57-1-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Білім туралы Заңы
1. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатыла тұрған кезде білім беру ұйымдары:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
2) бұзушылықтар жойылғанға және білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі қызметті қайта бастағанға дейін қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары тексеру және (немесе) мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі білім беру ұйымын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға қосымша білім беру бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен алып тастайды.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы