Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 64-бабы. Шартты түрде соттаудың күшін жою немесе сынақ мерзімін ұзарту туралы бапқа түсініктеме
1. Егер шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі аяқталғанға дейін өзінің мінез-құлқымен түзелгенін дәлелдесе, шартты түрде сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынуы бойынша сот шартты түрде соттаудың күшін жою және сотталған адамның соттылығын алып тастау туралы қаулы шығара алады. Бұл ретте шартты түрде соттау белгіленген сынақ мерзімінің кемінде жартысы өткеннен кейін ғана жойылуы мүмкін.
2. Егер шартты түрде сотталған адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін оған әкімшілік жаза қолданылса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген органның ұсынуы бойынша сот сынақ мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір жылдан аспауға тиіс.
3. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде және қаскөйлікпен бұзған жағдайда не шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген органның ұсынуы бойынша сот шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы шығарады.
4. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде абайсызда қылмыс жасаған немесе қасақана ауырлығы аз қылмыс жасаған жағдайда, шартты түрде соттаудың күшін жою немесе оны сақтап қалу туралы мәселені сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде шешеді.
5. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде қасақана орташа ауырлықтағы, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда, сот шартты түрде соттаудың күшін жояды және оған осы Кодекстің 60-бабында көзделген қағидалар бойынша жаза тағайындайды. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда да жаза дәл осы қағидалар бойынша тағайындалады.
Түсіндіріліп отырған норма сотталған адамға қатысты шартты түрде соттаудың күшін жоюға байланысты мәселелерді реттейді.
Шартты түрде соттаудың күшін жою және соттылықты алып тастау туралы мәселені шешу үшін бірнеше мән-жайды ескеру қажет. Бұл мән-жайлар шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі аяқталғанға дейін өзінің мінез-құлқымен түзелгенін дәлелдеген жағдайда орын алады. Бұл ретте шартты түрде соттаудың күшін жою және соттылықты алып тастау туралы мәселелерді шартты түрде сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынуы бойынша сот шешеді. Осы уақытта шартты түрде соттаудың күшін жою және сотталған адамның соттылығын алып тастау туралы мәселе де қойылуы мүмкін.
Алайда мұндай оң нәтижелер белгіленген сынақ мерзімінің кемінде жартысы өткен жағдайда ғана туындайды.
Заңда сотталған адам үшін тек оң ғана емес, сонымен қатар теріс сипаттағы мән-жайлар да айқындалған. Оларға шартты түрде сотталған адамның қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін оған әкімшілік жаза қолданылған жағдайлар жатады. Бұл жағдайда шартты түрде сотталған адамның сынақ мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ бір жылдан аспауға тиіс. Бұл мәселені шартты түрде сотталған адамдарға бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынуы бойынша сот шешеді.
Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде және қаскөйлікпен бұзған жағдайда не шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген органның ұсынуы бойынша сот шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы шығарады. Қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде бұзу деп осындай әрекеттерді үш және одан да көп рет жасауды түсіну керек. Жүйелілік қаскөйліктің белгілерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64-бабының 5-бөлігіне сәйкес, шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде абайсызда қылмыс жасаған немесе қасақана ауырлығы аз қылмыс жасаған жағдайда, шартты түрде соттаудың күшін жою немесе оны сақтап қалу туралы мәселені сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде шешеді. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде қасақана орташа ауырлықтағы, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда, сот шартты түрде соттаудың күшін жояды және оған осы Кодекстің 60-бабында көзделген қағидалар бойынша жаза тағайындайды. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда да жаза дәл осы қағидалар бойынша тағайындалады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2007 жылғы түсініктеме. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі И.Ш. Борчашвили.
Актінің өзгертілген күні: 02.08.2007Актінің қабылданған күні: 02.08.2007Қабылданған жері: ЖОҚАктіні қабылдаған орган: 180000000000Қолданылу өңірі: 100000000000Нормашығармашылық орган берген нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі: 167Актінің мәртебесі: newҚұқықтық қатынастар саласы: 028000000000Актінің нысаны: КОММЗаңдық күші: 1900Актінің тілі: орыс тілі
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау