты мен құрылыстары; 2) ЖШС-нің иелігіндегі жылжымайтын мүлік; 3) ЖШС-нің иелігіндегі әкімшілік ғимарат; 5) Даулы үй; 6) ЖШС-нің иелігіндегі тағы бір жылжымайтын мүлік. Жылжымайтын мүлікті кепілге қою туралы шарт бойынша С. даулы үйді ЖШС-ның Банк алдындағы несиелік міндеттемесін қамтамасыз ету үшін кепілге қойған. Кассациялық сот Банк пен ЖШС арасында 2006 жылғы 25 желтоқсанда № 5 қосымша келісімді жасау барысында 2005 жылғы 31 наурыздағы № 114-05 Бас несие келісімі бойынша несие алушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету нысаны ретінде 2005 жылғы 31 наурыздағы № 114-05/z-2 кепіл шартта көрсетілген жылжымайтын мүлік қана кепілзат ретінде танылған, осы қосымша шартта көрсетілмеген мүліктер несие беруші мен несие алушының келісімдерімен кепілдіктен шығарылып тасталған деген тұжырымға келген. Алайда, қадағалау сот алқасы аталған сот тұжырымымен төмендегі мәнжайларға байланысты келіспейді.  АІЖК-нің 402-бабының 1-тармағы бойынша шартты өзгерту және бұзу тәртібі туралы келісім заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсіндегі әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын нысанда жасалады. Іс құжаттарына қарағанда, талапкер мен Банк арасында кепіл шартын бұзу немесе мүлікті кепілден босату жайлы шарт жасалмаған. 2005 жылғы 31 наурыздағы №114-05/z-2 кепіл шартын бұзу немесе кепілге қойылған мүлікті кепілден шығару жайлы жазбаша ресімделген құжат жоқ. Сондықтан, кассациялық сот сатысының қосымша шарттарда көрсетілмеген мүліктер несие беруші мен несие алушының келісімдерімен кепілдіктен шығарылып тасталған деген тұжырымы негізсіз. АІЖК-нің 322-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер тоқтатылғанда кепіл де тоқтатылады. Қазіргі таңда ЖШС Банктен алған ірі көлемдегі несие қарызын өтемеген. Бұл тұрғыда, кассациялық соттың кепілге қою жайлы шарт тоқтатылған деген тұжырымы АІЖК-нің нормаларына қайшы келеді. Осы айтылған негіздерге орай, қадағалау сот алқасы ЖШС Банк алдындағы міндеттемелерін сот шешімімен орындамауына байланысты Даулы үй кепілден босатуға жатпайды деп есептейді. Сондықтан Банк пен ЖШС арасында 2006 жылғы 25 желтоқсанда № 5 қосымша келісім жасаудың нәтижесі бойынша Бас несие келісімінің 6-тарауына 6.1 «Міндеттемелерді қамтамасыз ету» тармағына өзгерістер енгізілген кезде Даулы үй кепіл ретінде көрсетілмегеніне қарамастан, ЖШС Бас несие келісімінде көрсетілген міндеттемелерді толық орындағанша Даулы үйді кепілден босатылды деп есептеуге болмайды. Мұндай жағдайда қадағалау сот алқасы кассациялық сот алқасының қаулысын бұзып, апелляциялық сот алқасының қаулысын күшінде қалдыруды заңды деп санайды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

11-1-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын  үйлер кешеніндегі үлестердің кепілі

11-1-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілі      Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі, оның ішінде өткіз...

Толық оқу »

Жалоба Апелляционную коллегию по уголовным делам / Залог, подписка о невыезде, домашний арест не связанной с изоляцией от общества

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқаға шағым / кепіл, жоқ жерге жазылу, қоғамнан оқшауланумен байланысты емес үй қамағына алуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компани...

Толық оқу »

304-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ортақ меншігіндегі мүлікті кепілге қою

304-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ортақ меншігіндегі мүлікті кепілге қоюОртақ меншікті құрайтын мүлікті кепілге беруге барлық меншік иелерінің...

Толық оқу »

327-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің айналымындағы тауарлардың КЕПІЛІ

327-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің айналымындағы тауарлардың КЕПІЛІ Айналымдағы тауарлардың КЕПІЛІ жылжымалы мүлік ипотекасының бір түрі болып...

Толық оқу »

Кепіл міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде.

Кепіл міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде.Борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған жағдайда, кредитордың (кепіл ұстаушының) Азаматты...

Толық оқу »

304-бап. Ортақ меншiктегi мүлiктi кепiлге беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

304-бап. Ортақ меншiктегi мүлiктi кепiлге беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Ортақ меншiктi құрайтын мүлiк кепiлге барлық меншiк иелерiнiң келiсуiмен ғана берiлу...

Толық оқу »

327-бап. Айналымдағы тауарларды кепiлге салу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

327-бап. Айналымдағы тауарларды кепiлге салу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Тауарларды кепiл берушiде қалдыра отырып және кепiл берушiге кепiлге берілген мүлiк...

Толық оқу »

328-бап. Ломбардта заттарды кепілге салу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

328-бап. Ломбардта заттарды кепілге салу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Қысқа мерзімді микрокредиттерді қамтамасыз ету үшін азаматтардан жеке пайдалануға арнал...

Толық оқу »

305-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кепіл берушісі

305-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кепіл берушісі Егер негізгі міндеттеме бойынша кредитор ғана кепіл ұстаушы бола алатын болса, онда негізгі м...

Толық оқу »

328-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ломбардындағы заттардың КЕПІЛІ

328-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ломбардындағы заттардың КЕПІЛІ Кепілдің ерекше түрі-ломбардтағы заттардың КЕПІЛІ. Кепілдің барлық белгілері...

Толық оқу »

31-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу  Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

31-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салуАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      1. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу құқығын қоғам жарғысының ережелерімен шектеуге...

Толық оқу »

78-бап. Үйлер (құрылыстар, ғимараттар) бар жер учаскесiн немесе сондай жер учаскесiне жер пайдалану құқығын кепiлге салу Жер кодексі Қазақстан Республикасының

78-бап. Үйлер (құрылыстар, ғимараттар) бар жер учаскесiн немесе сондай жер учаскесiне жер пайдалану құқығын кепiлге салу Жер кодексі Қазақстан Республикасының      1. Бөлiнетi...

Толық оқу »

57-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне таратуды қамтамасыз ету ретінде банк салымының КЕПІЛІ

57-бапқа түсініктеме. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне таратуды қамтамасыз ету ретінде банк салымының КЕПІЛІ 1. Банк салымын...

Толық оқу »

57-бап. Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі банктік салым кепілі Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

57-бап. Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі банктік салым кепілі Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Жер қойнауын пайдаланушы жою жөні...

Толық оқу »

32-бап. Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасы Iшкi су көлiгi туралы Заңы

32-бап. Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасыIшкi су көлiгi туралы Заңы      Кеме кепiлi, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме ипотекасы Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 145-бабына түсініктеме. Кепіл

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 145-бабына түсініктеме. Кепіл1. Кепіл күдіктінің, айыпталушының не басқа тұлғаның күдіктінің, айыпталушының сотқа дейінгі...

Толық оқу »