72-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының ерекшеліктері Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы
1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық қысым жасау, сексуалдық зорлық-зомбылық және (немесе) экономикалық қысым жасау түрінде болуы мүмкін.
2. Жергілікті атқарушы органдар тұрмыстық зорлық-зомбылықты ерте анықтау мақсатында мобильді топтар құрады.
Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдар (отбасылар) туралы мәліметтер отбасын қолдау орталықтарына жіберіледі, онда оларға әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдем беріледі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер немесе психологиялық көмек алуына, оның ішінде олардың бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұруына мүмкіндік беріледі.
3. Ішкі істер органдары:
1) азаматтардың тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі туралы әрбір хабары, өтініші бойынша жедел ден қоюдың құқықтық шараларын қабылдайды;
2) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі туралы бір тәулік ішінде құқық бұзушылық профилактикасының мүдделі субъектілерін хабардар етеді;
3) жәбірленуші құқық бұзушымен ортақ тұрғынжайдан жеке гигиена заттарын, маусымдық киімдері мен жеке басын куәландыратын құжаттарын алып шыққан кезде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.
4. Жергілікті атқарушы органдар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың виктимологиялық профилактикасы мақсатында өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау жөніндегі аумақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлейді.
Жарты жылда бір рет жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтаудың және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастырудың тиімділігіне баға беріледі.
Қарау нәтижелері бойынша өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау жөніндегі аумақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарына тиісті өзгерістер енгізіледі.
Проблемалық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына шығару үшін жұмыс органына ақпарат жіберіледі.
5. Жергілікті атқарушы органдар тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірге мансап орталығы жасаған жұмыспен қамтуға және (немесе) әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесу бойынша өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамға (отбасыға) жеке көмек жоспарының іс-шараларын орындайды.
6. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендерді әлеуметтік бейімдеу және оңалту, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарға психологиялық көмек бойынша жәрдем көрсетеді.
7. Жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралардың тиімділігіне баға беріледі.
8. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды үйлестіру мемлекеттік отбасылық саясат саласындағы уәкілетті органға жүктеледі.
9. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі өзге де шараларды жүзеге асыруға құқылы.
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 245-VIII ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 330-VIII ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау