Балаларды тәрбиелеу істері бойынша сот практикасы
Жалпылау Жоғарғы Соттың 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді. Жалпылаудың мақсаты осы санаттағы істерді қарау кезінде проблемалық мәселелерді анықтау, заңнаманың біркелкі қолданылуын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, Заңмен реттелмеген олқылықтарды анықтау және оларды талдау болып табылады. Жалпылау Жоғарғы Сот Төрағасының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 115 өкімімен бекітілген Азаматтық істерді қараудың сот практикасын жалпылауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, 2017 жылы республика соттарында қаралған 600 азаматтық істі зерделеу және облыстық және оларға теңестірілген соттардың жүргізілген жалпылау нәтижелері бойынша анықтамалар негізінде жүргізілді.
Балаларды тәрбиелеу істері бойынша сот практикасы
Балаларды тәрбиелеуге байланысты даулардың мынадай санаттары бойынша сот практикасы зерделенді: ата-аналары бөлек тұрған кезде баланың тұрғылықты жерін айқындау (өзгерту) туралы; ата-анасының (басқа жақын туыстарының) баламен қарым-қатынас тәртібін айқындау туралы; заң немесе сот шешімі негізінде ұсталмайтын баланың ата-анасына, қорғаншыларына (қамқоршыларына), патронат тәрбиешісіне қайтару туралы; ата-ана құқықтарынан айыру және ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы; ата-ана құқықтарын шектеу және ата-ана құқықтарын шектеуді жою туралы; бала ата-анасының бірімен республикадан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы. Қазақстан Республикасында балаларды тәрбиелеу жөніндегі қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт "Неке (ерлі ‒ зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекс (бұдан әрі-кодекс) болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес Республика ратификациялаған халықаралық шарттардың оның заңдарынан басымдығы болады.
Балаларды тәрбиелеу жөніндегі қатынастарды реттейтін нормалар Бала құқықтары туралы Конвенцияда қамтылады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен ратификацияланған). ТМД азаматтары қатысатын құқықтық қатынастарға 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенцияның (бұдан әрі – Минск конвенциясы) және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенцияның (г.Кишинев) ережелері де қолданылады. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі дауларды соттар шешкен кезде " Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы "Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңының (бұдан әрі ‒ заң) нормалары да қолданылады. Неке-отбасы заңнамасын қолдану жөніндегі түсініктемелер "Соттардың бала тәрбиесіне байланысты дауларды шешу кезінде заңнаманы қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысында (бұдан әрі – нормативтік қаулы) қамтылады. Кәмелетке толмағандарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – қағидалар) айқындалады. Қағидаларда аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары кәмелетке толмағандарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын уәкілетті Білім және денсаулық сақтау органдары (бұдан әрі – қорғаншылық және қамқоршылық органы) арқылы жүзеге асыратыны белгіленген. Сот практикасын талдау Соттардың бала тәрбиесіне қатысты істерді қарау кезінде қолданылатын заңнаманы дұрыс анықтайтынын көрсетті.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Судебная практика по делам с воспитанием детей
310 рет жүктеп алынды -
Судебная практика по делам с воспитанием детей
247 рет жүктеп алынды