569-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізілген тұлғалар осы Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін осы баптың ережелерін ескере отырып, осы Кодекске сәйкес кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асырады.
2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтау мақсатында берілген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде танылады және кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша міндетінің орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Комиссияның осы Кодекстiң 489-бабының 2) тармақшасында көзделген шешімі күшіне енгенге дейін, берілуі кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарты болып табылатын кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету бір миллион еуроға баламалы мөлшерде беріледі.
4. Егер Комиссия кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің осы баптың 3-тармағында көрсетілгеннен өзге мөлшерін айқындаса, Комиссияның тиісті шешімі күшіне енгенге дейін кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген тұлғалар осы шешім күшіне енген күннен бастап алты айдан кешіктірмей көрсетілген қамтамасыз етуді Комиссия айқындаған мөлшерде беруге міндетті.
5. Осы баптың 3-тармағының ережелері, егер кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету кеден өкілі ретіндегі қызмет аясы кедендік әкету баждары салынбайтын және экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасаумен шектелетін, кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу үшін берілсе, қолданылмайды.
6. Осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының және 524-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының ережелері 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
7. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды электрондық сауда операторларының тізіліміне бірінші электрондық сауда операторы енгізілген күннен бастап алты ай ішінде, бірақ 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2023 жылы 25 желтоқсанда қол қойылған хаттама күшіне енген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсысында, осындай тауарлар декларанттары – жеке тұлғалардың атынан және олардың тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілдері жүзеге асыра алады."
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 2 шiлдедегi № 333-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау