Сот орындаушылардың атқарушылық іс жүргізуді қозғауы
Атқарушылық іс жүргізуді қозғау саты сындағы сот орындаушыларының әдеттегі қа теліктері:
- атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орын дауға ұсыну мерзімінің дұрыс есептелмеуі;
- аумақтық қағидатын бұза отырып атқа рушылық іс жүргізуді қозғау;
- атқарушылық құжаттың Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.
Сот орындаушысы атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғайды. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 9-бабында атқарушылық құжаттардың толық тізбесі көзделген. Бұл тізбе кеңейтілген талқылауға жат пайды.
Атқарушылық құжаттарды орындауға ұсы ну мерзімдері Атқарушылық іс жүргізу тура лы заңның 11-бабымен регламенттелген.
Бұл ретте, өткізіп алған мерзімді сот актісін шығарған сот немесе орындау орны бойынша сот қана қалпына келтіре алады. Атқарушылық құжатты орындауға ұсыну мерзімі:
1) атқарушылық құжатты орындауға ұсыну арқылы;
2) борышкердің атқарушылық құжатты ішінара орындауы, бұл туралы сот орында ушысы атқарушылық құжатта белгі жасайды;
3) борышкерді іздестіру кезеңінде үзіледі. Үзілістен кейін мерзімнің өтуі қайтадан басталады, бұл ретте үзіліске дейінгі өткен уақыт жаңа мерзімге есептеледі.
Көрсетілген норманы сөзбе-сөз түсіндіру ге сүйене отырып, орындауға ұсыну мерзімін есептеу үшін орындауға алғашқы ұсыну күні нен бастап мерзім үзілісінің барлық кезең дерін белгілеу қажет.
Мысалы, соттың 2016 жылғы 09 желтоқ сандағы ұйғарымымен Г. мен А. арасындағы келісім бекітілді, ол бойынша соңғысы қор ал дындағы берешекті өтеу жөніндегі міндетте мені қабылдады.
2021 жылғы 20 қазанда ЖСО қордың арызы бойынша атқарушылық іс жүр гізу қозғалды.
Атқарушылық іс жүргізуді қозғау жөнінде гі әрекеттерді заңсыз деп тани отырып, соттар Келісім бойынша атқару парағын орындауға ұсыну мерзімі 2019 жылы аяқталды деген қо рытындыға келді. Бұдан басқа, қордың атқару парағын ұсынуға құқығы жоқ.
Кассациялық саты соттардың қорытындыларын негізді, ал сот актілерін заңды деп таныды (6001-22-00 6ап/537). Бұдан бұрын, (Атқарушылық іс жүргізу ту ралы заңға өзгерістер енгізілгенге дейін2020 жылғы 10 қаңтарда) мерзімнің үзілісі орын дауға ұсыну мерзімдерін іс жүзінде «нөлге» айналдырды.
Ағымдағы редакцияда Атқа рушылық іс жүргізу туралы заңның нормасы үзіліске дейін өткен уақытты жаңа мерзімге енгізуді көздейді.
Тиісінше атқару парағын орындауға ұсыну мерзімін есептеу үшін атқару құжаты мәжбүр леп орындалмаған барлық кезеңді (атқару па рағы берілген күннен бастап) ескеру қажет.
ЖСО атқарушылық құжатты орындауға ұсыну мерзімін дұрыс есептемеген жағдай лар кездеседі.
Мысалы, соттың 2014 жылғы 25 қарашадағы шешімімен ерлі-зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу туралы дау шешілді.
2015 жылғы 17 сәуірде сот атқару парағын жаз ды.
Атқару парағында қателіктердің болуына байланысты 2018 жылғы 29 маусымда өндіріп алушы түзетілген атқару парағын алды.
2021 жылғы 25 маусымда атқарушылық іс қозғал ды. Бұл істе ЖСО атқарушылық іс жүргізуді қозғауға негіз болған жоқ, өйткені мәжбүрлеп орындауға ұсыну мерзімдері аяқталды (6001 22-00-6ап/318).
Атқарушылық құжатты «Соттардың атқа рушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кей бір нормаларын қолдануы туралы» ЖС НҚ орындауға ұсыну мерзімдерін есептеу кезінде қателіктерді жою үшін Атқарушылық іс жүр гізу туралы заңның 11-бабы бойынша мерзім дерді есептеу тәртібін түсіндіру қажет.
Сондай-ақ сот орындаушысы борышкердің ерікті түрде орындауға уақыты бар-жоғын тек серуге міндетті. Көбінесе борышкерлер мұндай мерзім оларға берілмегені туралы дәлел келтіреді.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақша сында көзделген құжаттарды қоспағанда, Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 11-ба бының 1-1-тармағына сәйкес атқарушылық құжаттар сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін бес жұмыс күнінен ерте емес мәжбүрлеп орындауға ұсынылуы мүмкін.
Көрсетілген мерзімдер міндетті, оларды бұзу атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартуға әкеп соғады.
Мысалы, 2021 жылғы 1 қазанда нотариус 1 ЖШС-ның пайдасына 2 ЖШС-дан берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазба жүр гізілді.
Нотариус 2021 жылғы 18 қазанда өн діріп алушыға атқарушылық жазба берді, сол күні ЖСО-ға орындауға ұсынылды.
ЖСО-ның 2021 жылғы 19 қазандағы қаулы сымен атқарушылық іс қозғалды, мәжбүрлеп орындау шаралары қабылданды.
Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының күшін жою туралы талаптарды қа нағаттандыра отырып, соттар борышкерге атқарушылық жазба талаптарын ерікті түрде орындау үшін мерзім берілмеген деген қоры тындыға келді.
Мерзім өндіріп алушының қо лына атқарушылық жазба берілгеннен кейінгі күннен бастап есептелуге жатады (6001-22-00 6ап/276).
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 38-бабында сот орындаушысының құқығы және атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту үшін негіздер көзделген.
Сот орындаушысы атқарушылық іс қозғалғанға дейін осы негіздердің бар-жоғын тексеруге міндетті.
Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудың заң дылығы не қозғаудан бас тартудың заңдылығы бойынша дауларды шешкен кезде мынадай мән-жайлар тексерілуге жатады:
- атқарушылық құжаттың заңнама талапта рына сәйкестігі;
- ұсыну мерзімін сақтау (үзіліс мерзімдерін есептей отырып);
- борышкердің тіркелген, тұрғылықты және жұмыс мекенжайы;
- борышкердің тіркелген мүлкінің болуы;
- борышкердің құқықтық мәртебесі (құрыл тайшылар құрамы, мемлекеттің қатысуы).
Практикада сот орындаушылары атқа рушылық іс жүргізуді қозғаумен қатар бір мезгілде мәжбүрлеп орындау шараларын қол данады.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 5-тарауында мәжбүрлеп орындау шаралары көзделген.
Мәжбүрлеп орындау шараларын қолдану үшін сот орындаушысы өз ісін жүргізуіне қа былдаған атқарушылық құжат негіз болып та былады.
Мәжбүрлеп орындау шаралары:
- атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларға (Атқа рушылық іс жүргізу туралы заңның 32-бабы);
- борышкер болып табылатын жеке тұлға ның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеуге (Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 33-бабы);
- лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беру және қолдану саласындағы уақытша шектеулерге (Атқарушылық іс жүргі зу туралы заңның 34-бабы) бөлінген.
Сот орындаушыларының әдеттегі қателік терін анықтауға болады:
- қабылданған шаралардың мөлшерлес еместігі;
- шаралар қабылдау мерзімдерін бұзу;- қабылданған шаралардың уақтылы емес немесе заңсыз жойылуы.
Нәтижесінде проблемалық мәселелер мен даулар мәжбүрлеп орындау шараларын қол данумен келіспеген кезде де, атқарушылық іс жүргізу аяқталған жағдайда көрсетілген ша ралардың күшін жою қажет болған кезде де туындайды.
Мысалы, сот тәртібімен борышкер мәжбүр леп орындау шараларының күшін жоюға қол жеткізді.
ЖСО 2021 жылғы 26 мамырда ЖШС-дан ЖШҚ-ның пайдасына берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық іс қозғады.
2021 жылғы 19 тамызда атқарушылық құ жат өндіріп алушының өтінішхаты бойынша қайтарылды.
Алайда ЖСО-ның мәжбүрлеп орындаудың қабылданған шараларын (мүлік ке тыйым салу, шығуды шектеу) жойған жоқ.
Соттар мәжбүрлеп орындау шараларын сақтау үшін негіздердің жоқтығын көрсетті (6001-22 00-6ап/541).
Атқарушылық іс жүргізу туралы заң ның 32-бабында борышкердің мүлкін сақта уға бағытталған орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген, соның есебінен кейін атқарушылық құжаттың талаптарын орындау жүргізілуі мүмкін.
Қамтамасыз ету шараларын алып тастау тәртібі Заңның 47-бабымен және Заңның 48-бабының 6-тармағында регламенттелген.
Заңда атқарушылық іс жүргізуді аяқтаудың 2 түрі – тоқтату және қайтару көзделген.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 48 бабы 1-тармағына сәйкес өндіріп алу жүргiзiл меген немесе толық көлемде жүргiзiлмеген атқарушылық құжат сот орындаушысының қаулысы бойынша мына жағдайларда:
1) өндіріп алушының арызы бойынша;
2) мүлкін тәркілеу туралы атқарушылық құ жатты қоспағанда, егер борышкердің өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табыстары болмаса және сот орындаушысы оның мүлкін немесе кірістерін анықтау жөнінде қолданған, заңда көзделген барлық шаралар нәтиже бер месе;
3) егер мүліктік емес сипаттағы атқа рушылық құжат бойынша заңда көзделген орындау жөніндегі барлық шаралар нәтиже бермесе;
4) егер өндiрiп алушы атқарушылық құжат ты орындау кезiнде борышкердiң сатылмаған мүлкiн өзінде қалдырудан бас тартса;
5) егер өндіріп алушы жеке сот орында ушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына орындау жөніндегі шығы старды жабу үшін қажетті аванстық сомалар ды енгізуден бас тартса;
6) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжатты орындау кезінде борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымда стырылған, борыш ауысқан) жағдайда, сот орындаушысы өндіріп алушыға құқықтық ми расқорды белгілеу және борышкерді ауыстыру туралы талаппен сотқа жүгіну құқығы тура лы түсіндіре отырып, атқарушылық құжатты орындамай қайтарады;
7) борышкер мүлкінің Қазақстан Республи касында болатын жағдайларды қоспағанда, егер атқарушылық құжатты орындау про цесінде борышкердің Қазақстан Республика сынан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткені анықталса;
8) жеке сот орындаушысынан бас тартуға осы Заңның 54-бабының 1-тармағында көр сетілген негіздер болса, өндіріп алушыға қай тарылады.
Атқарушылық құжаттың қайтарылуы атқа рушылық іс жүргізудің аяқталуына әкеп соға ды, демек, борышкерге қатысты іс жүзінде қозғалған атқарушылық іс жүргізу жоқ.
Алайда атқарушылық құжатты қайтару орындауды қамтамасыз ету шараларының сөз сіз күшін жоюға әкеп соқпайды.
Аталған мәсе лені шешу кезінде Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 32, 33, 48-баптарының талап тарын мүлтіксіз басшылыққа алу қажет.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 33-бабында шығуға уақытша шектеуді алып тастау негіздері көзделген.
Борышкер болып табылатын жеке тұлға ның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеуді алып тастау мы надай:
1) осы Заңның 47-бабында көзделген негіз дер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқта тылған;
2) мерзімдік өндіріп алулар туралы атқа рушылық іс жүргізулер бойынша берешек болмаған;
3) атқарушылық құжат соттың немесе құ жатты берген басқа органның талап етуі бой ынша орындалмай қайтарылған;
4) мемлекет пайдасына өндіріп алуларды қоспағанда, өндіріп алушы өтініш берген;
5) басшы заңды тұлғаның жалғыз құрыл тайшысы (қатысушысы) болып табылатын жағдайларды қоспағанда, борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысы ауысқан;
6) сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысының күші жойылған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
ӘРПК-нің 10-бабының бірінші бөлігі не сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушы мен қоғам мүд делерінің әділ теңгерімін қамтамасыз етеді.
Бұл ретте әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әре кетсіздік) мөлшерлес, яғни жарамды, қажетті және пропорциялы болуға тиіс.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 31 бабы мәжбүрлеп орындау шараларын қабыл дауды регламенттейді.
Бұл норма мәжбүрлеу шараларын қолданудың негізі атқару парағы екенін көрсетеді.
Ол іс жүргізуінде болмаған жағдайда борышкер мәжбүрлеп орындау ша раларының күшін жоюды талап етуге құқылы.
Алайда атқару парағын қайтарған кезде шаралар барлық жағдайларда жойылуға жата бермейді.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 99-бабының 1-1-тармағына сәйкес алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар ды орындау ерекшелігіне байланысты қабыл данған қамтамасыз ету шаралары алимент және басқа да мерзімді төлемдер бойынша бе решек болмаған кезде ғана жойылуға жатады.
Шығуға шектеуді алып тастау үшін осын дай талап Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 33-бабында көзделген, оған сәйкес борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақыт ша шектеуді алып тастау:
мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша бе решегі болмаған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Мысалы, ЖС ӘІСА аталған бөлікте жер гілікті соттардың сот актілерінің күшін жойды.
Сот бұйрығымен Н.-дан А.-ның пайдасы на кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алимент өндіріп алынды.
2013 жылғы 12 қа рашада МСО атқарушылық іс қозғады.
МСО ның 2020 жылғы 21 ақпандағы қаулысымен атқарушылық құжат өндіріп алушыға оның өтініші бойынша қайтарылды.
Бұл ретте, атқа рушылық құжат қайтарылған күні берешек сомасы 7230364 теңгені құрады.
Берешек өтелмегендіктен, берешек сомасын айқындау туралы орындалмаған қаулы бар, жауапкердің қамтамасыз ету шараларының күшін жою үшін құқықтық негіздері болмады, осыған байланысты жауапкердің аталған шаралардың күшін жоюдан бас тарту жөніндегі әрекеттерін алқа заңды деп таныды (6001-22-00-6ап/551).
Осылайша, мәжбүрлеп орындау шаралары берешек болмаған кезде ғана алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша күшін жоюға жатады.
Сот орындаушылары әлеуметтік маңызы бар атқарушылық іс жүргізу (алименттерді, жалақыны және басқа да мерзімді төлемдерді өндіріп алу) бойынша мәжбүрлеп орындау шараларын алу үшін негіздердің болуын то лық көлемде тексеруге тиіс.
Әкімшілік соттарға талап қоюлардың ведомстволығы
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 127-бабына сәйкес өндiрiп алушы немесе бо рышкер сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөнiндегi шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкiн.
Шағым сотқа Қазақстан Ре спубликасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен берiледi.
Көрсетілген норманың мазмұнының не гізінде сот орындаушысының әрекеттеріне атқарушылық іс жүргізу тараптары ғана сотқа шағым беруге құқылы.
Сонымен бірге практикада атқарушылық іс жүргізудің тараптары болып табылмайтын адамдардың сот орындаушыларымен даула суы жиі кездеседі.
«Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормала рын қолдануы туралы» ЖС НҚ 2-тармағында мүдделі адамдардың ЖСО-ның әрекеттеріне дау айту құқығы көзделген.
ӘРПК-нің 9-бабының бірінші бөлігіне бай ланысты әркім бұзылған немесе дау айтыла тын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауа зымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Аталған норма мүдделер болған жағдайда сот тәртібімен қорғау құқығын көздейді.
Атқарушылық іс жүргізудің тараптары болып табылмайтын адамдардан талап қою арыздары келіп түскен кезде соттар даулы құқықты қорғаудың және қалпына келтірудің өзге тәсілінің бар-жоғын және талап қоюшы үшін жасалған әрекеттерден тікелей құқықтық салдарлар туындағанын тексеруге тиіс.
Мысалы, АҚ-ның ЖШС-дан 220 989 149 теңге сомасындағы берешекті, сот шығыста рын өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүр гізу бойынша өндіріп алушы болып табылады.
Сондай-ақ ЖШС жалпы сомасы 17 569 000 теңгеге 8 жеке тұлғаның пайдасына жа лақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борыш кер болып табылады.
Жалақы бойынша бе решекті өндіріп алуды орындау шеңберінде АҚ ЖСО-ның әрекеттеріне шағым жасаған, оның жауапкердің өзіне құқықтық салдар туғызатын әрекеттеріне дау айту туралы та лап қою құқығына ие, өйткені өткізілген мүлік Инвестициялау туралы шарттың талаптары шеңберінде салынған және Кепіл шартының негізінде кепіл нысанасы болып табылады.
Соттар талаптарды мәні бойынша қараап, та лапты ішінара қанағаттандырды (6001-22-00 6ап/607).
Атқарушылық іс жүргізу туралы заң нор маларын әртүрлі түсіндіруді болдырмау үшін «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы ту ралы» ЖС НҚ-да мүдделі тұлғаның сот орын даушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымдануға құқығы болатын жағдайларды нақтылау қажет.
Талап қоюшы сот орындаушыларының әре кеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде өзінің материалдық немесе құқықтық мүд делілігін дәлелдеуге міндетті.
Алайда нақты құқықтық мүдделілік бол маған және қорғаудың басқа тәсілі болған кезде, мұндай адамдардың талап қоюлары қайтарылуға жатады.
Мысалы, сатылған мүліктің кепіл ұстаушы сы болып табылмайтын тұлғаның талап қоюы қайтарылды (6001-22-00-6ап/394).
Мемлекеттік бажды өндіріп алу
Сот орындаушыларының әрекетіне (әре кетсіздігіне) шағымдану туралы талап қою бойынша талап қоюшылар «Салық және бюд жетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 616-бабының 15) тармақшасына сәйкес сотқа талап қою берген кезде мемлекеттік баж төле уден босатылған.
ӘРПК-нің 122-бабының бірінші бөлігіне сәйкес сот шығыстарын бөлу жөніндегі мәсе лелер АПК-нің қағидалары бойынша қаралады.
АПК-нің 117-бабының бірінші бөлігіне байланысты талап қоюшы төлеуден боса тылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойын ша іс жүргізуге байланысты шығындар сот мемлекет кірісіне шығыстарын төлеуден бо сатылмаған жауапкерден толық немесе талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне пропор ционалды өндіріліп алынады.
Талап қою қанағаттандырылған кезде жер гілікті бюджеттің кірісіне мемлекеттік баж сот орындаушысынан талап қоюдың қанағаттанды рылған бөлігіне сәйкес өндіріп алуға жатады.
Мемлекеттік баждың мөлшерлемесі «Са лық және бюджетке төленетін басқа да міндет ті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 610-бабы 1-тармағының 8) тар мақшасының (0,5 АЕК) қағидалары бойынша есептеледі.
Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 42-бабының 13) тармақшасына сәйкес атқа рушылық іс жүргізу сот атқарушылық іс жүр гізуді талап еткен жағдайда бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұруға тиіс.
Практикада соттар әрекеттер туралы ұй ғарымда келіп түскен әкімшілік іс бойынша атқарушылық іс жүргізу материалдарын та лап еткенін көрсетеді.
Атқарушылық іс жүргізу материалдарын алғаннан кейін соттар істі мәні бойынша қа рағанға дейін не сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін атқарушылық іс жүргізу матери алдарын қайтармайды.
Мұндай практика атқарушылық іс жүр гізуді ұзақ уақытқа тоқтата тұруға, өндіріп алушының құқықтарын бұзуға әкеп соғады, әкімшілік сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келе бермейді.
Бұзушылықтарды болдырмау және атқа рушылық іс жүргізу тараптарының құқықта рын сақтау мақсатында мынадай бірізділікті сақтау қажет:
- атқарушылық іс жүргізу материалдарын келіп түскен әкімшілік іс бойынша соттың әре кеті туралы ұйғарымымен талап етіп алдырту;
- сот орындаушысынан атқарушылық іс жүргізудің түпнұсқаларын қағаз немесе элек трондық жеткізгіште алу;- дауды қарау үшін қажетті материалдарды әкімшілік іс материалдарына қосу;
- қажеттілік өткеннен кейін атқарушылық іс жүргізуді қайтару.
Әкімшілік талап қою нысанасының негізін де жауапкердің даулы кезең шеңберінде атқа рушылық әрекеттерден бас тартқаны жөн.
Осылайша, сот орындаушысынан атқа рушылық іс жүргізу материалдарын талап еткен сот ұйғарымы болған кезде, сот матери алдарды ресми қайтарғанға дейін сот орында ушысы атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы шығаруы тиіс.
Осы процестік мәселе бойынша бірыңғай практиканы қалыптастыру үшін «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» ЖС НҚ-да түсіндіру қажет.
Сот шешіміне шағымдану мерзімі
ӘРПК-нің 168-бабының төртінші бөлігін де сот орындаушыларының әрекетіне (әре кетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер бойынша апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде берілуі мүмкін деп көз делген.
Сот актісі жарияланған күн шешім шыға рылған күн болып есептеледі.
Соттар сот шешімін түсіндіру кезінде та раптарға шағымдану мерзімдерінің ерек шеліктері туралы көрсетуге тиіс.
Дауларды жедел қарауға кепілдіктерді қамтамасыз ету және борышкерлердің тара пынан құқықты теріс пайдалануды болдырмау мақсатында апелляциялық сатының қаулысы жарияланған күнінен бастап сот шешімінің заңды күшіне енуін көздеу қажет.
Талап қоюды беру мерзімі (мерзім дерді қалпына келтіру практикасы)
ӘРПК-нің 136-бабының төртінші бөлі гінде сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талап қою әрекет жасалған (әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап немесе сот орындаушысының әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабарланбаған өн діріп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сотқа берілетіні көзделген.
Мұндай мерзімді белгілеу атқарушылық іс жүргізудің үздіксіздігін қамтамасыз ету қа жеттілігіне байланысты және оны сот арқылы қорғау құқығын бұзу ретінде қарауға болмай ды.
Практикада борышкерлер атқарушылық іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мақсатында тараптың атқарушылық іс жүргізу материал дарымен уақтылы таныспағаны туралы дәлел дер келтіре отырып, сот орындаушыларының әрекеттеріне шағым жасайтын істер кездеседі, осыған байланысты талап қоюлар сотқа жү гіну мерзімдерін бұза отырып беріледі.
Даулардың осы санатын қарау кезінде атқа рушылық іс жүргізу материалдарын зерделеу ге және атқарушылық іс жүргізу тараптарын жасалған әрекеттер туралы хабардар ету тәсіл дері мен күндерін анықтауға ерекше назар ау дару қажет.
ӘРПК-нің 134-бабының жетінші бөлігі не байланысты дәлелді себептермен өткізіп алған талап қою мерзімін сот АПК-нің қағида лары бойынша қалпына келтіре алады.
Сотқа талап қою мерзімдерін өткізіп алу себептерін және олардың әкімшілік істі дұрыс шешу үшін мәнін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.
АПК-нің 126-бабының 2-тармағына сәй кес, егер белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін.
Бұл ретте, мерзімді өткізіп алудың дәлел ділігі жарамды және қатысты дәлелдемелер мен расталуға тиіс.
Талдау көрсеткендей, соттар мерзімді өт кізіп алу себептері объективті болмаған және талап қоюшының сотқа уақтылы жүгінуіне кедергі келтіретін қандай да бір фактілердің бар екендігін куәландырмаған кезде талап қо юларды қайтарады.
Мысалы, ЖСО-ның іс жүргізуінде мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы атқарушылық іс жүргізу болды.
Электрондық сауда-саттық 2019 жылғы 4 қаңтарда өткізілді, оның нәтиже леріне борышкер шағымданды.
Соттар талап қоюды қайтара отырып, сот орындаушысы ның әрекетіне шағымдану үшін мерзімді өт кізіп алу себептерінің дәлелділігіне жарамды және қатысты дәлелдемелер ұсынылмағанын көрсетті.
Талап қоюшының электрондық сауда-сат тыққа шағымдану мерзімі үш жыл деген дәлелдері дәрменсіз, өйткені бұл дау сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі әрекеттерінен туындайды (6001-22-00-6ап/726).
Тағы бір мысал мерзімді өткізіп алу се бептерінің дәлелді екендігіне дәлелдеме лердің болмауына байланысты.
Талап қоюшы атқарушылық іс жүргізу материалдарымен 2021 жылғы 08 ақпанда танысты, бұл тура лы істе қолхат бар.
Алайда белгіленген 10 күндік мерзімде сотқа жүгінбеген.
Сотқа жү гіну мерзімін оны өткізіп алу себептерінің негізділігі ретінде қалпына келтіру туралы өтінішхатта талап қоюшыға берешек сомасын іс жүзінде өндіріп алу туралы 2021 жылғы 29 қыркүйекте белгілі болғандығы көрсетілген.
2021 жылдың қазан, қараша айлары кезеңінде науқастануына байланысты оның сотқа шағым дайындауға мүмкіндігі болмады.
Сот ұсы нылған құжаттарға (терапевт анықтамасына) мерзімін өткізіп алу себептерін (№6001-22-00 6aп/398) дәлелдей алмайтындығын көрсетіп, баға берді.
Талап қоюды қайтару
ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінде әкімшілік талап қоюды қайтару үшін 17 негіз көзделген. Қаралып отырған санаттағы істер көбіне мынадай негіздер бойынша қайтарылады:
- ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінің 6) тармақшасы - талап қоюшы берілген талап қоюды кері қайтарып алды;
- ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігі 9) тармақшасы - тараптар татуласу, медиация не месе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты және оны сот бекітеді;
- ӘРПК-нің 138-бабының екніші бөлігі 11) тармақшасы - іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды;
- ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігі 17) тармақшасы - іс осы соттың қарауына жатпайды.
Сондай-ақ талап қоюды қайтару негізде месі ӘРПК-нің 136-бабының сегізінші бөлі гінде көзделген, оған сәйкес талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді се бепсіз өткізіп алу, сондай-ақ сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүм кін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.
Талданып отырған санат бойынша талап қоюларды қайтару туралы мәселені шешу сот тарға қиындық тудырмайды.
Бұл ретте, соттың белсенді рөлі қағидатын іске асыру бітімгершілік жолмен шешілген істер санын едәуір арттыруға мүмкіндік берді (келісім жасасу не талап қоюды кері қайтарып алу).
Атқарушылық іс жүргізу мәселелерін рет тейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конститу циясы;
ӘРПК;
АК;
АПК;
Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Соттардың атқарушылық іс жүргізу тура лы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» ЖС-ның 2017 жылғы 31 наурыздағы №1 НҚ;
«Сот актілерін орындамағаны үшін жауап тылық туралы» ЖС-ның 2003 жылғы 19 жел тоқсандағы № 12 НҚ;
Қазақстан Республикасы Әділет мини стрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұй рығымен бекітілген қағидалар;
«Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ма мырдағы № 437 қаулысы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы ның 76-бабының 3-тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару ор гандарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың орындауы үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға тиіс.
Атқарушылық іс жүргізудің мақсаты бұ зылған немесе даулы құқықтарды немесе заңмен қорғалатын мүдделерді нақты қалпына келтіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану мақсаты атқа рушылық іс жүргізудегі сот бақылауының ны санын білдіреді, оның мақсаты атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен мүд делерін қорғау болып табылады.
Қолданылған қысқартулар
ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
Атқарушылық іс жүргізу туралы заң – «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылары ның мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
ЖС НҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;
Қағидалар – Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сау да-саттықта өткізу қағидалары;
ААТЖ – Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпа раттық-талдау жүйесі;
ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
ӘІСА немесе алқа – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
ӘД – Әділет департаменті;
МСО – мемлекеттік сот орындаушысы;
ЖСО – жеке сот орындаушысы;
ОМО – орталық мемлекеттік орган;
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы