Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 81-бабына түсініктеме. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 81-бабына түсініктеме. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 81-бабына түсініктеме. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері

1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері мыналар болып табылады:

2) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

3) айыппұл;

4) түзеу жұмыстары;

5) қоғамдық жұмыстарға тарту;

6) бас бостандығын шектеу;

7) бас бостандығынан айыру.

2. Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру кәмелетке толмағандарға бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

3. Айыппұл сотталған кәмелетке толмаған адамның дербес табысы немесе өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл бес айлық есептік көрсеткіштен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тағайындалады.

4. Түзеу жұмыстары дербес табысы немесе өзге де тұрақты кірісі бар кәмелетке толмағандарға бес айлық есептік көрсеткіштен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тағайындалады.

5. Қоғамдық жұмыстарға тарту он сағаттан жетпіс бес сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады, кәмелетке толмаған адамның шамасы келетін жұмыстарды орындаудан тұрады және оны оқуынан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында орындайды. Он алты жасқа дейінгі адамдардың осы жаза түрін орындау ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауға тиіс.

6. Бас бостандығын шектеу кәмелетке толмағандарға екі жылға дейінгі мерзімге, ал бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеумен ауыстырған жағдайда — жазаның өтелмеген қалған бөлігінің бүкіл мерзіміне тағайындалады.

7. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын мерзімге, ал ауырлататын мән-жайлар кезінде жасалған адам өлтіру немесе терроризм актісі үшін не олардың біреуі ауырлататын мән-жайлар кезінде жасалған адам өлтіру немесе терроризм актісі болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша — он екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалуы мүмкін. Қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

8. Бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандар жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейді.

9. 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 58-VI ҚР Заңымен алып тасталған.

Сот жазаны орындайтын органға кәмелетке толмаған сотталған адаммен қарым-қатынас жасау кезінде оның жеке басының белгілі бір ерекшеліктерін ескеру туралы нұсқау бере алады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жас ерекшеліктері Қылмыстық кодексте тек қылмыстық құқық бұзушылықтардың шеңберінде ғана емес, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қолданылатын жазалар жүйесінде де көрініс тапқан.

ҚК-де тек кәмелетке толмағандарға ғана қолданылатын ерекше жаза түрлері көзделмеген. Алайда ҚК-нің Жалпы бөлігінде (ҚК-нің 40-бабы) көзделген жаза түрлерінің барлығы бірдей кәмелетке толмағандарға қолданылмайды.

Түсіндіріліп отырған бапта заң шығарушы кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерінің толық тізбесін белгілеген. Ересек адамдарға тағайындалатын ҚК-нің 40-бабында көзделген негізгі жеті жаза түрінің ішінен кәмелетке толмағандарға тек бесеуі, ал қосымша төрт жаза түрінің ішінен біреуі ғана қолданылуы мүмкін. Қамауға алу, өлім жазасы, мүлікті тәркілеу, арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру, белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру, Қазақстан Республикасының шегінен шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шығарып жіберу сияқты жаза түрлері кәмелетке толмағандарға олардың әлеуметтік жағдайына байланысты немесе жекелеген жаза түрлерінің шамадан тыс қатаңдығына орай тағайындалмайды. Мұндай тәсіл кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың ерекшеліктерімен, кәмелетке толмаған қылмыскерлерге қатысты жазаның мақсаттарымен, сондай-ақ олардың қоғам өміріндегі өз рөлін әлі толық түсіне бермейтіндігімен негізделеді.

Кәмелетке толмағандарға өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалар тағайындалмайды, өйткені олар халықаралық құқықта танылған баланың құқықтарын бұзады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1989 жылғы 20 қарашада қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес, бірде-бір бала азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас түрлеріне немесе жазаға ұшыратылмауға тиіс. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға өлім жазасы да, босатылу мүмкіндігін көздемейтін өмір бойына бас бостандығынан айыру да тағайындалмайды.

ҚК-де көрсетілген жаза түрлерін кәмелетке толмағандарға қолданудың өзіндік ерекшеліктері көрініс тапқан. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлеріндегі жазалау элементтері ересек адамдарға қолданылатын осындай жаза түрлерінің жазалау мазмұнымен салыстырғанда едәуір әлсіретілген.

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалар тізбесі белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасынан басталады. Айта кету керек, ҚК-нің 40-бабында көзделген жаза түрлерінің ішінде бірінші орында ең жеңіл жаза түрі ретінде айыппұл тұр. Сонымен қатар, ҚК-нің 40-бабы 3-бөлігінің 3) тармағына сәйкес, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру қосымша жаза ретінде көзделген. Кәмелетке толмағандарға осы тыйымның бір түрі ғана, яғни негізгі жаза түрі ретінде белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалуы мүмкін.

Түсіндіріліп отырған баптың екінші бөлігіне сәйкес, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру кәмелетке толмағандарға бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Ересек адамдарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан он жылға дейінгі мерзімге тағайындалады (ҚК-нің 50-бабының 2-бөлігі).

Сотталған адамды белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімі тиісті қызмет түрімен айналысуға берілген рұқсатты қайтарып алуға құзыретті органдар үшін міндетті болып табылады. Аталған органдар ҚАК-нің 76-бабының 2-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімінің көшірмесін, пробация қызметінің хабарламасын алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей сотталған адамға тыйым салынған қызмет түрімен айналысуға берілген рұқсатты қайтарып алуға, осы адамға көрсетілген қызмет түрімен айналысу құқығын беретін тиісті құжатты алып қоюға және бұл туралы пробация қызметіне хабарлама жіберуге міндетті.

Белгілі бір қызметпен айналысуға берілген рұқсатты қайтарып алуға құзыретті органдардың лауазымды адамдары соттың белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы үкімін орындамағаны үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады (ҚАК-нің 76-бабының 3-бөлігі).

Кәмелетке толмаған адамды өзі айналысқан және қылмыс жасауына ықпал еткен қызметпен айналысу құқығынан айыру орынды болып табылады. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған адамды белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етуге және оның кәсіби дамуына кедергі келтірмеуге тиіс.

Сот үкімімен белгіленген тыйым кәмелетке толмаған адам мемлекеттік ұйымдарда кәсіби қызметпен айналысқан жағдайларда ғана емес, сонымен бірге мұны жеке тәртіппен, жеке меншік нысанындағы ұйымдарда жүзеге асырған кезде де қолданылады. Мысалы, автокөлік құралдарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салу оған үкімде көрсетілген бүкіл мерзім ішінде жалпы автокөлік құралдарын жөндеуге немесе оларға қызмет көрсетуге байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынатынын білдіреді. Мемлекеттік кәсіпорында автомобильдерді жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі слесарь лауазымынан сот үкімі негізінде жұмыстан босатылған мұндай адам жеке меншік нысанындағы кәсіпорында да автокөлік құралдарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты лауазымға қабылдана алмайды.

Түсіндіріліп отырған баптың үшінші бөлігіне сәйкес, айыппұл сотталған кәмелетке толмаған адамның дербес табысы немесе өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл — қылмыстық заңнамада көзделген шектерде тағайындалатын, мемлекет кірісіне өндіріп алынатын ақшалай жаза.

Айыппұл жаза түрі ретінде сотталған адам үшін материалдық салдарға әкеп соғады, сондықтан оның мөлшерін әрбір нақты жағдайда сот қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығын, сотталған адамның мүліктік және отбасылық жағдайын, оның жалақы немесе өзге де табыс алу мүмкіндігін ескере отырып айқындайды (ҚК-нің 41-бабының 3-бөлігі).

Кәмелетке толмағандарға қатысты айыппұл мөлшері едәуір төмендетілген. Егер қылмыстық теріс қылықтар үшін сотталған ересек адамдарға айыппұл жиырма айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ал қылмыстар үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде не еселенген мөлшерде белгіленсе (ҚК-нің 41-бабының 2-бөлігі), сотталған кәмелетке толмағандарға ол бес айлық есептік көрсеткіштен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тағайындалады. Бұл ретте айыппұл сотталған кәмелетке толмаған адамның дербес табысы немесе өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады.

Айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртібі ҚАК-нің 10-тарауымен реттеледі.

Түсіндіріліп отырған баптың төртінші бөлігіне сәйкес, түзеу жұмыстары дербес табысы немесе өзге де тұрақты кірісі бар кәмелетке толмағандарға бес айлық есептік көрсеткіштен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тағайындалады. Түзеу жұмыстарын тағайындау кезінде сот олардың мөлшерін қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығын, сотталған адамның мүліктік және отбасылық жағдайын ескере отырып айқындайды. Бұл көрсеткіштер айыппұл тағайындау кезіндегі көрсеткіштермен бірдей. Қылмыстық теріс қылықтар жасағаны үшін сотталған ересек адамдарға түзеу жұмыстары жиырма айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, ал қылмыстар үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде белгіленеді.

Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау тәртібі ҚАК-нің 11-тарауымен реттеледі.

Заң шығарушы кәмелетке толмағандарды қоғамдық жұмыстарды орындауға тарту тәртібін егжей-тегжейлі айқындаған. Түсіндіріліп отырған баптың бесінші бөлігіне сәйкес, қоғамдық жұмыстарға тарту он сағаттан жетпіс бес сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады және кәмелетке толмаған адамның шамасы келетін жұмыстарды орындаудан тұрады, оны кәмелетке толмаған адам оқуынан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында орындайды. Он алты жасқа дейінгі адамдардың осы жаза түрін орындау ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауға тиіс. ҚК-нің 43-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ересек адамдарға қоғамдық жұмыстар қылмыстық теріс қылықтар үшін жиырма сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге, ал онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін екі жүз сағаттан бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамды оларды орындау уақытына негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерін атқарудан босату арқылы не оқуынан бос уақытында күніне төрт сағаттан аспайтын мерзімге орындалады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау тәртібі ҚАК-нің 12-тарауымен реттеледі.

Бас бостандығын шектеу сотталған кәмелетке толмағандарға негізгі жаза ретінде тағайындалады. Ол қосымша жаза ретінде қолданылмайды. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны кәмелетке толмаған адам сот белгілеген міндеттерді орындай отырып, қоғамнан оқшауланбай, тұрғылықты жері бойынша өтейді (ҚК-нің 44-бабының 2-бөлігі).

Түсіндіріліп отырған баптың алтыншы бөлігіне сәйкес, бас бостандығын шектеу кәмелетке толмағандарға екі жылға дейінгі мерзімге, ал бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеумен ауыстырған жағдайда — жазаның өтелмеген қалған бөлігінің бүкіл мерзіміне тағайындалады.

Бас бостандығын шектеуді тағайындау кезінде сот сотталған кәмелетке толмаған адамға бір немесе бірнеше міндет жүктейді: сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етпей, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқу орнын өзгертпеу; белгілі бір орындарға бармау; оқудан және жұмыстан бос уақытында тұрғылықты жерінен кетпеу; пробация қызметінің рұқсатынсыз басқа жерлерге бармау. Сот кәмелетке толмаған адамға оның түзелуіне ықпал ететін басқа да міндеттер жүктей алады. Ересек адамдарға қатысты бас бостандығын шектеу сотталған адамға алты айдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден және жазасын өтеу мерзімінің бүкіл кезеңінде жыл сайын жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартудан тұрады.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны орындау ҚАК-нің 13-тарауымен реттеледі.

Кәмелетке толмағандарға қолданылатын ең қатаң жаза түрі — бас бостандығынан айыру. Кәмелетке толмағандарға қолданылатын осы жаза түрінің өзіндік ерекшеліктері жазаның мерзімдерінен көрінеді.

Түсіндіріліп отырған баптың жетінші бөлігінде заң шығарушы кәмелетке толмағандарға осы жаза түрін тағайындау қағидаларын айқындаған: кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін ең жоғары мерзім — 10 жыл, ал ауырлататын мән-жайлар кезінде жасалған адам өлтіру немесе терроризм актісі үшін не олардың біреуі ауырлататын мән-жайлар кезінде жасалған адам өлтіру немесе терроризм актісі болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша — 12 жыл болып белгіленген. Қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды. Бұл ретте бір қылмыс үшін де, қылмыстар жиынтығы және үкімдер жиынтығы бойынша да бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жылдан аспауға тиіс.

Кәмелетке толмағандарға көрсетілген мерзімнен асатын, 12 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тек ауырлататын мән-жайлар кезінде жасалған адам өлтіргені немесе терроризм актісі үшін ғана тағайындалуы мүмкін. Бұл жағдайда қылмыстар жиынтығы және үкімдер жиынтығы бойынша тағайындалған бас бостандығынан айыру мерзімі ауырлататын мән-жайлар кезінде жасалған адам өлтіру үшін тағайындалған мерзімнен, яғни 12 жылдан аспауға тиіс.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 9-тармағына сәйкес, кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау мәселесін талқылау кезінде соттар оларға ҚК-нің 81-бабында көрсетілген қылмыстық жаза түрлері ғана қолданылуы мүмкін екенін, ал олардың мерзімдері мен мөлшері осы бапта белгіленген шектерден аспауға тиіс екенін назарға алуы қажет. Бұл ретте ҚК-нің 82 және 83-баптарында көрсетілген мән-жайлар қосымша ескеріліп, әрбір нақты жағдайда істің мән-жайлары мен кәмелетке толмаған адамның жеке басын ескере отырып, оған тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігі талқылануға тиіс.

Егер кәмелетке толмаған адамға ҚК-нің 56-бабының 2, 3-бөліктерінде көзделген қағидалар ескеріле отырып, бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалса, неғұрлым қатаң жаза түрінің мерзімінің немесе мөлшерінің жартысы немесе төрттен үш бөлігі тиісінше кәмелетке толмаған адамға аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін тағайындалуы мүмкін он немесе он екі жыл бас бостандығынан айыру мерзімінен есептелуге тиіс. Кәмелетке толмаған адамға ҚК-нің 55-бабының 2 немесе 3-бөліктерінің талаптары бойынша жаза тағайындау кезінде де жазаның мерзімдерін есептеудің осындай қағидалары ескерілуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен өзге де қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту туралы істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысында сот кәмелетке толмаған адамға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны оның қоғамнан оқшауланбай түзелуі және қайта тәрбиеленуі мүмкін болмаған жағдайда ғана тағайындау туралы шешім қабылдауға құқылы екені және қабылданған шешімнің себептері үкімде көрсетілуге тиіс екені айтылған.

Егер адам бірнеше қылмыс жасаса, олардың бір бөлігі он сегіз жасқа толғанға дейін, ал басқалары кәмелетке толғаннан кейін жасалған болса, сот қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде алдымен ҚК-нің 81-бабының талаптарын ескере отырып, он сегіз жасқа толғанға дейін жасалған қылмыстар үшін жаза тағайындауға, содан кейін кәмелетке толғаннан кейін жасалған қылмыстар үшін жаза тағайындауға және түпкілікті жазаны ҚК-нің 58-бабының қағидалары бойынша айқындауға тиіс.

ҚК-нің 81-бабының 1-бөлігінің мазмұнынан он сегіз жасқа толмаған кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға мүлікті тәркілеу түріндегі қосымша жаза қолданылмайтыны туындайды. Егер ҚР ҚК-нің Ерекше бөлігіндегі баптың санкциясында мүлікті тәркілеу міндетті қосымша жаза ретінде көзделсе, соттар оны қолданбау себептерін үкімде ҚК-нің 81-бабына сілтеме жасай отырып негіздеуге тиіс.

ҚК-нің 46-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бас бостандығынан айыру сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жіберу арқылы қоғамнан оқшаулаудан тұрады.

Бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмағандарды қорғауға қатысты БҰҰ қағидаларында «...кәмелетке толмаған адамды түзеу мекемесіне қамау әрдайым ең соңғы шара ретінде және ең аз қажетті уақыт кезеңі ішінде ғана қолданылуға тиіс» деп көрсетілген.

ҚК-нің 81-бабының 8-бөлігінде кәмелетке толмаған сотталғандар бас бостандығынан айыру жазасын өтейтін қылмыстық-атқару мекемесінің түрі — кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі айқындалған.

Кәмелетке толмаған сотталғандардың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу ерекшеліктері ҚАК-нің 24-тарауымен реттеледі.

Кәмелетке толмаған адамның психикасы мен физикалық жай-күйінің ерекшеліктерін ескере отырып, сот түсіндіріліп отырған баптың 10-бөлігіне сәйкес, жазаны орындайтын органға кәмелетке толмаған сотталған адаммен қарым-қатынас жасау кезінде оның жеке басының белгілі бір ерекшеліктерін ескеру туралы нұсқау бере алады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты бұрын келтірілген нормативтік қаулысының 32-тармағында соттарға кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істерді қарауды неғұрлым тәжірибелі, білікті судьяларға тапсыруды, қажет болған жағдайларда кәмелетке толмаған адамға қатысты істі жеке өндіріске бөліп шығару және сот талқылауының жариялылығын шектеу мәселелерін шешуді; шартты түрде соттау және бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау не тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде бұл туралы мамандандырылған мемлекеттік органға хабарлама жіберіп, оған сотталған адамның мінез-құлқын бақылау міндетін жүктеуді ұсынады.

ҚР ҚК-нің 81-бабына берілген түсініктемені қорытындылай келе, заң шығарушының назарын мынадай мән-жайға аударғым келеді.

ҚК-нің 81-бабының жетінші бөлігіне сәйкес, қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды. Демек, осы қылмыстық-құқықтық норманы сөзбе-сөз және логикалық тұрғыдан түсіндіру нәтижесінде жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауырлығы орташа қылмыс жасалған жағдайда бас бостандығынан айыруды тағайындауға жол беріледі деген қорытынды жасауға болады. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: жәбірленушінің өліміне әкеп соққан орташа ауырлықтағы зиян келтірген адамға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға жол беріле ме? Мысалы, оның тергеу мен соттан жасырынуына негіздер бар немесе ол қылмысты алғаш рет жасамаған деп пайымдауға негіздер болса.

Мұндай жағдайларда күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға кедергі келтіретін құқықтық негіздер болмауға тиіс деп есептеймін. Сонымен бірге, ҚПК-нің 541-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған кәмелетке толмағандарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмайды.

Менің пайымдауларымда орынды тұжырым бар ма, жоқ па — бұл мәселені заң шығарушының талқылауына ұсынамын.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, авторы — Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар

79-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері

79-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері 1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалард...

Толық оқу »

81-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

81-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi: 1) белгiл...

Толық оқу »

39-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазалау түрлері

39-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазалау түрлері 1. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар қолданыл...

Толық оқу »

67-бап. Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

67-бап. Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Осы Кодекстiң 56 және 57-баптарында көзделг...

Толық оқу »

151-бап. Еңбекке жарамды ағалары мен апаларының өздерінің кәмелетке толмаған туған інілері (қарындастары)мен сіңлілерін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

151-бап. Еңбекке жарамды ағалары мен апаларының өздерінің кәмелетке толмаған туған інілері (қарындастары)мен сіңлілерін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері Неке (ерлі-зайыптылық)...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандарға қатысты жеке айыптау шағымын қабылдаудан негізсіз бас тарту

Кәмелетке толмағандарға қатысты жеке айыптау шағымын қабылдаудан негізсіз бас тарту"Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша сот практикасы және оларды қылмыст...

Толық оқу »

206-бап. Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

206-бап. Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он т...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағанның атынан жасалатын мәмілелерге қамқоршылық және қорғаншылық органдарының келісімі

Кәмелетке толмағанның атынан жасалатын мәмілелерге қамқоршылық және қорғаншылық органдарының келісімі📘 1. Норманың жалпы талдауыҚазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 24...

Толық оқу »

19-1-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы

19-1-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларыКәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықт...

Толық оқу »

Ата аналардың іс әрекеттерінде қылмыс белгілері бар кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді дәлелсіз себептермен орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады

Ата аналардың іс әрекеттерінде қылмыс белгілері бар кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді дәлелсіз себептермен орындамауы жауаптылыққа әкеп с...

Толық оқу »

307-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу Кодексінің Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сотталатын қылмыстық істер

307-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу Кодексінің Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сотталатын қылмысты...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттердің алынбаған сомасын өндіріп алу туралы талап қою

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттердің алынбаған сомасын өндіріп алу туралы талап қоюНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған баланы кәмелетке толғанға дейін асырауға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығының күшін жою туралы сотқа арыз

Кәмелетке толмаған баланы кәмелетке толғанға дейін асырауға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығының күшін жою туралы сотқа арызНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттердің алынбаған сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттердің алынбаған сомасын өндіріп алу туралы сотқа талапТалапкер: А. Г. (С. Г. А.)ЖСН ..Алматы қ., с. даңғ., 547/1 үй,183 пәте...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы мектеп-гимназияға өтініш

Кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы мектеп-гимназияға өтініш№94 мектеп-гимназиясы КММ. БекханГагарин даңғы...

Толық оқу »

30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері  Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі м...

Толық оқу »

127-1-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

127-1-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республ...

Толық оқу »

Өткен кезең үшін кәмелетке толмаған баланы күтіп-ұстауға алиментті өндіріп алу туралы

Өткен кезең үшін кәмелетке толмаған баланы күтіп-ұстауға алиментті өндіріп алу туралыШығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық соты М.Е. К-ның С.С.К-қа қатысты өткен кезең үшін к...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған ұлымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуге және келісімді ресімдемей азаматтығын өзгертуге рұқсат беру туралы

Кәмелетке толмаған ұлымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуге және келісімді ресімдемей азаматтығын өзгертуге рұқсат беру туралыҚазақстан Ре...

Толық оқу »

14-бап. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдары  Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы

14-бап. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарыКәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алды...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар  1-тарау. Жалпы ережелер Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 1-тарау. Жалпы ережелерКәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және п...

Толық оқу »

Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) әрекет қабілеттілігі

Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) әрекет қабілеттілігі🔷 I. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексі-нің 23-бабы 14 жасқа толм...

Толық оқу »