Өмiрі мен денсаулығына қауiптi емес күш қолдану қатерін төндіріп, бөтеннің мүлікін ашық жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2020 жылғы 16 наурыздағы үкімімен: М. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК-нің) 191-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақтарымен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуге сотталған. Жаза өтеу мерзімі 2020 жылғы 16 наурыздан бастап есептелген; Б. бұрын сотталмаған, ҚК-нің 191-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақтарымен 3 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуге сотталған. Жаза өтеу мерзімі 2020 жылғы 16 наурыздан бастап есептелген. Заттай дәлелдемелердің мәселесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 118-бабында белгіленген тәртіпте шешілген. Сот үкімімен М. мен Б. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бiрнеше рет жәбiрленушiлердiң өмiрі мен денсаулығына қауiптi емес күш қолдану қатерін төндіріп, бөтеннің мүлікін ашық жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған. Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 6 мамырдағы қаулысымен сот үкімі өзгертілген. Үкімнің сипаттау-уәждеу және қарар бөліктерінен М. мен Б.-ның іс-әрекеттерін ҚК-нің 191-бабы екінші бөлігінің 1) тармағымен (жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп) саралау және кінәлі деп тану бөлігі алынып тасталған. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Адвокат Ү. өтінішхатында сотталғандар М. мен Б.-ның кінәларының дәлелденуі мен қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттерінің саралануын дауламай, олардың жасаған әрекеттерін мойындайтындарын, шын жүректен өкінетіндерін, жәбірленушілердің оларға кешірім беріп, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрағандарын ескеріп, сот актілерін өзгертіп, бас бостандықтарынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған. Өз кезегінде жәбірленуші Л., Ч., Г.-лардың адвокаты А. өтінішхатында апелляциялық сот алқасы жәбірленушілердің М. мен Б. кешіргенін және татуласқанын назарға алмағандығын көрсетіп, сотталғандар М. мен Б.-ға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындап, сот актілерін өзгертуді сұраған. Іс бойынша анықталғандай, М., Б., С. және К. 2019 жылдың қараша айында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бiрнеше рет жәбірленушілер Л., Ч., Г.-лардың өмiрі мен денсаулығына қауiптi емес күш қолдану қатерін төндіріп, ұялы телефондары мен ақшаларын ашық жымқырғаны үшін сотталған. Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері ҚК-нің 191-бабы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарымен дұрыс дәрежеленген. М. мен Б.-ға жазаның түрі мен мөлшерін тағайындаған кезде төменгі тұрған соттар олардың қылмысын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, сонымен қатар жасалған қылмыстың ауыр қылмыстар санатына жататындығын, екі жәбірленушінің кәмелетке толмағандығын, сотталушылардың бірнеше рет ауыр қылмыстар жасау мақсаттарын ескере отырып, оларға шартты немесе бас бостандықтарынан шектеу жазаларын қолданбау туралы дұрыс шешім қабылдаған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған М. мен Б.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгеріссіз, ал адвокаттар Ү мен А.-ның өтінішхаттарын қанағаттандырусыз қалдырды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы