Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Білім туралы Заңы

30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Білім туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Білім туралы Заңы 

      1. 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады. 

      Қазақстан Республикасының аумағындағы мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы есепке алудың, кезектіліктің және жолдама берудің бірыңғай базасы арқылы жүзеге асырылады. 

1-1. Жекеменшік білім беру ұйымдары тұлғалардың есімдерін беруді және оларды қайта атауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ономастика комиссияларымен келіседі.

      2. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады. 

      Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады. 

      Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тегiн болып табылады. 

      3. Жоспарлы профилактикалық екпелерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. 

      Жоспарлы профилактикалық екпелердің және оларды жүргізу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін бала бекітілген жердегі медициналық ұйым береді. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. 

      Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы