14-1-бап. Әскери-патриоттық тәрбие Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы
1. Әскери-патриоттық тәрбие – әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің Қазақстан Республикасы азаматтарының бойында қазақстандық патриотизмді, біртұтас ұлтқа тиесілілік сезімін, рухани-имандылық құндылықтарын, Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндетті орындауға әзірлікті қалыптастыру және осыған байланысты қажетті білім мен дағдыларды дамыту бойынша жүйелі, мақсатты және үйлестірілген қызметі.
2. Әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесі азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің үздіксіз болуын қамтамасыз ететін, өзара байланысты құралдардың, әдістердің, құжаттардың, іс-шаралардың, әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің жиынтығын білдіреді.
Әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесі әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілері қызметінің бағыттарын үйлестіру мен айқындауды, сондай-ақ мұндай қызметті ғылыми және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді қамтиды.
3. Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен ұйымдары әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілері болып табылады.
Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің қызметін үйлестіруді әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңестері жүзеге асырады, олар:
Қорғаныс министрлігі жанынан – республикалық;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жанынан – аумақтық болып құрылады.
Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңестері консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңестерінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыруы және олардың қызмет тиімділігін арттыру;
2) әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша ақпарат алмасу, оң тәжірибені зерделеу және тарату;
3) әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау.
Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңестерінің құрамы, өкілеттіктері мен қызмет тәртібі тиісінше Қорғаныс министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітетін ережелерде айқындалады.
Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ережені Қорғаныс министрлігі әзірлейді және бекітеді.
4. Шетелдік заңды және жеке тұлғалар, шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар ұсынатын қаржыландыруды қоспағанда, әскери-патриоттық тәрбие бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған бюджеттен тыс көздер есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы