Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Өзгерістер / Толықтырулар / Нақтылаулар / Түзетулер / Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 330-VIII ҚРЗ

  1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 10-5-баптың 1-тармағы 2) тармақшасындағы "жойылса, тоқтатылады." деген сөздер "жойылса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) борышкер уәкілетті органның (лауазымды адамның) шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік жауаптылықтан немесе қолданылған әкімшілік жазадан босатылса, тоқтатылады.";

      2) 12-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "борышкерді" деген сөзден кейін ", борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысын (оның міндетін атқарушыны)" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 16-баптың 1-тармағындағы "электрондық нысанда" деген сөздер "атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 34-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "сот орындаушысы осы Заңның 39-бабында көзделген орындау мерзімі өткеннен кейін, ал алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда" деген сөздер "сот орындаушысы берген атқару мерзімі өткеннен кейін, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде, ал алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда сот орындаушысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 35-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Борышкер мүліктің тізімдемесін жасауға қатыспаған жағдайда, мүлікке тізімдеме жасау және тыйым салу хаттамасымен танысу үшін шақырғанда дәлелсіз себеппен келмеген кезде ол сот орындаушысының сот санкциялаған уәжді қаулысы бойынша күштеп әкелінуі мүмкін.

      Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін күштеп әкелу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      6) 47-баптың 1-тармағында:

      5-2) тармақшадағы ", олар туралы мәліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-3) борышкер уәкілетті органның (лауазымды адамның) шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік жауаптылықтан немесе қолданылған әкімшілік жазалаудан босатылса;";

      7) 62-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 13) тармақшасындағы "рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 68-баптың 3-тармағының бірінші сөйлеміндегі "не оған" деген сөз "не бағалаумен танысқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде оған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 118-баптың 6-тармағы "бойынша" деген сөзден кейін ", сондай-ақ 47-бабының 1-тармағының 5-3) тармақшасында көзделген жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 124-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі 3) тармақшасындағы "табылса, өндірілмейді." деген сөздер "табылса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) борышкер уәкілетті органның (лауазымды адамның) шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік жауаптылықтан немесе қолданылған әкімшілік жазалаудан босатылса, өндірілмейді.";

      11) 138-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "бұзу, жер учаскелерін алып қою" деген сөздер "сүру, жер учаскелерін алып қою, борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттеу туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 140-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 146-баптың 2-2-тармағында:

      екінші бөлік 5) тармақшасындағы "жария ету жеке сот орындаушысының кәсіби қателері деп түсініледі." деген сөздер "жария ету;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) мүлікті негізсіз алып қою және бүлдіру;

      7) мүлікке зиян келтіруге алып келген, оны өткізу және беру тәртібі жөніндегі талаптарды сақтамау жеке сот орындаушысының кәсіби қателері деп түсініледі.";

      үшінші бөліктегі "сақтандыру шартында" деген сөз "сақтандырудың үлгілік шартында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 167-баптың 11) тармақшасы мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жеке сот орындаушыларының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;".

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аясының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-баптың 4) тармақшасының үшінші абзацындағы "енгізілетін;" деген сөз "енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 5), 6), 7) тармақшаларын, 8) тармақшасының үшінші абзацын, 10) тармақшасының үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 16), 17) тармақшаларын, 24) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 26) тармақшасының үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы және он төртінші абзацтарын, 28), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 42), 85), 87), 88), 89) тармақшаларын, 3-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі." деген сөздермен ауыстырылып, төртінші абзацы алып тасталсын.

      3. "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2025 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-баптың 4) тармақшасындағы "құқық бұзушылық профилактикасы" деген сөздер "Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 8-баптың 3) тармақшасындағы "құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі," деген сөздер алып тасталсын;

      3) 9-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:";

      9) тармақшадағы "құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияларды құрады, олардың құрамы мен ережесін бекітеді, сондай-ақ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;";

      2-тармақта:

      3) тармақшадағы "құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) осы Заңның 38-бабының 2-тармағында айқындалған әкімшілік-аумақтық бірліктерде Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияларды құрады, олардың құрамы мен ережесін бекітеді, сондай-ақ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;";

      4) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-бап. Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия

      1. Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия – құқық бұзушылық профилактикасы және Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган.

      2. Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының жанынан құрылады.

      3. Мемлекеттік органдардың қызметіне талдау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу үшін ведомствоаралық топ құрылады, оның қызметі жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.

      Ведомствоаралық топтың ұсынымдары Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында қаралады.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы мен ережесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді, ал жергілікті атқарушы органдардың жанындағы ведомствоаралық комиссияның құрамы мен ережесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімдерімен бекітіледі.";

      5) 39-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "жетілдіру" деген сөзден кейін "және Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 72-бапта:

      4-тармақта:

      екінші бөліктегі "құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өңірлік ведомствоаралық" деген сөздер "жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "құқық бұзушылық профилактикасы" деген сөздер "Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өңірлік ведомствоаралық" деген сөздер "Жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 74-баптың 2-тармағындағы және 75-баптың 5-тармағындағы "Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өңірлік ведомствоаралық деген сөздер "Жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасын, 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 8), 9) және 10) тармақшаларын;

      2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау мерзімін сақтамауға байланысты жеке ұйғарым шығару

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау мерзімін сақтамауға байланысты жеке ұйғарым шығару2024 жылғы 1 шілдедегі Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен Азамбаев Д.К.-...

Толық оқу »

Заң компанияларынан атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы сотқа өтінішхат

Заң компанияларынан атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы сотқа өтінішхатНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігі...

Толық оқу »

8-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тілі Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

8-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тіліАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздар...

Толық оқу »

16-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тараптарының құқықтары мен мiндеттерi Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

16-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тараптарының құқықтары мен мiндеттерiАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Атқарушылық iс жүргiзу тарап...

Толық оқу »

3-бап. Атқарушылық iс жүргiзудің негізгі принциптері Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

3-бап. Атқарушылық iс жүргiзудің негізгі принциптеріАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Атқарушылық iс жүргiзу:      1) заңдылық;     ...

Толық оқу »

Жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді жүргізу кезіндегі заңбұзушылықтары

Жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді жүргізу кезіндегі заңбұзушылықтарыҚостанай облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 29 қазандағы ше...

Толық оқу »

Борышкердің қайтыс болуына байланысты алимент өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізуді тоқтату

Борышкердің қайтыс болуына байланысты алимент өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізуді тоқтатуЗаңның 47 - бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, егер өндіріп алушы не...

Толық оқу »

15-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тараптары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

15-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тараптарыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Өндiрiп алушы мен борышкер атқарушылық iс жүргiзу тарапт...

Толық оқу »

Атқарушылық іс жүргізуге тараптарға атқарушылық іс жүргізудің қозғалуы не атқарушылық құжаттың қайтарылуы туралы ақпаратты ұсынбағаны үшін жеке ұйғарым шығару

Атқарушылық іс жүргізуге тараптарға атқарушылық іс жүргізудің қозғалуы не атқарушылық құжаттың қайтарылуы туралы ақпаратты ұсынбағаны үшін жеке ұйғарым шығаруАтқарушылық іс жү...

Толық оқу »

46-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi қайта жалғастыру Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

46-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi қайта жалғастыруАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Атқарушылық iс жүргiзу өндiрiп алушының арызы бойы...

Толық оқу »

54-1-бап. Аумақтық әділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінде қалыптастырылған қаулысын орындау Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

54-1-бап. Аумақтық әділет органының атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінде қалыптастырылған қаулысын орындауТөлемдер және төлем жүйелері ту...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралыҚазақстан Республикасының...

Толық оқу »

49-бап. Атқарушылық iс жүргiзудiң аяқталуы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

49-бап. Атқарушылық iс жүргiзудiң аяқталуыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Атқарушылық iс жүргiзу:      1) осы Заңның 48-бабында ата...

Толық оқу »

Атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер

Атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерҚазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот а...

Толық оқу »

47-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерi мен салдары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

47-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерi мен салдарыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Атқарушылық iс жүргiзу, егер:  ...

Толық оқу »

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға байланысты даулар

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға байланысты дауларСондай-ақ келесі мәселелер бойынша даулар туындайды:бастап...

Толық оқу »

Қызметкерге келісім комиссиясының немесе соттың шешімін орындауды кешіктіру уақыты үшін орташа жалақы немесе жалақы айырмашылығын төлеу туралы мәселені қарау (сот орындаушысының ұсынуы немесе жеке талап арыз беру бойынша атқарушылық іс жүргізу шеңберінде) есепте көзделмеген

Қызметкерге келісім комиссиясының немесе соттың шешімін орындауды кешіктіру уақыты үшін орташа жалақы немесе жалақы айырмашылығын төлеу туралы мәселені қарау (сот орындаушысын...

Толық оқу »

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттердің алынбаған сомасын өндіріп алу туралы талап қою

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттердің алынбаған сомасын өндіріп алу туралы талап қоюАлматы қаласы Алмалы ауданының № 2 ауд...

Толық оқу »

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығару жөніндегі сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тану оның күшін жою

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығару жөніндегі сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тану оның күшін жою2023 жылғы 23 қазандағы №6001-23-00-6ап/1435Талапкер: Ш...

Толық оқу »

Атқарушылық іс жүргізуді тоқтату жөніндегі сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тану туралы, атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулының күшін жою туралы

Атқарушылық іс жүргізуді тоқтату жөніндегі сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тану туралы, атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулының күшін жою туралы2025 жылғы 28 қ...

Толық оқу »

Соттар ТЖК-ге атқарушылық іс жүргізу шеңберінде даулы жылжымайтын мүлікке заңды түрде тыйым салуды жою міндетін жүктеді.

Соттар ТЖК-ге атқарушылық іс жүргізу шеңберінде даулы жылжымайтын мүлікке заңды түрде тыйым салуды жою міндетін жүктеді.№6001-23-00-6ап/283 14.06.2023 ж.Талапкер: И. А.Жауапке...

Толық оқу »

Жеке сот орындаушысына сот шешімі бойынша атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы өтініш

Жеке сот орындаушысына сот шешімі бойынша атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау және берешекті айқындау туралы қаулының күшін жою және заңсыз деп тану

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау және берешекті айқындау туралы қаулының күшін жою және заңсыз деп тануСот актісі күшінде қалды.04.04.2023 ж. №6001-22-00-6ап/2205Талапкер: Л. В...

Толық оқу »

2-бап. Атқарушылық іс жүргізудің негізгі мақсаты мен міндеті Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

2-бап. Атқарушылық іс жүргізудің негізгі мақсаты мен міндеті Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы 1.Атқарушылық іс жүргізудің негізгі мақсаты...

Толық оқу »

Берешек сомасын өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы өтініштің бланкі

Берешек сомасын өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы өтініштің бланкіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негіз...

Толық оқу »

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау

Атқарушылық іс жүргізуді қозғауАтқарушылық іс жүргізуді қозғау сатысындағы сот орындаушыларының әдеттегі қателіктері:Атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындауға ұсыну мерзімінің д...

Толық оқу »

29-бап. Атқарушылық іс жүргізу кезінде мекенжайдың ауысуы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

29-бап. Атқарушылық іс жүргізу кезінде мекенжайдың ауысуыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Атқарушылық іс жүргізу тараптары атқарушыл...

Толық оқу »

14-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылардың құрамы 3-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

14-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылардың құрамы 3-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы     ...

Толық оқу »

38-бап. Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартудың негіздері, салдары және оның себептерін жою Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

38-бап. Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартудың негіздері, салдары және оның себептерін жоюАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы     ...

Толық оқу »

50-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату, атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердiқарау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

50-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату, атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-з...

Толық оқу »

44-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру мерзiмдерi Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

44-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру мерзiмдерiАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Атқарушылық іс жүргізу:      1) осы Заңның...

Толық оқу »