Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 42-бабының 13) тармақшасына сәйкес, сот атқарушылық іс жүргізуді талап етіп алдырған жағдайларда атқарушылық іс жүргізу бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұруға жатады.
Іс жүзінде соттар келіп түскен әкімшілік іс бойынша соттың іс-әрекеттері туралы ұйғарымдарында атқарушылық іс жүргізу материалдарын талап етіп алдыру туралы көрсетеді.
Атқарушылық іс жүргізу материалдарын алғаннан кейін соттар істі мәні бойынша қарағанға дейін не сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін атқарушылық іс жүргізу материалдарын қайтармайды.
Мұндай тәжірибе атқарушылық іс жүргізудің ұзақ уақытқа тоқтатыла тұруына, өндіріп алушының құқықтарының бұзылуына әкеп соғады және әрдайым әкімшілік сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келе бермейді.
Бұзушылықтарды болдырмау және атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтарын сақтау мақсатында мынадай кезектілікті сақтау қажет:
- келіп түскен әкімшілік іс бойынша соттың іс-әрекеттері туралы ұйғарымымен атқарушылық іс жүргізу материалдарын талап етіп алдыру;
- сот орындаушысынан атқарушылық іс жүргізудің түпнұсқаларын қағаз немесе электрондық жеткізгіште алу;
- дауды қарау үшін қажетті материалдарды әкімшілік істің материалдарына қоса тіркеу;
- қажеттілік жойылғаннан кейін атқарушылық іс жүргізуді қайтару.
Әкімшілік талап қоюдың нысанасын негізге ала отырып, жауапкер дауланып отырған саты шеңберінде атқарушылық әрекеттер жасаудан тартынуы тиіс.
Осылайша, сот атқарушылық іс жүргізу материалдарын сот орындаушысынан талап етіп алдырған ұйғарым болған жағдайда, сот орындаушысы сот материалдарды ресми түрде қайтарғанға дейін атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы шығаруы қажет.
Осы процестік мәселе бойынша бірыңғай тәжірибені қалыптастыру үшін «Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы» ҚР ЖС нормативтік қаулысында түсіндірме беру қажет.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына сәйкес, заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.
Атқарушылық іс жүргізудің мақсаты бұзылған немесе даулы құқықтарды не заңмен қорғалатын мүдделерді нақты қалпына келтіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау атқарушылық іс жүргізудегі сот бақылауының нысаны болып табылады, оның мақсаты атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.
Атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
ӘРПК;
АК;
АПК;
Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
2017 жылғы 31 наурыздағы № 1 «Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы» ҚР ЖС нормативтік қаулысы;
2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» ҚР ЖС нормативтік қаулысы;
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығымен бекітілген Қағидалар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 «Жеке сот орындаушысы қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» қаулысы.
Пайдаланылған қысқартулар:
ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;
ҚР ЖС нормативтік қаулысы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;
Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары – Қағидалар;
АИАЖ – Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық жүйесі;
ҚР ЖС ӘІСК – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
ӘІСК немесе алқа – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
ӘД – Әділет департаменті (-тері);
Мемлекеттік СО – мемлекеттік сот орындаушысы (-лары);
ЖСО – жеке сот орындаушысы (-лары).
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау