464-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты өтпелі ережелер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі
1. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізілген кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес осы Кодекс күшіне енгеннен кейін осы баптың ережелерін ескере отырып осы Кодекске сәйкес кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асырады.
2. Осы Кодекс күшіне енгенге дейін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізу шарттарын сақтау мақсатында ұсынылған кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде осы Кодекстің күшіне ену күнінен бастап танылады және осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын, айыппұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндетінің орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Заңды тұлғаның міндеттерін орындауды ұсыну кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарты болып табылатын осы Кодекстің 402-бабы 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген Комиссияның шешімі күшіне енгенге дейін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету 1 млн. евроға баламалы мөлшерде ұсынылады.
4. Егер Комиссия осы баптың 3-тармағында көрсетілгеннен өзгеше, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен өзгеше мөлшерді айқындайтын болса. Комиссияның тиісті шешімі күшіне енгенге дейін кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген тұлғалар осы шешім күшіне енген күннен бастап 6 айдан кешіктірмей Комиссия айқындаған мөлшерде көрсетілген қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті.
5. Осы баптың 3-тармағының ережелері, егер кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету, кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілі ретінде қызмет аясы кедендік әкету баждары салынбайтын және экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасаумен шектелетін кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу үшін ұсынылса, қолданылмайды.
6. Беларусь Республикасының және Ресей Федерациясының заңнамасына өзгерістер енгізілгенге дейін осы мүше мемлекеттерде осы Кодекс күшіне енгеннен кейін, осы Кодекстің 402-бабында және мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген шарттармен қатар, кеден өкілінің штатында мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаты бар кемінде 2 қызметкердің болуы кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарты болып табылады.
Осы Кодекс күшіне енгенге дейін Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясында кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген тұлғалар, ол күшіне енгеннен кейін кеден өкілінің өзге міндеттерімен қатар осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шартын сақтауға міндетті.
7. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды электрондық сауда операторларының тізіліміне бірінші электрондық сауда операторы енгізілген күннен бастап 6 ай ішінде, бірақ 2023 жылы 25 желттоқсанда қол қойылған 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың күшіне енген күнінен бастап 12 айдан аспайтын мерзімде мүше мемлекеттердің әрқайсысында жеке тұлғалардың атынан және осындай тауарлардың декларанттары жеке тұлғалардың тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілдері жүзеге асыра алады.
2017 жылғы 11 сəуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI ҚРЗ-ен Ратификацияланған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы