380-3-бап. Медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе күш қолдану Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1. Медицина қызметкерінің немесе жедел медициналық жәрдем көлігі жүргізушісінің өз қызметтік немесе кәсіптік міндеттерін орындауы кезінде немесе орындауына байланысты не оларды орындағаны үшін кек алу мақсатында оларға қатысты күш қолдану қатерін төндіру –
екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, мынадай:
1) екі және одан көп адамға қатысты;
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) бірнеше рет;
4) төтенше жағдай кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
5) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –
екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша олардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану –
бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, мынадай:
1) екі және одан көп адамға қатысты;
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) бірнеше рет;
4) төтенше жағдай кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
5) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша олардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану –
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, мынадай:
1) екі немесе одан көп адамға қатысты;
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) бірнеше рет;
4) төтенше жағдай кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
5) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –
жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы