Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 110-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 мамырда № 38627 тіркелді

"Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыОқу-ағарту министріЖ. Сулейменова

 

 

 Қазақстан РеспубликасыОқу-ағарту министрі2026 жылғы 30 сәуірдегі№ 110-НҚБұйрығымен бекітілген

 

Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жарақатқа бағдарланған тәсіл – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балалармен жұмысты ұйымдастыру тәсілі, ол олардың ықтимал травмалық тәжірибесін ескеруге негізделген және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қолдау көрсетуге, сондай-ақ қайта травматизацияның алдын алуға бағытталған;

      2) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жан-жақты көмек көрсетуге арналған кабинеттер;

      3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті орган – балалардың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы және оны ерте анықтау, оларды қалпына келтіру және қорғау жөніндегі шараларды қабылдау қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларын орындайтын жергілікті атқарушы орган.

      3. Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерінің (бұдан әрі – кабинеттер) қызметін үйлестіру жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылады.

      2-тарау. Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің мақсаттары, міндеттері және қағидалары

      4. Кабинеттердің мақсаты зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жан-жақты, соның ішінде сот-медициналық сараптама және тергеу іс-шаралары жүргізілген кезде көмек көрсету болып табылады.

      5. Кабинеттердің міндеттері:

      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;

      2) зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді ұйымдастыру;

      3) баланың мүдделерін қамтамасыз ету қағидатын ескере отырып, зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды сот-медициналық сараптама жүргізу және тергеу әрекеттері кезінде сүйемелдеу;

      4) зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға уақтылы көмек көрсету мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдармен, оның ішінде құқық қорғау органдарымен, қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен, медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

      6. Кабинеттердің қызметі заңдылық, құпиялылық және баланың мүдделерінің басымдығы қағидаттарына негізделеді.

      3-тарау. Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің тәртібі

      7. Кабинеттердің қызметі қалаларда, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда), қала аудандарында, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде жергілікті атқарушы органдар анықтайтын ұйымдар базасында немесе жеке заңды тұлға ретінде, соның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ұйымдастырылады.

      8. Кабинеттерді құру, қайта ұйымдастыру және жабу, сондай-ақ кабинет басшысын тағайындау немесе қызметінен босату туралы шешімдерді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.

      9. Кабинеттер өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

      1) психологиялық – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жеке психологиялық көмек көрсету бойынша психологиялық қолдау орталықтарына жәрдемдесу, соның ішінде психоэмоциялық мәселелерді, дағдарыстық жағдайларды шешуге, психотравмалық оқиғалардың салдарын жеңуге бағытталған диагностика жүргізу және кеңестер беру;

      2) медициналық – денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алуға және емдеуге жатқызуға жәрдемдесу;

      3) сот-медициналық – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балалардың жағдайын кешенді сот-медициналық бағалау жүргізу үшін сот-медициналық сарапшылармен ынтымақтастық жасау;

      4) тергеу – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды ішкі істер органдары жүргізетін тергеу әрекеттері кезінде сүйемелдеу және оларға қолдау көрсету.

      10. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға көмек көрсету кабинеттерде тәулік бойы және тегін жүзеге асырылады.

      11. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға көмек көрсету қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын атқаратын орган анықтаған ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің мүдделері мен баланың мүдделері қайшылыққа келетін жағдайларды қоспағанда, ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің жазбаша немесе хабардар келісімі болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер мен баланың арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын атқаратын орган баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өкіл тағайындауға міндетті.

      12. Кабинеттерге зорлық-зомбылықтан жәбір көрген, туған сәтінен он сегіз жасқа дейінгі балалар қабылданады.

      13. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды қабылдаудың негізі – кәмелетке толмағанды жеткізген адамның өтініші немесе кәмелетке толмағанның өзі жасаған өтініші.

      14. Кабинеттерге жеткізілген немесе өздігінен жүгінген кәмелетке толмағандар туралы деректер осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды есепке алу журналында тіркеледі.

      15. Кәмелетке толмағанды қабылдау кезінде кабинет қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кабинетке зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланы қабылдау актісін жасайды.

      16. Кабинет басшысы зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланы қабылдау кезінде:

      1) баланың мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, бұл туралы жедел түрде баланың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне хабарлайды;

      2) кәмелетке толмағанға шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда жедел медициналық жәрдемді шақырады;

      3) ішкі істер органдарының, психологиялық қолдау орталығының, қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын органдардың, денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерін жедел шақырады.

      17. Кабинетте болған уақытта әрбір зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаға кепілдендірілген:

      1) өмірі мен денсаулығының сақталуы;

      2) қадір-қасиетінің қорғалуы;

      3) барлық түрдегі зорлық-зомбылықтан қорғау;

      4) білікті көмек алу.

      18. Психологиялық қолдау орталығының маманы зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланың жағдайын жедел түрде бастапқы бағалайды, бұл осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес жүргізіледі.

      19. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес қажетті іс-шараларды өткізеді.

      20. Баладан айғақтар процессуалдық нормаларды сақтай отырып, қайта жауап алу қажеттілігін азайтып қабылданады.

      21. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаға сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы шыққан жағдайда, сараптама кабинеттегі арнайы жабдықталған секцияда сот-медициналық сарапшы қатысуымен жүргізіледі.

      22. Сот-медициналық сараптама баланың жеке өмірін сақтау, қадір-қасиетін құрметтеу және сараптамаға тікелей қатыспайтын адамдардың минималды саны қамтамасыз етілген жағдайда жүргізіледі.

      23. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаға қатысты сот-медициналық сараптама, тергеу әрекеттері жүргізілген кезінде мүмкіндігінше баламен бір жыныстағы маман қатысуы немесе баланың психологиялық жағдайын ескере отырып басқа маманның қатысуы қамтамасыз етіледі.

      24. Психологиялық қолдау орталығының маманы баланы қайта жарақаттамау мақсатында тергеу және сот-медициналық әрекеттерді жүргізу шарттарын, нысанын және ретін ұсынуға құқылы.

      25. Қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын атқаратын орган кабинетке жеткізілген зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланы ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне тапсыруды қамтамасыз етеді, ал бұл баланың мүддесіне қайшы келетін немесе тікелей өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда, баланың әрі қарай орналастырылуы туралы шешімді "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қабылдайды.

      26. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланың жағдайын бастапқы бағалауға сүйене отырып, жеке жұмыс жоспары (бұдан әрі – ЖЖЖ) осы Қағидаларға 4-қосымшадағы нысанға сәйкес кабинет басшысымен жасалып, қол қойылады және ішкі істер органдарымен, сот-медициналық сарапшымен, психологиялық қолдау орталығымен, қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын атқаратын органмен және баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдерімен келісіледі.

      27. ЖЖЖ-де көрсетілген іс-шаралар ішкі істер органдарының, психологиялық қолдау орталығының, қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын атқаратын органның өкілдерімен және сот-медициналық сарапшымен жүргізіледі.

      28. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балалар алғашқы көмек көрсету және осы Қағидаларда көзделген рәсімдерді жүргізу кезінде қажеттілігі бойынша шығуға және қайта оралуға мүмкіндігімен кабинетте уақытша болады.

      29. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға көмек көрсету баланың жасын, жынысын, жеке даму ерекшеліктері мен психологиялық жағдайын ескере отырып, баланың құқықтары мен қажеттіліктерін назарға алатын жарақатқа бағдарланған тәсілді қолдана отырып жүзеге асырылады.

      30. Кабинетте болған кезде белгілі болған зорлық-зомбылықтан жәбір көрген кәмелетке толмағандардың дербес деректері "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жарияланбайды.

      31. Баланың және оның отбасының жеке деректерін (жеке сәйкестендіру деректері, фотосуреттері, мекенжайы, білім беру ұйымдарының атауы) қамтитын материалдарды жариялауға тыйым салынады.

      32. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға көмек көрсетілуін бақылау "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органымен жүзеге асырылады.

      33. Кабинет бөгде адамдардың қол жеткізуі шектелген келесі секциялардан тұрады:

      1) cот-медициналық сараптама жүргізу секциясы;

      2) тергеу әрекеттерін жүргізу секциясы;

      3) психолог секциясы;

      4) жұмыс секциясы.

      34. Секцияларда кабинет жұмысы мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат орналастырылады.

      Балалардың қоршаған ортасын ұйымдастырғанда артық детальдар, шамадан тыс декоративті элементтер және көп ашық, контрастты түстер қолданылмайды.

      35. Кабинетті және жиһазды безендіру үшін балалардың тыныш психоэмоциялық күйін қамтамасыз ететін ашық және бейтарап түстер қолданылады.

      36. Кабинетке кіргенде зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балалардың демалуына арналған күту аймағы орналасады, онда балалардың қауіпсіз әрі жайлы болуы үшін жағдай жасалады.

      37. Кабинет осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жабдықталады.

      38. Кабинеттердің қаржыландырылуы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

 

 Зорлық-зомбылық құрбаныболған балаларға көмек көрсетукабинеттері қызметініңүлгілік қағидаларына1 қосымша
 нысан

 

Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды есепке алу журналы

      _______________________________________________________________

      (зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинетінің атауы)

      Басталды "___" __________________ 20 __ ж. Аяқталды "___" _______________ 20 __ ж.

 

Жүктеу

№Жеткізілу күні және уақытыКәмелетке толмағанның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)Кәмелетке толмағанның туған күні, айы, жылы

1

2

3

4

 

 

Жүктеу

Кәмелетке толмағанның жеке сәйкестендіру нөміріКәмелетке толмағанның ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, айы, жылы)Кәмелетке толмаған ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі

5

6

7

 

 

Жүктеу

Кәмелетке толмағанды жеткізген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы (болған жағдайда)Жеткізушінің қолыКәмелетке толмағанды қабылдаушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымыҚабылдаушының қолы

8

9

10

11

 

 

Жүктеу

Кабинетке жеткізілу себебіКәмелетке толмаған кімге және қайда жіберілді (мекенжай)Кабинеттен кету күні мен уақытыКәмелетке толмағанды алып кеткен тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы (болған жағдайда), қолы

12

13

14

15

 

 

 Зорлық-зомбылық құрбаныболған балаларға көмек көрсетукабинеттері қызметініңүлгілік қағидаларына2 қосымша
 нысан

 

Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинетіне зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланы қабылдау актісі

 

"____" ____________ 20 __ ж.  _________________________қаласы, ауданы

 

      Мен____________________________________________________________

      (лауазымы, тегі және аты-жөні)

      _____________________________________________________________________

      (кабинет атауы)

      ______________сағ. _______________мин_________________________________

      _____________________________________________________________________

      (кәмелетке толмағанды жеткізушінің тегі, аты, әкесінің аты

      (ол бар болса), жұмыс орны, лауазымы, мекенжайы, телефон нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (кәмелетке толмаған табылған орын, уақыт және жағдайлары)

      _____________________________________________________________________

      анықталған кәмелетке толмаған жеткізілгендігі туралы осы актті жасадым.

      Кәмелетке толмағанның ерекшеліктері _____________________________________________________________________

      (бойы, салмағы, шамамен жасы, ерекшеліктерінің (тері дағы, жарақаттан қалған іздер), денесіндегі жаралардың, зорлық-зомбылық белгілерінің анықталуы)

      _____________________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________________

      (кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жасы, мекенжайы, ата-анасының жұмыс орны) анықталды.

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (бала сырт көзге сау, науқас немесе дене жарақаттары бар)

      акт жасақтаушының қолы

      _____________________________________________________________________

      (кәмелетке толмағанды жеткізген тұлғаның тегі)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

 

 Зорлық-зомбылық құрбаныболған балаларға көмек көрсетукабинеттері қызметінің үлгілікқағидаларына3 қосымша
 нысан

 

Баланың жағдайын бастапқы бағалау нысаны

 

Жүктеу

Баланың деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жынысы және жасы):
Бағалауды жүргізген қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы:

 

      Баланың жағдайын бастапқы бағалау:

 

Жүктеу

1. Баланың үйдегі және отбасындағы жағдайын бағалау (ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері өз міндеттерін орындай ма, бала отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырай ма және басқа да мән-жайлар):
2. Баланың туыстарымен және достарымен қарым-қатынасын бағалау (бала жақын туыстарын біле ме, отбасы мүшелерінің біріне бауыр басуы бар ма, достары бар ма және басқа да мән-жайлар):
3. Баланың әлеуметтік, құқықтық, медициналық, психологиялық-педагогикалық қажеттіліктерін бағалау:Әлеуметтік (тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, жәрдемақылар алу және басқа да мәселелер):Құқықтық (құжаттарының болуы, құқықтық мәртебесі және басқа да мәселелер):Медициналық (денсаулық жағдайы, ерекше күтім қажеттілігі, қатыгездікпен қарау және зорлық-зомбылық белгілері, темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін қолдану және басқа да мәселелер):Психологиялық (баланың/отбасының мінез-құлық және тұлғалық ерекшеліктері):Білім беру (оқу орны, үлгерімі, қосымша біліммен қамтылуы, білім беру қызметтеріне қажеттілігі):
4. Баланың психологиялық-педагогикалық қажеттіліктерін бағалау:Қауіпсіздік (баланың қауіпсіз мінез-құлық дағдылары қаншалықты дамыған? Бала тәуекелді мінез-құлық көрсетеді ме? Бала бөтен адамдармен байланысқа шыға ма? Әлеуметтік желілерде өзіне қатысты жеке ақпарат бөліседі ме?)Әлеуметтік дағдылар мен өзін-өзі күту дағдылары (бала гигиеналық процедураларды қалай орындайды: өздігімен, көмек қажет пе, бақылауды қажет етеді ме, ересектің ескертуін қажет етеді ме? Бала тұрмыста қаншалықты бейімделген: не істей алады, не істеуді ұнатады? Бала қалай киінеді: киімі жасына, жынысына, жағдайға сәйкес пе?):Отбасылық және әлеуметтік байланыстар (бала айналасындағы адамдармен қалай байланыс орнатады? Қандай жастағы балалармен қарым-қатынас жасағанды ұнатады? Бала жақын ересекпен және балалармен достық пен сенімге негізделген қарым-қатынасты қалай құрады? Қақтығыс жағдайында қалай әрекет етеді? Бала туыстарымен қарым-қатынасын сақтай ма, қандай тәсілдер қолданады?):Эмоциялық және мінез-құлық дамуы (баланың көңіл-күйі көбінесе қандай? Көңіл-күйдің өзгеруіне қандай оқиғалар себеп болуы мүмкін? Көңіл-күйдің өзгеруі баланың мінез-құлқына қалай әсер етеді? Баланың оң және теріс мінез-құлық ерекшеліктері қандай, олар мінез-құлықта қалай көрінеді?):Өзін-өзі тану (бала өз отбасын, этникалық шығуын, мәдениетін, ана тілін қаншалықты біледі және оларға қалай қарайды?):Білім беру және оқыту (бала қай мектепте, қандай бағдарлама бойынша оқиды? Оқу процесіне қалай қарайды, үлгерімі қандай? Үй тапсырмасын қалай орындайды? Қандай пәндерге қызығушылығы бар, қай пәндерді үйренуде қиындықтар туындайды? Пәнді үйренуде қандай кедергілер бар? Бала бос уақытында немен айналысады, қызығушылықтары қандай? Қандай қабілеттері, жетістіктері мен табыстары бар?):
5. Баланың психологиялық қажеттіліктерін бағалау:Психологиялық әл-ауқат (басым көңіл-күй, қауіпсіздік сезімі)Өткен психологиялық жарақаттардың салдары (бала қандай жарақаттарды бастан кешірген: байланыс жарақаты, қатыгездікке ұшырау жарақаты, жоғалтудан туындаған жарақат және басқа; олар қалай көрінеді: депрессиялық күй, агрессивті реакциялар, нашар үлгерім және басқа):Өзін-өзі бағалау, тұлғаның ерекшеліктері (баланың өзіне қатысты көзқарастары қандай? Өзіне қалай қарайды? Темпераменті қандай және қалай көрінеді? Мінез-құлқы қандай және қалай көрінеді?)Туыстармен және жақындарымен қарым-қатынасы (баланың туыстық байланыстар туралы түсінігі. Бала анасына, әкесіне, бауырларына, атасы мен әжесіне және басқаларға қалай қарайды (ескертпелер, сезімдер)? Туыстарымен қарым-қатынасты сақтай ма (қаншалықты жиі, қалай: бетпе-бет, әлеуметтік желі арқылы және т.б., бастамашылық жасай ма/қарсы бола ма)? Туыстарымен қарым-қатынастан бұрын және кейін өзін қалай сезінеді? Баланың отбасына оралу туралы ойлары қандай, қандай сезімдер тудырады? Бала балама отбасыға орналастырылуды (туыстық қамқоршылық, асырап алу, патронат) қарастыра ма?)
6. Қызметкерлердің жалпы бағалауы мен қорытындылары:
7. Қызметкерлердің қолы:Күні:Бекітілді:Күні:

 

 

 Зорлық-зомбылық құрбаныболған балаларға көмек көрсетукабинеттері қызметінің үлгілікқағидаларына4 қосымша
 нысан

 

Жеке жұмыс жоспары

      Кәмелетке толмағанның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні

      _____________________________________________________________________

      Байланыс ақпараты ______________________________________

      Тұратын мекенжайы ___________________________________________

      Тағайындалған іс-шаралар (түрлері мен көлемін көрсету):

 

Жүктеу

№АтауыТағайындалған күніАяқталған күніЖауаптыІс шараларды орындау нәтижелері
Психологиялық қолдау орталығының іс-шаралары
 Іс-шаралар    
      
Ішкі істер органдарының іс-шаралары
 Іс-шаралар    
      
Сот-медициналық сарапшының іс-шаралары
 Іс-шаралар    
      
Қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органның іс-шаралары
 Іс-шаралар    
      
Басқа іс-шаралар
 Іс-шаралар    
      

 

      Ескертпелер, толықтырулар: _____________________________________

      Кабинет басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы _____________________________________________________________________

      Келісілді:

      Келісуші тұлғалардың (ішкі істер органы, сот-медициналық сарапшы, қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын орган, психологиялық қолдау орталығы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Ата-ананың немесе баланың басқа заңды өкілінің жеке жұмыс жоспарымен келісуі:

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)________________________________

      Қолы_________________________________________________________________

      Күні_________________________________________________________________

      Егер келісім алу мүмкін болмаса, себебін көрсетіңіз

      ___________________________________

 

 Зорлық-зомбылық құрбаныболған балаларға көмек көрсетукабинеттері қызметініңүлгілік қағидаларына
 5 қосымша

 

 

Жүктеу

№Материалдар/жабдықтар атауыСаны
Сот-медициналық сараптама жүргізу секциясы

1.

Негатоскоп

1

2.

Жылжымалы диагностикалық шам

1

3.

Стационарлық бактерицидтік сәулелендіргіш

1

4.

Гинекологиялық кресло

1

5.

Жаялықты қоса алғанда, гинекологиялық құралдар жиынтығы (бір рет қолданылатын)

1

6.

Тазомер

1

7.

Ростомер

1

8.

Процедуралық үстел

1

9.

Медициналық кушетка

1

10.

Сандық фотоаппарат

1

11.

Құралдарды дезинфекциялауға арналған 5,0 л сыйымдылығы бар контейнер

1

12.

Бикстер

2

13.

Еден таразысы

1

14.

Петри табақтары

50

15.

Заттық шынылар

100

16.

Үстел

1

17.

Кресло

1

18.

Жұмыс материалдарын сақтауға арналған шкаф

1

19.

Анатомиялық қуыршақ

1

20.

Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы

1

21.

Антисептик

2

22.

Қол жуатын орын

1

Тергеу әрекеттерін жүргізу секциясы

1.

Жоғары сапада бейнежазу мүмкіндігі бар бейнекамера

1

2.

 Аудиорекордер

1

3.

Микрофон

2

4.

Бөлек кабинеттегі жауап алудың басқа қатысушыларымен байланысуға арналған бейне және дыбыстық қашықтықтан коммуникация жүйесі

1

5.

Басқа кабинеттен бейне мен дыбысты көрсетуге арналған дисплей немесе монитор

1

6.

Ақпаратты жазу және сақтау құрылғылары

1

7.

Аудио және бейнематериалдарды жазуға және сақтауға арналған бағдарламалық жасақтамасы бар компьютер

1

8.

Жазбаларды ұзақ мерзімді сақтауға арналған қатқыл диск немесе сервер

1

9.

Кресло

1

10.

Диван

1

11.

Үстел

1

12.

Орындық

4

13.

Шкаф

2

14.

Сөре

2

15.

Ойыншықтар

10

16.

Түрлі-түсті субұрқақ

1

17.

Жауап алу процесін бақылауға арналған мөлдір шыны немесе бір жақты айна

1

18.

Наушник

2

Психолог секциясы

1.

Тумбасы бар компьютерлік үстел

1

2.

Шынтақшалары бар, дөңгелекті айналмалы кресло

1

3.

Жартылай ашық шкаф

1

4.

Жартылай жұмсақ орындық

1

5.

Теңселу әсері бар жартылай жұмсақ кресло

1

6.

Шағын журнал үстелі

1

7.

Балалар үстелі

1

8.

Балалар орындығы

2

9.

Жұмсақ пуф

2

10.

Магнитті/тығын тақта

1

11.

Микрофонды-телефонды гарнитурасы және веб-камерасы бар, интернетке қосылған дербес компьютер

1

12.

Үстел үсті акустикалық жүйесі

1

13.

Маршрутизатор

1

14.

Көпфункционалды құрылғы (көшірмелеу/принтер/сканер)

1

15.

Портативті колонка

1

16.

Желілік сүзгі

2

17.

Ойын әрекетін дамытуға арналған ойын немесе ойыншық

10

18.

Зияткерлігі бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық тексеруге арналған жиынтық

1

19.

Қабырғаға ілінетін бактерицидті сәулелегіш

1

20.

Үстел үстіне қойылатын түрлі-түсті релаксациялық шам

2

21.

Стимулдық көрнекі-дидактикалық материал

1

22.

Еденге төселетін кілем жабыны

1

Жұмыс секциясы

1.

Үстел

1

2.

Орындық

4

3.

Кресло

2

4.

Компьютер

1

5.

Шкаф

1

6.

Сөре

2

7.

Жауап алу барысын бақылауға арналған монитор

1

8.

Жауап алудың дыбыс жазбасын тыңдауға арналған аудиожүйе

1

9.

Аудио және бейнематериалдарды қарауға, өңдеуге және талдауға арналған мамандандырылған бағдарламалық жасақтама

1

10.

Телефон

1

11.

Наушник

1

12.

Микрофон

1

 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

380-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

380-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану Қ...

Толық оқу »

321-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану

321-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану 1. Өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомб...

Толық оқу »

3-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының принциптері Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

3-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының принциптеріТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы:      1) заңды...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылад...

Толық оқу »

72-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының ерекшеліктері Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

72-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының ерекшеліктері Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы 1.Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық қысым жасау...

Толық оқу »

4-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

4-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлеріТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық,сексуалдық және (н...

Толық оқу »

7-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

7-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретіТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      1. Жергілікті өкілді органдар:      1) алып тасталды - ҚР...

Толық оқу »

380-3-бап. Медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолдану Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

380-3-бап. Медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолдану Қылмыстық кодексi Қазақстан Рес...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасы Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасыТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

9-бап. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың құзыреті Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

9-бап. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың құзыретіТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      Кәмелетке толм...

Толық оқу »

Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мәселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 7 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның...

Толық оқу »

5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтерТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      1. Заңда белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адам деп таны...

Толық оқу »

11-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

11-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      Білім беру саласындағы уәкілетті орган:      1) алып тастал...

Толық оқу »

274-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату

274-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату Қатыгездік пен зорл...

Толық оқу »

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 2-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 2-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      Қаз...

Толық оқу »

10-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

10-бап. Ішкі істер органдарының құзыретіТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      Ішкі істер органдары:      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен басқа да қылмыстардың таралуын талдау

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен басқа да қылмыстардың таралуын талдауОтбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы көрінісін анықтау үшін кәм...

Толық оқу »

Жанжалдарды болғызбау мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, хабардар болуды арттыруға, жанжалдардың алдын алу мен әйелдерді қорғау мәселелерінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды күшейтуге әйелдердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған 1325 (2000), 1820, 1888, 1889, 1960, 2106, 2122, 2242, 2467-қарарларды іске асыру жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған іс- қимыл жоспарын бекіту туралы

Жанжалдарды болғызбау мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, хабардар болуды арттыруға, жанжалдардың алд...

Толық оқу »

13-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

13-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыретіТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      Денсаулық сақтау ұйымдары:      1) жәбірленушілер мен тұрмыстық зорлық-з...

Толық оқу »

Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет жәбірленушілердің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылған

Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет жәбірленушілердің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп т...

Толық оқу »

8-бап. Күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да іс-әрекеттер қатерін төндiретiн адамға оның қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкiн екендiгi туралы ресми алдын ала ескерту Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

8-бап. Күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да іс-әрекеттер қатерін төндiретiн адамға оның қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкiн екендiгi туралы ресми алд...

Толық оқу »

Адамдар тобының зорлық-зомбылық қолдану қаупімен жасалған адамдардың еркіне қарсы тұрғын үйге заңсыз басып кіруі

Адамдар тобының зорлық-зомбылық қолдану қаупімен жасалған адамдардың еркіне қарсы тұрғын үйге заңсыз басып кіруіҚостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған а...

Толық оқу »

10-бап. Айыпталушыға (күдіктіге) қатысты қылмыстық процеске қатысушыларға күш қолдану (қолдануды ұйымдастыру) немесе өзге де қылмыстық әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) мүмкiндiгін болдырмайтын бұлтартпау шараларын қолдану Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

10-бап. Айыпталушыға (күдіктіге) қатысты қылмыстық процеске қатысушыларға күш қолдану (қолдануды ұйымдастыру) немесе өзге де қылмыстық әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) мү...

Толық оқу »

Өмiрі мен денсаулығына қауiптi емес күш қолдану қатерін төндіріп, бөтеннің мүлікін ашық жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған

Өмiрі мен денсаулығына қауiптi емес күш қолдану қатерін төндіріп, бөтеннің мүлікін ашық жымқырғаны үшін кінәлі деп танылғанШымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2020 жылғы 1...

Толық оқу »

429-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

429-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұ...

Толық оқу »

25-бап. Жәбірленушілерге көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде құпиялылықты сақтау Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

25-бап. Жәбірленушілерге көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде құпиялылықты сақтауТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      Жәбірленушілердің жеке және отбасылы...

Толық оқу »

Дәрменсіз жағдайды пайдалана отырып, зорлық-зомбылық қолдану қаупімен жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасау

Дәрменсіз жағдайды пайдалана отырып, зорлық-зомбылық қолдану қаупімен жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасауАлматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданара...

Толық оқу »

Зорлық-зомбылық, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау және алып жүру қаупі

Зорлық-зомбылық, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау және алып жүру қаупіҚК-нің 96 - бабы 2-бөлігінің " к " тармағы бойынша кісі өлтіруді саралау басқа қылмыс...

Толық оқу »

8-бап. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

8-бап. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияларТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      Әйелдер істері және отбасылық-демограф...

Толық оқу »

23-бап. Қылмыстық процесте іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қауіпсіздік шаралары Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

23-бап. Қылмыстық процесте іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қауіпсіздік шараларыТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      1. Қылмыстық құқық бұзушылық құр...

Толық оқу »

16-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу 3-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ШАРАЛАРЫ Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

16-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу 3-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫШАРАЛАРЫТұрмыстық з...

Толық оқу »

15-бап. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

15-бап. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдарТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      1. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар:      1) жәбірленушілерді қабылдауды жүзег...

Толық оқу »

17-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

17-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларыТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы...

Толық оқу »

18-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін негіздер Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

18-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін негіздерТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықт...

Толық оқу »

Тонауға оқталу, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының өмірі мен денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылықты қолдану арқылы жасалған бөтен мүлікті ашық ұрлау

Тонауға оқталу, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының өмірі мен денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылықты қолдану арқылы жасалған бөтен мүлікті ашық ұрлауСот үкі...

Толық оқу »

19-бап. Профилактикалық әңгімелесу Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

19-бап. Профилактикалық әңгімелесуТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау...

Толық оқу »

Денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқтырған жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы қоғамды құрметтемеу арқылы көрінетін қоғамдық тәртіпті ерекше батыл бұзу

Денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқтырған жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы қоғамды құрметтемеу арқылы көрінетін қоғамдық тәртіпті ерекше батыл бұзуАқтөбе қал...

Толық оқу »

12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыретіТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:      1)...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 313-бабына түсініктеме. Қатыгездік пен зорлық-зомбылық культін насихаттайтын шығармаларды заңсыз тарату

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 313-бабына түсініктеме. Қатыгездік пен зорлық-зомбылық культін насихаттайтын шығармаларды заңсыз тарату1. Қатыгездік пен зорлық-зом...

Толық оқу »

Зорлық-зомбылық бұзақылық

Зорлық-зомбылық бұзақылықКінәлі адамға ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабында белгіленген шектерде және ҚК-нің жалпы бөлігінің ережелерін ескере отырып, оны түзету үшін әділ,...

Толық оқу »

20-бап. Қорғау нұсқамасы Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

20-бап. Қорғау нұсқамасыТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      1. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Әкім...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына түсініктеме. Билік өкіліне қатысты күш қолдану

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына түсініктеме. Билік өкіліне қатысты күш қолдану1. Билік өкіліне немесе оның жақындарына қызметтік міндеттерін орындауына...

Толық оқу »