Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша Адвокат Заңгер Алматы қаласында Сот құқық бұзушыға қатысты әкімшілік жаза ретінде айыппұл салған жағдайда, оған көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындауға жол берілмейді
Алматы облысы Ақсу аудандық сотының 2012 жылғы 26 желтоқсандағы қаулысымен А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 468-1 бабымен кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 323 600 теңге айыппұл салынып, 2 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған. Алматы облыстық сотының 2013 жылғы 17 қаңтардағы ұйғарымымен сот қаулысы өзгеріссіз, А.-ның шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары наразылығында сот актілерімен келіспей, оған қосымша жаза ретінде тағайындалған 2 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жөніндегі жазаны алып тастауды сұраған. Наразылықтың уәждерін қуаттаған прокурордың қорытындысын тыңдап, іс материалдарын зерделеп, қадағалау сот алқасы прокурордың наразылығы төмендегі негіздерге байланысты қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келді. А. «Ауди-100» маркалы автокөлігімен Қызылағаш ауылының орталық көшесімен жүріп бара жатқанда, көше бойында тұрған бір топ балалардың арасынан көшеге жүгіріп шыққан кәмелеттік жасқа толмаған Т.-ны қағып кеткен. Нәтижесінде жол-көлік оқиғасы салдарынан Т.-ға орта дәрежедегі дене жарақаты келтірілген.
Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша Адвокат Заңгер Алматы қаласында Сот құқық бұзушыға қатысты әкімшілік жаза ретінде айыппұл салған жағдайда, оған көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындауға жол берілмейді
Осы әрекеті үшін А.-ға ӘҚБтК-тің 468-1-бабымен 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеу және 2 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда, ӘҚБтК-нің 468-1 бабының санкциясына сәйкес, көрсетілген құқық бұзушылық үшін екі жүзден бес жүзге дейiнгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салу не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы көзделген. Яғни аталған баптың санкциясының нормасында екі дербес жаза көрсетілген: айыппұл; әкімшілік қамауға алу және көлік құралын жүргізу құқығынан айыру. Бұл жазалар құқық бұзушының жеке басының жағдайы, жауапкершілікті жеңілдететін, ауырлататын мән-жайлар ескеріле отырып қолданылады. Осыған орай, сот құқық бұзушыға қатысты әкімшілік жаза ретінде айыппұл салған жағдайда, оған қосымша жаза ретінде көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындауға жол берілмейді. Соған қарамастан, сот құқық бұзушы А.-ға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салумен қатар, 2 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру туралы қосымша жаза тағайындаған. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы №18 нормативтік қаулысының 14-тармағында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза тек ӘҚБтК-нің ерекше бөлігі баптарының санкциясы шегінде ғана қолданылады делінген. ӘҚБтК-нің 665-бабының 3-бөлігіне сәйкес, судьяның әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбауы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылады. Осы айтылғандардың негізінде, қадағалау сот алқасы С.-ға қатысты сот актілерін өзгертіп, қосымша жаза ретіндегі тағайындалған 2 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру туралы жазаны алып тастады
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша Адвокат Заңгер Алматы қаласында Сот құқық бұзушыға қатысты әкімшілік жаза ретінде айыппұл салған жағдайда, оған көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындауға жол берілмейді
108 рет жүктеп алынды -

115 рет жүктеп алынды