Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 349-бабына түсініктеме. Көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 349-бабына түсініктеме. Көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 349-бабына түсініктеме. Көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу

1. Лауазымды адамның не көлік құралының меншік иесінің немесе иеленушісінің көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберуі, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, —

екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет, —

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз жазаланады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет, —

үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз жазаланады.

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет, —

бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз жазаланады.

Түсіндіріліп отырған қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі (1-бөлігі — қылмыстық теріс қылық, 2, 3 және 4-бөліктері — қылмыстар) көлік құралдарын басқару құқығы жоқ немесе тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушіні көлік құралын басқаруға заңсыз жіберудің көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруімен, сондай-ақ көбінесе ірі материалдық залал келтіруімен сипатталады.

Қарастырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі механикалық автомобиль және қалалық рельстік көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігін немесе пайдаланылуын қамтамасыз ету саласында белгіленген қағидалардың сақталуына бағытталған қоғамдық қатынастар болып табылады. Қосымша объект ретінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға кепілдік беретін қоғамдық қатынастар танылады.

Түсіндіріліп отырған қылмыстық құқық бұзушылықтың нысанасы ҚК-нің 3 және 345-баптарында көрсетілген көлік құралдары болып табылады.

ҚК-нің 349-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы лауазымды адамның не көлік құралының меншік иесінің немесе иеленушісінің көлік құралдарын басқару құқығы жоқ немесе тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберуінен, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, көрініс табады.

1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес көлік құралын басқару құқығы тиісті біліктілігі бар және денсаулық жағдайы бойынша медициналық куәландырудан өтіп, белгіленген үлгідегі құжат алған адамға беріледі.

2014 жылғы 17 сәуірдегі «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында арнайы құқық берілетін көлік құралдарының мынадай санаттары мен оларға кіретін кіші санаттар белгіленген:

«А» санаты — мотоциклдер;

«В» санаты — рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан аспайтын және жүргізуші орнынан басқа отыратын орындарының саны сегізден аспайтын автомобильдер; «В» санатындағы, рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын тіркемемен тіркелген автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, бірақ жүксіз автомобиль массасынан аспайтын тіркемемен тіркелген «В» санатындағы автомобильдер, мұндай көлік құралдары құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан аспауға тиіс;

«С» санаты — «D» санатына жататындарын қоспағанда, рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын тіркемемен тіркелген «С» санатындағы автомобильдер;

«D» санаты — жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші орнынан басқа сегізден астам отыратын орны бар автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын тіркемемен тіркелген «D» санатындағы автомобильдер;

«ВЕ» санаты — рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын және жүксіз автомобиль массасынан асатын тіркемемен тіркелген «В» санатындағы автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын тіркемемен тіркелген «В» санатындағы автомобильдер, мұндай көлік құралдары құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асады;

«СЕ» санаты — рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын тіркемемен тіркелген «С» санатындағы автомобильдер;

«DE» санаты — рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын тіркемемен тіркелген «D» санатындағы автомобильдер, сондай-ақ буынды автобустар;

«Тт» санаты — трамвайлар;

«Тb» санаты — троллейбустар;

«А1» кіші санаты — іштен жану қозғалтқышының жұмыс көлемі жүз жиырма бес текше сантиметрден аспайтын және ең жоғары қуаты он бір киловаттан аспайтын, конструкциялық ең жоғары жылдамдығы сағатына елу километрден асатын мотоциклдер, трициклдер, квадроциклдер және мопедтер;

«В1» кіші санаты — трициклдер мен квадроциклдер;

«С1» кіші санаты — «D» санатына жататындарын қоспағанда, рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын, бірақ жеті мың бес жүз килограмнан аспайтын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын тіркемемен тіркелген «С1» кіші санатындағы автомобильдер;

«D1» кіші санаты — жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші орнынан басқа сегізден астам, бірақ он алтыдан аспайтын отыратын орны бар автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын тіркемемен тіркелген «D1» кіші санатындағы автомобильдер;

«С1Е» кіші санаты — рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, бірақ жүксіз автомобиль массасынан аспайтын тіркемемен тіркелген «С1» кіші санатындағы автомобильдер, мұндай көлік құралдары құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы он екі мың килограмнан аспауға тиіс;

«D1Е» кіші санаты — жолаушыларды тасымалдауға арналмаған, рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, бірақ жүксіз автомобиль массасынан аспайтын тіркемемен тіркелген «D1» кіші санатындағы автомобильдер, мұндай көлік құралдары құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы он екі мың килограмнан аспауға тиіс.

Көлік құралдарын басқару құқығы емтихандарды тапсырған және төмендегі шарттарды сақтаған адамдарға беріледі: адамдардың жоғарыда көрсетілген Заңда белгіленген жасқа толуы және көлік құралдарын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытындысының болуы.

Атап айтқанда, көлік құралдарын басқару құқығы:

«А1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы — он алты жасқа толған адамдарға;

«А», «В» санаттарындағы және «В1», «С1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығы — он сегіз жасқа толған адамдарға;

«С» санатындағы және «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы — жиырма бір жасқа толған, жүргізуші ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі, оның ішінде «С1» кіші санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі кемінде бір жыл болатын адамдарға;

«Тт» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығы — жиырма жасқа толған адамдарға;

«D» және «Тb» санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығы — жиырма бес жасқа толған, жүргізуші ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде «D1» кіші санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі кемінде үш жыл болатын адамдарға;

«ВЕ», «СЕ», «DE» санаттарындағы көлік құралдары құрамдарын басқару құқығы — тиісінше «В», «С» немесе «D» санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығы кемінде он екі ай бойы бар адамдарға;

«С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы көлік құралдары құрамдарын басқару құқығы — тиісінше «С», «D» санаттарындағы немесе «С1», «D1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығы кемінде он екі ай бойы бар адамдарға беріледі.

«В», «С» санаттарындағы, сондай-ақ «С1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихандар тапсыруға он жеті жасқа толған және жүргізушілерді тиісті даярлаудан өткен, жергілікті әскери басқару органдарының жолдамалары бойынша оқыған адамдар жүргізуші ретінде жұмыс өтілінсіз және «С1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілінсіз жіберіледі (көрсетілген Заңның 74-бабы).

Көлік құралдарын басқару құқығы жүргізуші куәлігімен, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көлік құралын басқару құқығына уақытша рұқсатпен расталады (көрсетілген Заңның 73-бабының 5-тармағы).

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес келетін ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктері беріледі.

Ұлттық жүргізуші куәлігі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше шектеу көзделмесе, он жыл мерзімге беріледі.

Халықаралық жүргізуші куәлігі үш жылға дейінгі мерзімге, бірақ ұлттық жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

Қазақстан Республикасында берілген халықаралық жүргізуші куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқару үшін жарамсыз болып табылады.

Егер жүргізуші куәлігінде көлік құралдарын басқаруға қатысты шектеулер көрсетілсе, мұндай жүргізуші куәлігі онда көрсетілген шектеулер сақталған жағдайда жарамды деп есептеледі.

Көрсетілген Заңның 48-бабына сәйкес көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты лауазымды және өзге де адамдарға тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушілерді көлік құралдарын басқаруға жіберуге тыйым салынады.

Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ немесе тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу деп лауазымды адамдардың, көлік құралының меншік иелерінің немесе иеленушілерінің осындай жүргізушінің көлік құралын басқаруына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдамауынан көрінетін әрекеттерін (әрекетсіздігін) түсіну қажет (мысалы, рейске шығуға рұқсат беру, тек жеңіл автомобильді басқару құқығы бар жүргізушінің автобус басқаруына келісім беру).

ҚК-нің 349-бабы бойынша көлік құралдарын басқару құқығы жоқ немесе тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізуші деп жүргізуші куәлігі немесе алып қойылған не жоғалған куәліктің орнына берілетін құжат жоқ адам, сот тәртібімен көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам, сондай-ақ тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам танылады.

Көлік құралын басқаруға жіберу ерікті түрде жүзеге асырылғанын және адам өзі көлік құралын басқаруға жіберген тұлғаның көлік құралдарын басқару құқығы немесе тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ екенін алдын ала білгенін міндетті түрде анықтау қажет.

Арнайы қағидаларды бұза отырып, өзіне қызметтік бағынысты адамды көлік құралын басқаруға жіберген лауазымды адамдардың, меншік иелерінің немесе иеленушілердің әрекеттері, егер қызметтік міндеттерін атқару кезінде жүрген лауазымды адам (тікелей басшы, жол полициясының қызметкері және т.б.) оларды көлік құралын басқарудан немесе оған билік етуден шеттеткен жағдайларды қоспағанда, ҚК-нің 349-бабында көзделген құқық бұзушылық құрамын құрайды.

Қарастырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты лауазымды адамның функцияларын автокәсіпорындардың, гараждардың басшылары, олардың орынбасарлары, бас инженерлер, бас механиктер және т.б. атқарады.

Қазақстан Республикасы «Жол жүрісі туралы» Заңының 1-бабының 29) тармақшасына сәйкес көлік құралының иесі — көлік құралының меншік иесі, сондай-ақ көлік құралын шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде (жалға алу құқығы, тиісті органның осы тұлғаға көлік құралын беру туралы өкімі) иеленетін тұлға.

Еңбек немесе қызметтік міндеттерін орындау күшіне қарай, оның ішінде көлік құралының меншік иесімен немесе өзге де иеленушісімен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде не олардың жазбаша нысанда мәміле жасамай білдірген ерік білдіруі негізінде көлік құралын басқаратын адам көлік құралының иесі болып табылмайды.

ҚК-нің 349-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы құрылымы бойынша материалдық құрамға жатады. Тиісінше, әрекеттің объективтік жағы үш міндетті белгіні қамтиды. Біріншіден, бұл көлік құралдарын басқару құқығы жоқ немесе тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушіні лауазымды адамның не көлік құралының меншік иесінің немесе иеленушісінің көлік құралын басқаруға жіберуінен көрінетін қоғамға қауіпті әрекет; екіншіден, адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруден көрінетін қоғамға қауіпті зардаптар; үшіншіден, заңда көрсетілген бұзушылықтар мен зардаптар арасындағы себепті байланыс.

Тиісінше, әрекет қоғамға қауіпті зардаптар туындаған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі. Қылмыстық құқық бұзушылықтың осы құрамының диспозициясында факультативтік белгілер (уақыт, орын, тәсіл, қылмыстық құқық бұзушылықты жасау жағдайы, құралдары мен тәсілдері) қамтылмаған. Демек, ҚК-нің 349-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты саралау кезінде жоғарыда аталған белгілердің маңызы болмайды.

Заң шығарушы ҚК-нің 349-бабының 1-бөлігінде қоғамға қауіпті зардап ретінде абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруді, 2-бөлігінде — ауыр зиян келтіруді, 3-бөлігінде — адамның өлімін, ал 4-бөлігінде — екі немесе одан да көп адамның өлімін көздеген.

Әрекет пен туындаған зиянды зардаптар арасында себепті байланыс анықталуға тиіс. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ немесе тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу мен туындаған зиянды зардаптар арасындағы себепті байланыстың жанама сипатта болатынын (жүргізушінің құқыққа қайшы әрекеттері арқылы) ескеру қажет. Ол тек лауазымды адамдар, көлік құралының меншік иесі немесе иеленушісі жол берген бұзушылық пен жүргізушінің құқыққа қайшы әрекеттері нәтижесінде туындаған зардаптар арасында ғана анықталуға тиіс.

Ж. өз әрекеттерінің құқыққа қайшы сипатын сезіне отырып, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, өзіне меншік құқығымен тиесілі «ВАЗ-21053» маркалы автокөлігін өгей ұлы Т.-ға беріп, яғни оны көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам ретінде көлік құралын басқаруға жіберген. Т. автокөлікті басқара отырып, басты жолмен келе жатқан көлік құралына жол бермей, жол жүрісі қағидаларын бұзған және «ВАЗ-21074» маркалы көлік құралымен соқтығысқан. Нәтижесінде «ВАЗ-21074» көлігінің жүргізушісі К.-ның денсаулығына абайсызда ауырлығы орташа зиян келтірілген. Осылайша, сот Ж.-ның өгей ұлы Т.-ны «ВАЗ-21053» автокөлігін басқаруға жіберуінен көрінген әрекеті мен К.-ның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіру түрінде көрініс тапқан зардаптар арасында себепті байланысты негізді түрде анықтап, Ж.-ны ҚК-нің 349-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныған.

Мұндай себепті байланыстың болмауы адамның ҚК-нің 349-бабы бойынша жауаптылығын жоққа шығарады.

ҚК-нің 349-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының субъективтік жағы кінәнің абайсыздық нысанымен, яғни менмендік немесе немқұрайлылық түрінде сипатталады. Кінәлі адам көлік құралдарын басқару құқығы жоқ немесе тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберетінін сезінеді, ықтимал зиянды зардаптарды алдын ала болжайды, бірақ олардың туындамайтынына жеңілтектікпен сенеді не зиянды зардаптарды алдын ала болжамайды, алайда оларды болжауға тиіс және болжай алатын болады.

Егер лауазымды адам, көлік құралының меншік иесі немесе иеленушісі өзі көлік құралын басқаруға жіберген жүргізушінің көлік құралдарын басқару құқығы немесе тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ екенін білмесе және білуге мүмкіндігі болмаса, онда мұндай адамдардың ҚК-нің 349-бабы бойынша жауаптылығы жоққа шығарылады.

Қарастырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі — он алты жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлғалар, олар лауазымды адамдар не көлік құралының меншік иелері немесе иеленушілері болып табылады.

ҚК-нің 349-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекет қылмыстық теріс қылыққа жатады.

ҚК-нің 349-бабының 2, 3 және 4-бөліктерінде көзделген әрекеттер онша ауыр емес қылмыстарға жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме авторы — Исидор Шамилұлы Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

 

582-бапқа түсініктеме. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін басқару құқығы жоқ адамды басқару

582-бапқа түсініктеме. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені, Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

349-бап. Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

349-бап. Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Лауазымды адамның не көлік құралы меншік иесін...

Толық оқу »

619-2-бап. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

619-2-бап. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан...

Толық оқу »

Әкімшілік құқық бұзушылықта көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаны айыппұлмен қатар қолдануға болмайды

Әкімшілік құқық бұзушылықта көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаны айыппұлмен қатар қолдануға болмайдыАтырау облысы Махамбет аудандық сотының 2012 жылғ...

Толық оқу »

359-бап. Басқаруға құқығы жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

359-бап. Басқаруға құқығы жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Лауазымды адамның не әуе, теңіз не...

Толық оқу »

Бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған ол мас күйінде көлік құралын қайта басқарды

Бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған ол мас күйінде көлік құралын қайта басқардыСолтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының 2018 жылғы 27 қарашадағы үкімім...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабына түсініктеме Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын басқаруға жіберу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабына түсініктеме Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң...

Толық оқу »

619-бап. Көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

619-бап. Көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу Әкімшілік құқық бұзушыл...

Толық оқу »

346-бап. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

346-бап. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құр...

Толық оқу »

582-бап. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiпайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамның басқаруы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

582-бап. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiпайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамның басқаруы Әкімш...

Толық оқу »

Регресс тәртібімен соманы өндіріп алу туралы талап арыз сенімхат көлік құралын иелену құқығын береді, ал басқару құқығының болуы жүргізуші куәлігімен расталуы тиіс

Регресс тәртібімен соманы өндіріп алу туралы талап арыз сенімхат көлік құралын иелену құқығын береді, ал басқару құқығының болуы жүргізуші куәлігімен расталуы тиіс"К "сақтанды...

Толық оқу »

Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша Адвокат Заңгер Алматы қаласында Сот құқық бұзушыға қатысты әкімшілік жаза ретінде айыппұл салған жағдайда, оған көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындауға жол берілмейді

Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша Адвокат Заңгер Алматы қаласында Сот құқық бұзушыға қатысты әкімшілік жаза ретінде айыппұл салған жағдайда, оған көлік құралын жүргізу...

Толық оқу »

Азаматтық істер жөніндегі адвокаттық кеңсе көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза қолдануға жол берілмейді

Азаматтық істер жөніндегі адвокаттық кеңсе көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза қолдануға жол берілмейдіҚызылжар аудандық сотының 2012 жылғы 19 желтоқсан...

Толық оқу »

Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамға айыппұлмен қатар көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша өндіріп алуға жол берілмейді.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамға айыппұлмен қатар көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша өндіріп алуға жол берілмейді.Алматы қаласының мамандандыры...

Толық оқу »

612-бапқа түсініктеме. Көлік құралын құжаттары жоқ және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін басқару құқығы жоқ адамның басқаруы

612-бапқа түсініктеме. Көлік құралын құжаттары жоқ және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін басқару құқығы жоқ адамның басқаруы 1. Өзімен бір...

Толық оқу »

612-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

612-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Жүргізушінің жеке басы...

Толық оқу »

619-бапқа түсініктеме. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргізушіні, сол сияқты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті санатын көлік құралын басқаруға жіберу

619-бапқа түсініктеме. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргізушіні, сол сияқты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиіс...

Толық оқу »

Көлiк құралын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктен сақтандырусыз жүргiзу куәлігі жоқ, мас күйiнде болған жазатайым оқиғаға кiнәлi адамның келтiрiлген залалын өтеу

Көлiк құралын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктен сақтандырусыз жүргiзу куәлігі жоқ, мас күйiнде болған жазатайым оқиғаға кiнәлi адамның келтiрiлген залалын өтеуС.А. жауапкерл...

Толық оқу »

619-бап. Көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

619-бап. Көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу Әкімшілік құқық бұзушыл...

Толық оқу »

619-бапқа түсініктеме. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргізушіні, сол сияқты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті санатын көлік құралын басқаруға жіберу

619-бапқа түсініктеме. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргізушіні, сол сияқты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиіс...

Толық оқу »

619-1-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің мас күйінде жүрген жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу

619-1-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің мас күйінде жүрген жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу 1. Көлік құралда...

Толық оқу »

619-2-бап. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

619-2-бап. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан...

Толық оқу »

619-1-бап. Масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

619-1-бап. Масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Көлiк құралдарының техникалық жа...

Толық оқу »

359-бап. Басқаруға құқығы жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

359-бап. Басқаруға құқығы жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Лауазымды адамның не әуе, теңіз не...

Толық оқу »

349-бап. Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

349-бап. Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Лауазымды адамның не көлік құралы меншік иесін...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 359-бабына түсініктеме. Әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқару құқығы жоқ адамды оны басқаруға жіберу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 359-бабына түсініктеме. Әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқару құқығы жоқ адамды оны басқаруға жіберу1. Лауазымды адамның не әуе, т...

Толық оқу »