33-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың әкiмшiлiк жауаптылығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, заң консультанттары, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгінде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады.
2. Егер осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген іс-әрекетті (әрекетті не әрекетсіздікті) заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын орган, тұлға немесе дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындайтын қызметкері жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа жатады.
3. Заңды тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған және дербес салық төлеушiлер болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерi (қаржы ұйымдарын қоспағанда) заңды тұлғалар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.
4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның қызметкерін осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатады.
Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар кәсіпкерлік субъектілері ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау