Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 140-бабына түсініктеме. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау
1. ҚР 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 240-VI Заңымен алып тасталды.
2. Ата-ананың немесе осы міндеттер жүктелген өзге де адамның, сол сияқты кәмелетке толмағанға қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқу, тәрбиелеу, емдеу немесе өзге де мекеменің педагогінің не басқа қызметкерінің кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы, кәмелетке толмағанға қатыгездікпен қараумен ұштасқан жағдайда —
бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз жазаланады.
Жалпы алғанда, зорлық-зомбылықты, қатыгез немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынасты қолдануға тыйым салу Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында (5-бап) және Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенцияда (3-бап) бекітілген, оларға сәйкес ешкім азаптауға, сондай-ақ қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас пен жазаға ұшыратылмауға тиіс.
Аталған тыйым балаларға қатысты 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде (24-бап) нақтыланған, онда «әрбір бала ешқандай кемсітусіз өзінің кәмелетке толмаған жағдайына байланысты отбасынан, қоғамнан және мемлекеттен талап етілетін қорғау шараларына құқылы» деп белгіленген.
Балалардың өмір сүруін, қорғалуын және дамуын қамтамасыз ету туралы Дүниежүзілік декларацияда (1990 жылғы 30 қыркүйек, Нью-Йорк) әлемдік қоғамдастық ерекше қиын жағдайларда өмір сүретін миллиондаған балалардың, атап айтқанда, қатыгездікке ұшыраған, қолайсыз әлеуметтік жағдайларда өмір сүретін және қанауға ұшырайтын балалардың ауыр жағдайын жеңілдетуге ұмтылатынын мәлімдеді.
Бала құқықтары туралы декларацияда (БҰҰ Бас Ассамблеясы 1959 жылғы 20 қарашада қабылдаған) «бала немқұрайдылықтың, қатыгездіктің және қанаудың барлық түрлерінен қорғалуға тиіс (9-қағидат)» деп жарияланды.
1989 жылғы БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясында баланың кез келген нысандағы тиісінше қарамаудан қорғалу құқығы бекітілді:
физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылықтың, қорлаудың немесе қиянат жасаудың, қамқорлықтың болмауының немесе немқұрайды қараудың, дөрекі қарым-қатынастың барлық түрлерінен (19-баптың 1-тармағы);
баланың әл-ауқатының кез келген аспектісіне зиян келтіретін қанаудың барлық түрлерінен (36-бап), оның ішінде баланы әлеуметтік қанаудан (34-бап), балаларды есірткі заттары мен психотроптық заттарды заңсыз өндіруге және олардың айналымына пайдаланудан (33-бап), балаларды өзге де құқыққа қайшы қызметке пайдаланудан (36-бап);
азаптаудан немесе басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас немесе жазалау түрлерінен (37-бап);
балаларды кез келген мақсатта және кез келген нысанда сатудан немесе олардың контрабандасынан (35-бап).
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясында белгіленген қатысушы мемлекеттердің міндеттері баланың осы құқығына сәйкес келеді:
баланы ата-аналарының, заңды қамқоршыларының немесе балаға қамқорлық жасайтын кез келген адамның тарапынан жасалатын физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылықтың, қорлаудың немесе қиянат жасаудың, қамқорлықтың болмауының немесе немқұрайды қараудың, дөрекі қарым-қатынастың немесе қанаудың, оның ішінде жыныстық қиянат жасаудың барлық түрлерінен қорғау мақсатында барлық қажетті заңнамалық, әкімшілік, әлеуметтік және ағартушылық шараларды қабылдау (19-баптың 1-тармағы);
баланың экономикалық қанаудан және оның денсаулығына қауіп төндіруі немесе білім алуына кедергі келтіруі не денсаулығына, сондай-ақ физикалық, ақыл-ой, рухани, моральдық және әлеуметтік дамуына зиян келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындаудан қорғалу құқығын тану (32-баптың 1-тармағы);
баланы жыныстық қанау мен жыныстық азғырудың барлық түрлерінен, оның ішінде: а) баланы кез келген заңсыз жыныстық қызметке тартудан немесе мәжбүрлеуден; б) балаларды жезөкшелікке немесе басқа да заңсыз жыныстық тәжірибеге қанау мақсатында пайдаланудан; в) балаларды порнографияда және порнографиялық материалдарда қанау мақсатында пайдаланудан қорғау (34-бап);
баланы оның әл-ауқатының кез келген аспектісіне зиян келтіретін қанаудың барлық өзге де түрлерінен қорғау (36-бап);
бірде-бір баланың азаптауға немесе басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас немесе жазалау түрлеріне ұшырамауын қамтамасыз ету (37-бап).
БҰҰ-ның Балаларды қорғау мен олардың әл-ауқатына қатысты әлеуметтік және құқықтық қағидаттар туралы декларациясында, әсіресе балаларды тәрбиелеуге беру және оларды ұлттық әрі халықаралық деңгейде асырап алу жағдайларына қатысты (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1986 жылғы 3 желтоқсандағы 41/95 қарарымен қабылданған), ата-аналар өз баласына қамқорлық жасамайтын немесе мұндай қамқорлық тиісінше көрсетілмейтін жағдайларда, оған баланың ата-аналарының туыстарының қамқорлық көрсетуі, баланы басқа отбасына тәрбиелеуге беру немесе асырап алу не қажет болған жағдайда баланы арнайы мекемеге орналастыру мәселесі қаралуға тиіс екені белгіленген (4-бап).
БҰҰ-ның Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жөніндегі басшылық қағидаттары (Эр-Рияд басшылық қағидаттары) (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы 14 желтоқсандағы қарарымен бекітілген) балалар мен жастарға қатыгездікпен қарауға және оларды қанауға, сондай-ақ оларды қылмыстық қызметтің құралы ретінде пайдалануға тыйым салатын заңнаманы қабылдауды және оның сақталуын қамтамасыз етуді талап етеді (53-қағидат) әрі бірде-бір бала отбасында, мектепте немесе басқа мекемелерде дөрекі немесе қадір-қасиетін қорлайтын жазалауға ұшырамауға тиіс екенін жариялайды (54-қағидат).
Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-аналардың конституциялық құқығы мен міндеті, олар өз балаларын тәрбиелеуде барлық басқа адамдарға қарағанда басым құқыққа ие. Конституцияның 27-бабының 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі міндеті» деп белгіленген.
ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі (68–74-баптар) ата-аналарды және осы міндеттер жүктелген өзге де адамдарды балалардың денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына қамқорлық жасауға міндеттейді.
Сонымен бірге, ол ата-аналар мен балаларды тәрбиелеу міндеті жүктелген өзге де адамдар ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде балалардың физикалық және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік дамуына зиян келтірмеуге тиіс екенін белгілейді. Балаларды тәрбиелеу тәсілдері балаларға немқұрайды, қатыгез, дөрекі, адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынасты, қорлауды немесе оларды қанауды болдырмауға тиіс.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы ҚР Конституциясымен кепілдік берілген негізгі құқықтар мен заңды мүдделерді іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Бұл ретте балаларды қоғамдағы толыққанды өмірге дайындаудың басымдығы, оларда қоғамдық маңызы бар және шығармашылық белсенділікті дамыту, адамгершілік қасиеттерді, патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, әлемдік өркениеттің жалпыадамзаттық құндылықтары негізінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыру қағидаттарына сүйенеді.
Әрбір баланың толыққанды физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті өмір сүру деңгейі мен жағдайларға құқығы бар. Мемлекет бұл жағдайларды әлеуметтік және экономикалық шаралар жүйесі арқылы қамтамасыз етеді (Заңның 12-бабы).
Ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер баланың жан-жақты дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайларын жасауға міндетті. Ата-аналар баланы тәрбиелеуге, оған күтім жасауға, оны материалдық жағынан қамтамасыз етуге, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті (Заңның 24-бабы).
ҚР «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 49-бабына сәйкес, ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар мен басқа да заңды өкілдер баланың физикалық және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Аталған Заңда сондай-ақ баланы тәрбиелеу тәсілдері балаға немқұрайды, қатыгез, дөрекі, адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынасты, қорлауды немесе баланы қанауды болдырмауға тиіс екені атап көрсетілген.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасау арқылы қалпына келтіру мақсатында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығымен «Патронаттық тәрбиелеу туралы ереже» бекітілді, оған сәйкес қорғаншылықта (қамқоршылықта) тұрмайтын баланы (балаларды), қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген баланы қоспағанда, патронаттық тәрбиеге беруге жол беріледі.
Патронат тәрбиеші — қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын орган баланы (балаларды), оның ішінде білім беру, медициналық немесе басқа ұйымдағы баланы, қылмыс жасады деп күдік келтірілген баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт негізінде тәрбиелеуге берген адам.
Қылмыстық теріс қылықтың қоғамдық қауіптілігі түсіндіріліп отырған баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттерді жасау баланың денсаулығының нашарлауына, оның қалыпты психикалық дамуы мен жеке тұлғасының қалыптасуының бұзылуына әкелуі мүмкін екендігінде.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі — кәмелетке толмағанның дені сау физикалық және психикалық тәрбиесіне қатысты жекелеген кәмелетке толмағанның мүдделерін қорғау бойынша мемлекет белгілеген қоғамдық қатынастар.
Объективтік жағы әрекетпен де, әрекетсіздікпен де көрінеді және ата-ананың (асырап алушылардың) немесе осы міндеттер жүктелген өзге де адамның, сол сияқты кәмелетке толмағанға қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқу, тәрбиелеу, емдеу немесе өзге де мекеменің педагогінің не басқа қызметкерінің кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан, мұның кәмелетке толмағанға қатыгездікпен қараумен ұштасуынан көрініс табады.
Міндеттерді орындамау жауаптылыққа тек екі өлшем болған жағдайда ғана әкеп соғады: объективтік — адамның әрекет етуге міндетті болуы; субъективтік — адамның әрекет етуге мүмкіндігі болуы. Балаларды, ең алдымен, олардың ата-аналары (оның ішінде асырап алушылар) тәрбиелеуге тиіс, олар болмаған немесе өз міндеттерін орындауға қабілетсіз болған жағдайда (субъективтік өлшем) — басқа туыстары, қорғаншылары, қамқоршылары тәрбиелеуге тиіс.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оларға қадағалау жасау жөніндегі міндеттер педагогтерге немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу не өзге де мекемелердің басқа қызметкерлеріне де жүктеледі.
Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау олардың заңмен, оның ішінде ведомстволық бағынысты нормативтік құқықтық актілермен, ал мекемелерде немесе ұйымдарда ішкі тәртіп қағидаларымен жүктелген міндеттерді орындамауынан немесе салғырт орындауынан тұрады. Аталған міндеттерді орындамау осы адамдар оларды орындауға нақты мүмкіндігі бола тұра, толық әрекетсіздік танытқан кезде орын алады.
Балалар мен жасөспірімдерді отбасында тәрбиелеу үдерісі бұрынғысынша аса маңызды болып қала беретінін атап өткен жөн, өйткені ата-аналардың жауапсыздығы кішкентай азаматтардың жан дүниесінде мейірімнің, қамқорлық пен назардың жетіспеуінен агрессияны, кек алу сезімін және жеккөрушілікті туындатады. Қолайсыз отбасылардағы үнемі ішімдік ішу материалдық әл-ауқатты жояды, отбасы мүшелерін, соның ішінде балаларды қалыпты киіну, толыққанды тамақтану мүмкіндігінен іс жүзінде айырады, беделді заттарға ие болу туралы айтпағанда. Тәрбиесіздік пен өз құрдастарынан кем көрінбеуге деген ұмтылыстың жиынтығы осындай кәмелетке толмағандарды қылмыстық жолға итермелейді: «Қалай болғанда да өзім қалаған нәрсеге қол жеткізу...» — яғни заңға қайшы жолмен.
Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындаудан жалтаруы олардың адамгершілік және физикалық дамуына, оқуына, қоғамдық пайдалы еңбекке дайындығына қамқорлық жасамауынан көрінуі мүмкін.
ҚР Жоғарғы Сотының «Балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 12-тармағына (6 және 7-абзацтар) сәйкес, ата-ана құқықтарын теріс пайдалану деп осы құқықтарды балалардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып пайдалану түсініледі. Мысалы, оқуға кедергі жасау, қайыршылыққа, ұрлыққа, жезөкшелікке, спирттік ішімдіктерді немесе есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және (немесе) олардың аналогтарын тұтынуға тарту және т.б.
Балаларға қатыгездікпен қарау ата-аналардың оларға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық жасауынан не олардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қол сұғуынан ғана емес, сонымен қатар тәрбиелеудің жол берілмейтін тәсілдерін қолданудан (балаларға дөрекі, немқұрайды, адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас жасау, оларды қорлау немесе қанау) да көрініс табуы мүмкін.
Кәмелетке толмағанға қатыгездікпен қарау деп мыналарды тану қажет: тамақтан, судан, киімнен айыру, ұйқы мен демалыстан айыру, аурулардың алдын алу және баланы емдеу бойынша дәрігердің ұсынымдары мен нұсқамаларын орындамау, балаға қажетті медициналық көмек көрсетуден бас тарту немесе жалтару, оны тұруға көрінеу бейімделмеген жерге орналастыру және т.б.
Қатыгездік ретінде тәрбиелеу қызметінің субъектісінің негізгі міндеттерін өрескел бұзудан, балаға құқықтық және адамгершілік тұрғысынан жол берілмейтін тәрбиелеу мен қарым-қатынас әдістерін қолданудан тұратын және балаларға қатысты психикалық, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін қамтитын белсенді әрекеттер танылуға тиіс.
ҚР ҚК-нің 140-бабының мағынасында ата-ана құқықтарын теріс пайдалану ата-аналардың (оларды алмастыратын адамдардың) кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауының ең қауіпті түрі болып табылады деп айтуға болады, ал белгілі бір жағдайларда ол кәмелетке толмағандарға қатыгездікпен қарау ретінде саралануы мүмкін.
Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау тек кәмелетке толмағанға қатыгездікпен қараумен ұштасқан жағдайда ғана қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын атап өткен жөн.
Кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері оларды күтіп-бағу, тәрбиелеу, оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, бірақ қатыгездікпен қарау белгілері болмаған жағдайларда, түсіндіріліп отырған бап бойынша қылмыстық жауаптылық туындамайды, ал кінәлі адам мұндай жағдайларда ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Орыс тіліндегі «жестокий (жесткий)» термині «аса қатал, мейірімсіз, рақымсыз» деп түсіндіріледі (Ожегов С. И. Орыс тілі сөздігі, М., 1989. 166-б.). Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында «қатыгездікпен қарау» термині 105-бапта «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу», 140-бапта «Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау», 163-баптың 1-бөлігінде «Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану», 316-бапта «Жануарларға қатыгездікпен қарау» баптарында қолданылады.
Қазақстанның қылмыстық заңнамасында «қатыгездікпен қарау» ұғымымен қатар оған жақын «ерекше қатыгездік» ұғымы да қылмыстардың саралаушы белгісі ретінде пайдаланылады: адам өлтіру (ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігінің 4) тармағы), денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3) тармағы), зорлау (ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы), сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (ҚК-нің 121-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы). Қылмысты ерекше қатыгездікпен жасау қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай деп танылады (ҚК-нің 54-бабы 1-бөлігінің 9) тармағы).
Ата-аналар мен заңда көрсетілген басқа да адамдар тарапынан кәмелетке толмағандарға қатыгездікпен қарау зорлық-зомбылықтың үш түрін: физикалық, психологиялық және жыныстық зорлық-зомбылықты қамтуға тиіс. Әдетте, қатыгездік фактілері айналасындағыларға байқалады. Бұл баланың жүдеу, аурушаң түрі, жалпы күтімсіздігі, денесіндегі соққы іздері, үрейленуі, жүйкеленуі және т.б. болуы мүмкін.
ҚК-нің 140-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасау тәсілінің өзі дербес қылмыс құрамын құрайтын жағдайларда (мысалы, азаптау — жүйелі түрде ұрып-соғу немесе ұзақ уақыт бойы сусыз, тамақсыз және ұйқысыз қалдыру, шашын жұлу және т.б. — ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы; қауіпті жағдайда қалдыру — ҚК-нің 119-бабы; науқасқа көмек көрсетпеу — ҚК-нің 320-бабы; денсаулыққа зиян келтіру — ҚК-нің 106, 107-баптары; кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстар — ҚК-нің 120–124, 134, 144-баптары, 312-бабының 2 және 3-бөліктері), жасалған әрекет қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша саралануға тиіс. Қосымша саралауды ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігінің 50) тармағы, 126-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, 135-бап, 309-баптың 3) және 2) тармақтары және т.б. бойынша да жүргізу қажет.
Сонымен бірге, ерекше қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, мысалы, баланы сусыз және тамақсыз қалдыру арқылы өлтіру қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығын құрамайды, өйткені мұндай жағдайларда қатыгездікпен қарау ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағымен қамтылады. Кәмелетке толмағанды оған қатыгездікпен қарау арқылы өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге оқталуға дейін жеткізу ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Қылмыстық теріс қылықтың құрамы формальды болып табылады. Қылмыстық теріс қылық түсіндіріліп отырған баптың 2-бөлігінде көрсетілген әрекеттер немесе әрекетсіздік жасалған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.
Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі құқықтық міндетті бұзып отырғанын, жәбірленушіге қатыгездікпен қарайтынын түсінеді: ол осындай әрекеттерді жасауды қалайды және кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін мақсатты түрде орындамайды. Баланың денсаулығына зиянды салдарлардың туындауына қатысты кінә абайсыздық түрінде болуы мүмкін.
Қылмыстық теріс қылықтың субъектісі — арнаулы. Олар тек түсіндіріліп отырған баптың диспозициясында тікелей көзделген, есі дұрыс жеке тұлғалар ғана болуы мүмкін (ата-аналар немесе асырап алушылар, не міндеттер жүктелген өзге де адамдар, қорғаншылар мен қамқоршылар, патронат тәрбиешілер, өгей әке мен өгей шеше, аға-іні мен апа-сіңлі, ата мен әже, сондай-ақ кәмелетке толмағанға қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқу, тәрбиелеу, емдеу немесе өзге де мекеменің педагогтері мен басқа қызметкерлері).
Педагогтер, білім беру, тәрбиелеу (мектепке дейінгі балалар мекемелері, білім беру мектеп-интернаттары және қиын балалар мен жасөспірімдерге арналған тәрбиелеу мекемелері), емдеу немесе өзге де мекемелердің қызметкерлері деп, ең алдымен, өзінің қызметтік міндеттеріне және кәсіби борышын орындауына байланысты кәмелетке толмағандарға тиісті қадағалауды жүзеге асыруға міндетті педагогтер, тәрбиешілер, дәрігерлер түсініледі.
Егер кәмелетке толмағанға қадағалауды жүзеге асыруға міндетті білім беру, тәрбиелеу, емдеу немесе өзге де мекеменің лауазымды адамы, мысалы, тәртіптік жаза қолдануға байланысты ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды орындау кезінде кәмелетке толмағанды сусыз және тамақсыз қалдыру туралы және т.б. бұйрық берсе, онда жасалған әрекет кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілген жағдайда ҚК-нің 362-бабы бойынша билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану ретінде саралануға тиіс.
Егер кәмелетке толмағанға қатысты қатыгездікпен қарауды лауазымды адам лауазымдық өкілеттіктерді орындаумен байланысты емес кәсіби міндеттерін атқару кезінде (мысалы, лауазымды адам оқу пәнінен сабақ берсе, үйірме жүргізсе және т.б.) жасаса, онда оның әрекеті ҚК-нің 140-бабы бойынша саралануға тиіс.
ҚК-нің 140-бабының 2-бөлігінде көзделген әрекет қылмыстық теріс қылықтарға жатады.
Түсіндіріліп отырған бапты қарауды қорытындылай келе, заң шығарушы бұл әрекетті қылмыстық теріс қылықтар санатына жатқыза отырып, оның қоғамдық қауіптілік дәрежесін жете бағаламағанын атап өткім келеді. Өйткені неке мен отбасы, ана болу, әке болу және балалық шақ мемлекет қорғауында болады (Конституцияның 27-бабының 1-тармағы). Көптеген халықаралық құжаттар кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қолдануға тыйым салады (олар жоғарыда келтірілген).
Елде «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» арнайы Заң қабылданғанына қарамастан, қатыгездікпен қараудан кәмелетке толмағанның физикалық және психикалық денсаулығы, оның физикалық, психикалық, адамгершілік, рухани, зияткерлік және әлеуметтік дамуы зардап шегеді, ересек адамның жеке және отбасылық өміріне кейінгі әлеуметтік бейімделуі бұзылады. Субъектілердің жақын адамдар екенін естен шығармау керек. Олардың тарапынан келтірілетін зиян орасан зор.
Осыған байланысты заң шығарушыға бұл әрекет үшін жауаптылықты күшейту, оны қылмыстық теріс қылықтар санатынан қылмыстар санатына ауыстыру мәселесін қарастыру қажет деп есептеймін.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне Исидор Шамилович Борчашвилидің 2021 жылғы түсініктемесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заң қызметі Заң консультациясы Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік істер Қазақстанның Заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар